Усть-Каменогорск
пасмурно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Елдегі ең үлкен Катонқарағай ұлттық саябағының құрылғанына - 20 жыл

Саябақ қызметкерлерінің жалақысы мардымсыз екені рас па?

Шығыс Қазақстан - Тәңір Тағаланың тарту қылып бере салған тамаша табиғаты, қараса көз тоймайтын сұлулығы бар, түгін тартсаң майы шығатын, шыбық қадасаң жайқалып орман болатын, тау-тасының шетін тырнап қалсаң қазба байлығы ақтарылатын шұрайлы өлке. Жерінің бетіндегі жота-таулары мен өзен-көлдерінің өзі жақұт-гауһардай көрікті емес пе?! Қазақстанның алғашқы президенті "шығыс өңірі – еліміздің інжу-маржаны, алтын тәжі" деген баға берген еді.

Қазақтың байтақ даласында ерекше қорғауға алынған аумақтар мен жан-жануарлар, өсімдіктер өте көп. Табиғат байлығын сақтау мақсатында қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылған. Биыл еліміздегі ең үлкен мемлекеттік ұлттық саябақ саналатын Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінің құрылғанына 20 жыл толған екен. Аталмыш саябақ – 2001 жылы құрылған. Ауданы 643 744 гектар. Оның 215 мың гектары орманды алқап. Ағаштың қоры – 24 мың шаршы метр. Қорықтың аймағы – 151 мың гектарды қамтиды. Саябақтың пайдаланылатын аумағы – 492 мың гектар.

РЕПОРТАЖ - беттегі фотоларды автор ұсынды (2).jpg


 Алтайдың флорасы мен фаунасы өте бай




Әлемнің физикалық картасын қолымызға алып қарасақ, жер бетінің 1/3%-ын қылқан жапырақты орманды ландшафт алып жатыр. Жиырма жыл бұрын негізі қаланған ұлттық табиғи саябақ – негізінен Алтай тауы жоталарын қамтиды. Теңіз деңгейінен 4506 метр биіктікте орналасқан Мұзтау шыңы - Сібір мен Алтайдың ең биік нүктесі саналады. Оңтүстік Алтай тауының ең биік нүктесі Жаңғыртау - 3871 метр болса, Тарбағатайдың Хрусталды тауы - 3094 метр және Сарымсақты жотасындағы Бүркітауыл тауы - 3373 метрде орналасқан.

Саябақ жері табиғат және мәдениет ескерткіштеріне бай. Тархан геологиялық қимасы, Рахман қайнар бұлақтары, атағы әлемге мәшһүр тарихи Берел сақ қорғандары мен Көккөл сарқырамасы – дүниенің түкпір-түкпірінен туристтер үздіксіз келетін, бір көруге асығатын Қазақстанның қиыр шығысындағы осы бір көрікті де шұрайлы өңірде. Мұнда Ұлы Жібек жолының солтүстік алтын тармағы, марал шаруашылығы да қолға алынған.

Саябақ жерінің көп бөлігін Бұқтырма өзенінің алабы, ал оңтүстік бөлігін Қарақаба өзені алып жатыр. Мұнда су арнасы 80 метр биіктіктен құлайтын Көккөл сарқырамасы, Арасан, Қара Берел, Рахман көлдерінің сарқырама тармақтары бар. Климаты шұғыл континеттік. Жылына 600-1800 мм аралығындағы жауын-шашын түседі. Саябақтың жері жануарлар мен өсімдік түріне бай. Мұнда сүтқоректілердің 72 түрі (марал, бұлан, таутеке, аю, сілеусін, құну), құстардың 250-ден астам түрі, соның ішінде қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ұлар, қара дегелек сынды көптеген құстар бар. Алтай тауын ит тұмсығы батпайтын тұтас орман қоршап жатқандықтан өсімдіктер дүниесіне де аса бай. Самырсын, қарағай, балқарағай, шырша, арша, қайың, мойыл, теректен бастап ағаштың барлық түрі өседі. Өте сирек кездесетін, жылдан жылға таралу аймағы азайып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген алтын тамыр, алтай рауғашы, марал тамыр секілді қымбат, емдік-дәрілік шөптердің 40-тан астам түрлері кездеседі.

