Тарбағатай ауылдық округінде 116 шаруа қожалығы бар
Былтырға дейін аудан орталығынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан Тарбағатай ауылына жету бір мұң болатын. Жол деген аты ғана болмаса, ойдым-ойдым болып ойылып кеткен тас жолмен ешкім де жүрмейтін, керісінше өздері жанамалап жасап алған қара жолды қолай көріп келген
Былтыр облыс басшысы Даниал Ахметов өз көзімен көріп кеткеннен кейін, келер жылы қаражат бөлетінін айтып жұртты қуантқан. Алайда бұған дейін әбден уәде мен сырғытпа жауаптан запы болған мұндағы халық аса елең етпеген. Дей тұрғанмен, жаз шыға Тарбағатай жолының маңайында абыр-сабыр қызу тіршілік басталып кетіп еді. Енді, міне, жол қаладан шыға шоқалақтай бастап, бірер шақырымнан кейін тақтайдай қара асфальтқа ұласыпты. Суық түскенше жол толығымен аяқталады деп сенуге болады.
Негізінде Тарбағатай ауы-лынан ат жалын тартып мінген атпал азаматтар көптеп шыққан. Мәселен, жазушы Ерғазы Рахимов пен інісі әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимов, әнші Клара Төленбаева, ақын Серікзат Дүйсенғазин, жазушы-журналист Ғабдол-Ғазиз Есембаев, композитор, ақын, драматург Қанат Жүнісов... бұлардың бәрі де кіндік қаны тамған туған ауылдарына жиі болмаса да ат басын бұрып, аунап-қунап кетіп жатады. Қазір халықтың жағдайы Аллаға шүкір, жаман емес. Аста-төк болмаса да бәрі бар, не ішем, не жеймін дейтін емес. Ал жалпы Тарбағатай ауылдық округінде 116 шаруа қожалығы бар көрінеді. Бәрі де мал өсірумен айналысады, мемлекеттік бағдарламалар арқылы тиісті жеңілдіктерін алып, ақтылы қойы мен ірі қарасын өсіріп келеді. Соның ішінде "Еламан" шаруа қожалығын Талғат Момышов деген азамат басқарады екен. Ағайынды жігіттердің бәрі де Советқазы Момышов деген ең үлкендеріне бағынатыны байқалды. Істің жөнін білетін Советқазы шаруашылыққа тиесілі мал мен жанға иелік етіп шашау шығармай келеді екен....
Ауыл орталығынан 25 шақырым жердегі Сыдық қорасы деген жерде отырған "Еламан" шаруа қожалығы отырған қыстамаға келгенімізде бесін ауып кеткен. Терең шаттың желке тұсындағы бес бөлмелі үй, жаздық ас үй, іші заманауи үлгіде кафельденіп жасалған монша - бәрі де қожалық иесінің ұсынықтылығын аңғартқандай.
Следующая →

- 1995 жылы құрылған "Еламанда" қазір 6000 гектар жері бар, оның 500 гектары шабындық, 220 гектары егістік жерлер. 500-дей Қамбар ата түлігі, 200-ден астам ірі қара, 700-дей қойымыз бар. Осы маңайымыздағы Айбас шаты мен Бөрілі тау, Түлкілі, Ақшәулі тауларының ортасында мал өсіріп жатқан жайымыз бар. Алғаш 1995 жылы қарақолдық жылқышы Советқали Өтепов ағамыздан 20 бас байтал сатып алдым. Содан өскен жануарлар ғой. Советқали ағадан жылқыны бағып-қағудың қыр-сырына көп қанықтым. Ол кісіні мен үнемі өзіме ұстаз тұтамын. Жылқыны бір кісідей білетін өте сұңғыла адам ғой ол кісі, - дейді жасы елудің үстіне шыққан Советқазы Момышов.Шынында да Советқазы басқарып келе жатқан "Еламан" шаруа қожалығы былтырдан бері бір МТЗ-32, екі МТЗ-82 тракторын қосымша шөп шабатын, шөп тайлайтын тіркемелерімен лизинг арқылы алыпты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама арқылы алған 9 млн теңгеге ірі қара сатып алған. Байқағанымыз: Тарбағатайдың қойнауында жатқан бұлардың малдары қоңды, жоталары тақтайдай көрінді. Жылқы ішін бізге аралатып көрсетіп жүрген Советқазы тым атқұмар екен. Зор денесімен әбжіл қимылдап, жайлаудан кеше түскен жылқыны жаяулап қайыра бастады. Өзі әр жылқыны қолымен көрсетіп, самбырлап жүр:
- Анау желкесі күжірейген қара айғырдың үйірі, мына айғырдың аты "Көкжал", мына біреуін "Манеза" деп атаймыз, "Қанағат", "Бақторы", "Сұлу қара", "Аспанкөк", "Сұркөжек". Паһ! Өздері де жайлаудан жұтынып-ақ келген екен жануарларым. Дегенмен, енді бұдан да семіреді. Жайлаудың шөбі сілікпе болады..., - деп айғырларды Ресейден, Бородулиха ауданынан, Марқакөл жақтан әкелгенін айтып сөйлеп жүр. - Біздің жақтың құты да, жұты да жел ғой.Сыдық қорасында отырған қойшы Тұрсынғали Қойшыбаев, жылқышы Мұрат Әлжанов, сиыршы Аманкелді Дәулетқұлов, шаруа басында жүрген Самат Исаев, Қазбек Бошаевтар мал басын өсіруде ерен еңбек етуде. Сәкеңнің өз бауырлары Мұрат, Бауыржан, Самат, Гүлжанаттар бірі трактор рөліне отырып шөп шабуға көмектессе, бірі оны жинасып, бірі олардың ас-суын әзірлеп тыным көрмейді. Бәрі де Советқазы ағаларының айтқанынан шықпай оның тапсырған ісін тап-тұйнақтай қылады екен.