Усть-Каменогорск
малооблачно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +11°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қазылған жолдар күршімдіктердің мазасын қашырды

Күршімде су да тартылмады, жол да жасалмады

Ауыл тұрғындарының жағдайын жасап, су құбырларын тартуды әкімдіктер қолға алғанымен, іске келгенде жолдар қазылып, жұмыс аяқсыз қалды. Ауызсу тартылуы керек ауылдардың көбінде осындай мәселе орын алып жатыр. Бүгінде Күршім ауданындағы Маралды және Барақ батыр ауылының тұрғындары қазылған жолдардың қасіретін көріп отыр. 

Күршім ауданы Барақ батыр ауылындағы су құбыры желісінің құрылыс жұмыстары жоба бойынша 2020-2021 жылдары іске асыруға жоспарланған. Жөндеу жұмыстарына былтыр қаражат бөлініп, жолдар қазылды, сонымен қаражат таусылды. 
- Су құбырларын салу жұмыстарына облыстық бюджеттен 2020 жылы 134 100,0 мың теңге қаражат қарастырылды. 2021 жылға республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінген жоқ, - дейді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов.
Енді Барақ батыр көшесі қай уақытта, қалай жөнделетіні, ауылдықтар қазылған жолдармен қанша жыл алысатыны белгісіз. 
- Бұрын нашар болса да, көшеде жол бар еді. Қазір сол жолға зар болып отырмыз, - дейді ауыл тұрғыны Аида Елшібаева.
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2020 жылы бас мердігер ретінде "QazConstructions" ЖШС атқарған екен. Алайда облыс бойынша аудан аралық экономикалық соттың шешіміне сәйкес, құрылыс бөлімі мен "QazConstructions" ЖШС арасында жасалған келісімшарты жарамсыз деп танылып, "QazConstructions" ЖШС-мен жасалған келісімшарт бір жақты бұзылған. 

Маралды ауылының тұрғындары да тура осындай жағдайды бастан кешіруде. Дегенмен олардың мердігер компаниялары жұмысты тоқтатқан жоқ. Жергілікті әкімдік берген ақпаратқа сенсек, биыл бұл жұмыстар аяқталуы керек. 

Маралды ауылындағы су құбырларын салу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттен жалпы 399 438,99 мың теңге қаражат қарастырылған. Қаражат бөлініп, мердігер компания анықталғанымен, жұмыс қарқыны ақсап тұр. 
- Маралды ауылында көшенің барлығы неше ай бойы қазылған қалпы жатыр, жылға сұға толады, енді неше ай тосамыз, "бітіреді" деп айтылған уақытынан баяғыда асып кетіп жатыр, - дейді ашулы ауыл тұрғындары.
Алайда жергілікті әкімдіктегілер жағдайдың бақылауда екенін алға тартады. 
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бас мердігер ұйым "Alians XXI" ЖШС атқаруда. Мердігер ұйым бүгінгі күні өз жұмыстарын өндірістік жұмыс жоспарына сәйкес жүргізуде. Мердігер ұйым су құбыр желілері салынып жатқан ауыл ішіндегі жол жиектерін уақтылы тығыздау жұмыстарын жүргізіп, түзетуде. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары құрылыс бөлімі тарапынан күнделікті қатаң бақылануда. Өндірістік жоспарға сәйкес 2021 жылға 100 м3 екі таза су жинау қондырғысын салу, 1 және 2 насостық станцияларын салу, 7,8 шақырым су құбыр желісін тарту жұмыстары жүргізіледі, - деп түсіндірді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов.
2021 жылдың 6 мамырында Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Акрамов және осы бөлімнің мамандары жөндеу жұмыстарына тексеріс жүргізген екен. Осы кезде мердігер ұйым өз тарапына кемшіліктерді жоюға қатысты ескерту де алыпты. 

Мердігер ұйымның тарапынан аталған кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Күршім ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Тельманұлының сөзіне сенсек, 2021 жылы Маралды ауылы, 2022 жылы Барақ батыр, Алғабас ауылдары, 2023 жылы Төсқайың ауылы таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі, Балықтыбұлақ ауылында адам саны 50-ден аспағандықтан, су құбыры желісінің құрылысын жоспарлау тиімсіз екен. 

Қазіргі уақытта аудандағы 39 елдімекен немесе ауылдардың 88,6%-ына орталықтандырылған су тартылған.

Следующая →