 Ғарыштың күш-қуатын жинаған әлемдегі ең көне тау




Ескі аңыздарға сүйеніп, тылсым дүниеге сенетін дүниежүзінің тауқұмар саяхатшылары қарт Алтайдың бауырына жыл сайын ағылып келеді. Әсіресе, көршілес Ресей елі мен сонау Тибеттен келетін туристердің, зерттеушілердің қарасы көп. Алтай қазіргі әлем келбеті орнаған кезде пайда болған, қалыптасқан тау жүйесі болғандықтан, талай замандар мен дәуірлерге куә болған ескі, көне тау саналады. Тибеттің монахтары тіпті Алтай мен Гималайдың арасын жалғап жатқан құпия үңгір, жер асты жолы бар деп ойласа керек: көктемнен бастап қара күзге дейін таудың о жағына бір, бұ жағына бір шығып, зерттеп жүргендері.

Мұзтаудың етегіне қарай орналасқан "Кіндіктас" деген жер бар. Шамасы жеткендер сол бір мекенге баруға қатты асығады. Елімізді басқарып отырған президенттен бастап үкімет басшыларының бәрі дерлік жылына бір рет осы Кіндіктасқа барып «тауап етуді» дәстүрге айналдырғаны да осы күні құпия болудан қалған. Ол жаққа тікұшақтар қаптаған кезде жәй халыққа баратын жол жабылады. Ел басшылары мен биліктегі дөкейлер қайтқан кезде ғана туристер мен қонақтарға рұқсат беріледі.

Кейбір ғалымдар мен зерттеушілердің пікірінше, Алтай бүкіл жер шарының кіндігі саналады. Құрлықтың қақ ортасында тұрғанымен қоймай, ғарыштан энергия тартатын қасиетке ие деп топшылайды. Кіндіктасты – сол күш пен қуатты бойына жинаған, адамдарды дертінен, уайымынан арылтатын тылсым құдіреті бар деп санайтын саяхатшылар мен атқамінерлер мұнда келуін бір уақыт та доғарған емес. Мұзтаудың Еуразия құрлығының қақ ортасы, Алтайдың жер шарының кіндігі екені қазір ғылыми тұрғыда дәлелденіп те жатыр ғой. Бәлкім, басқасы да рас болар.


 "Парк құрылмаса, Алтай баяғыда-ақ ағып кетер еді"




Қотан қарағайдың қай ауылына қонақ болып бара қалсаңыз да, аңқылдап-жалпылдап күтіп алатын, аузын ашса жүрегі көрінетін жандар табыла кетеді. Сол кісілер небір-небір ел естімеген қызықты ақпараттарды айтып, бар білгенімен бөлісіп, кәрі тауға деген махаббатыңызды оятады. Қабырға ауылында Жандос деген кісінің үйінде қонақ болып бір күн түнеген адам, таңертең Алтайдың қойнауын танып-білуге деген ерекше құштарлықпен оянады. Ол кісі мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтың дер кезінде құрылғанын әркез айтып отырады.


РЕПОРТАЖ - беттегі фотоларды автор ұсынды (10).jpg

- Мен бала кезімнен бері осы Алтайдың баурында өсіп келемін ғой. Ешқайда ұзап көрмеппін. Көз алдымнан талай дүние өтті, көп нәрсеге куә болдым. Қазір мен қатарлас үлкендер қауымының біразы «ой, кезінде бұл жерде бәрі күшті еді, тегін еді, рахат еді» деп Кеңес заманын еске алады ғой. Ол кезде пәленбай жыл болған үлкен самырсын қарағайларды жергілікті жұрт кесіп алып, таси беретін. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болған жоқ қой. Сөйтіп, жүз жылға жуық уақыт өсіп тұрған ағаштардың бәрін кесіп бітірді. Алтайдың аң-құсын да аңшылықтың қызығымен құртып жібере жаздады. Қайта ұлттық парктің дер кезінде құрылғаны өте жақсы болды. Егер мемлекеттік қорғауға алынбаса, мына ағаштарды бәрін кім көрінген кесіп бітіріп, жануарларын азайтып, тоз-тозын шығарушы еді. Содан кейін алып тау ағады да кетеді. Тауды ұстап тұратын орманы мен өсімдігі ғой, - дейді Жандос Сайынов есімді Қабырға ауылының тұрғыны.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының негізгі міндеттері мынадай:

