Аягөзде артиллеристер жиыны басталды
Аягөз гарнизонының артиллериялық әскери бөлімімен "Майлин" далалық оқу-жаттығу полигонында зымыран әскерлері мен артиллерияның бір айлық лагерьлік жиыны басталды
Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың жауынгерлік жоспарына сәйкес лагерьлік жиынды өткізу ауданына бөлімшелер алдымен дабыл бойынша көтеріліп, келесіде өздеріне бекітілген ұрыс техникаларымен марш жасады.
Жиынға жалпы саны 500-ге жуық әскери қызметші қатысса, оның ішінде 150-ге жуығы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер.
Лагерьлік жиын тамыз айының соңында дейін жалғасады.
Следующая →
Жиынға жалпы саны 500-ге жуық әскери қызметші қатысса, оның ішінде 150-ге жуығы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер.
- Жалпы жиын барысында әскери қызметшілер санитарлық талаптарды сақтай отырып заңсыз қарулы құрамаларды жою жөніндегі арнайы операцияларды жүргізу, артиллериялық бөлімшелердің техникасы мен қару-жарағын жауынгерлік міндеттерді орындау үшін әзірлікке келтіру кезеңінде артиллериялық бөлімшелерді қорғаныс және шабуылдау ұрысында жауынгерлік қолдану мәселелерін пысықтайды. Сонымен қатар, батареялар мен дивизиондардың командирлері шартты қарсыласқа қарсы күрестің міндеттерін пысықтайды, барлаудың қазіргі заманғы кешендерін пайдалана отырып, артиллериялық бөлімшелердің атысын басқару жөнінде шешімдер қабылдайтын болады, - деп хабарлады Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.
Лагерьлік жиын тамыз айының соңында дейін жалғасады.