* мемлекеттік табиғи қорды, биологиялық әртүрлілікті, ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми құндылығы бар бірегей табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды сақтау;
* табиғи үрістердің табиғи дамуын зерттеу және экологиялық мониторинг жүргізу;
* уәкілетті органның келісімі бойынша ғылыми ұйымдардың әсерінен бұзылған табиғи және тарихи-мәдени кешендерді қалпына келтіру;
* халықтың экологиялық ағартуын, экскурсиялар мен өлкетану сабақтарын ұйымдастыру, оқушылар мен студенттерді өндірістік тәжірибелерін өткізу;
* экологиялық туризмді белгіленген шаруашылық қызметі шектеулі аймақтарда ұйымдастыру және жүзеге асыру;
* ғылымды, мәдениетті, ағартуды және білім беруді дамыту мақсатында ұлттық саябақ аумағын мақсатты және ұтымды пайдалану.

 

Саябақ қызметкерлерінің жалақысы мардымсыз




Мемлекеттік паркке кіретін Қотан қарағай өңірінің 376 275 гектары орманды емес жерге жатады. 4 182 гектарында су, 4 440 гектарында батпақ, 1 503 гектар аумақта мұздықтар орналасқан. Таулы және таулы-орман аймағының климаты өте ылғалды, ауа-райы салқын, кей жерлерде өте суық болады. Бір жылда орташа айлық жылдамдығы секундына 1,7 метр болатын жел соғады. Бір жылда жеті күн қатты жел соқса, он күн шаңды дауыл соғады.

Катонқарағай МҰТП-де туристерге арнап бекітілген 13 бағдарлы соқпақ бар. Оның жалпы ұзындығы 673 шақырым: "Ақ Берел", "Алтай соқпақтары", "Көлді", "Марал соқпақтары", "Тихое көлі", "Бұландыкөл", "Туған өлке", "Берел қорғандары", "Сарымсақты", "Тасшоқы", "Орман жолдары", "Ирек" немесе "Австро-Венгрия тас жолы", "Бүркітауыл".

Кейінгі жылдары әлеуметтік желіде "Алтын Алтай" жобасын ұсынып, туристік бағдардың жаңа нұсқасын ұсынып жүрген азаматтар да баршылық. Олардың мақсаты – шығыс өлкесіне, оның ішінде осы Катон өңіріне шетелден және Қазақстаннан келетін қонақтарды көптеп тарту. Еуразия картасында кішкентай құрлық сияқты көрінетін Шығыс Қазақстан - ішкі мазмұны бай, табиғаты керемет, Азияның далалары мен шөлейттерін, Сібірдің таулы тайгасы мен тундрасын тұтас біріктіріп алған бірегей ландшафты аймақ.


РЕПОРТАЖ - беттегі фотоларды автор ұсынды (20).jpg


Осындай керемет жерді қызғыштай қорып, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін – ол әрине, ұлттық парк қызметкерлері. Бірақ өкінішке орай, олардың алатын еңбекақысы төккен маңдай теріне де татымайтын көрінеді. Шілде айының басында алтын Алтайға жасаған саяхатымыздың барысында мемлекеттік табиғи паркте жұмыс істейтін  бірнеше адаммен аз-кем тіл қатысып, сыр тартып көрдік. Бірақ олардың мұң-мұқтажын, өкпесін өздері емес, ауылдастары айтып берді.
- Шынтуайтына келер болсақ, ұлттық парк қызметкерлерінің жалақысы аз. Мысалы, Берел ауылында тұратын жігіттер атқа мініп сонау Мұзтаудың етегіне дейін барып келеді. Ат үстінде 3-4 күн өткізеді. Шаршап-шалдығып келеді. Шекара түбіне дейін барып, қаншама жерді шарлайды. Ауысыммен демалып отырып, постарды күзетеді. Күндіз-түні ағылған туристерді күтеді. Сондағы алатындары 70-80 мың теңге. Бұл деген ұят нәрсе, - дейді Ерік есімді Рахман ауылының тұрғыны.
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2001 жылы құрылған. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпі шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы орман мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге толып тұр. Бұл аймақ табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталған еліміздегі аз ғана жерлердің бірі.
Следующая →