Усть-Каменогорск
ясно
+11°
  • Усть-Каменогорск
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +12°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +15°
  • Караганда
    +10°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Онлайн сот процестері қолайлы ма?

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының №2 сотында сот процестерінің 95%-ы онлайн режимде өтуде. Процес-тер "WhatsАpp" мессенджері, ZOOM платформасы және бейнеконференцбайланыс жүйесі (ВКС) арқылы жүргізіледі

WhatsАpp және ZOOM бейне қоңырау функциясы арқылы процестерге жәбірленушілер, куәгерлер, прокурорлар, адвокаттар және тағы басқалары қатысады.

Өскемен қаласының №2 сотына қылмыстық істер мен материалдар электронды түрде келіп түседі. Іс бойынша сот ісін жүргізу істі тіркеуден және тараптарды хабардар етуден бастап, сот актісі орындалғанға және істі мұрағатқа тапсырғанға дейін сол форматта жүргізіледі.

Электрондық қағаздардан басты артықшылығы-сот процесі барысында тараптар істің немесе материалдың құжаттарына қол жеткізе алады. Ол үшін сот отырысының хатшысы процестің әрбір қатысушысына сот базасына кіруге мүмкіндік беретін код жиынтығын береді.

Қазіргі уақытта Өскемен қаласының №2 сотында аяқталған істердің жалпы санының 22,3%, материалдардың - 100% электронды түрде қаралды.

Сотқа келу процестері ерекше жағдайларда болады, яғни, процеске қатысушылардың көп болуы, тараптардың бірінде заманауи гаджеттердің болмауы (қарт адамдарға тән) және т. б.

Жыл басынан бері Өскемен қалалық №2 соты 450 қылмыстық істі қарады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға көп (397 іс). Аяқталған істердің басым бөлігін ұрлық, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар, алаяқтық және көлік құқық бұзушылықтары құрайды. Бұл туралы сот төрағасы Сайран Ибраев өз есебінде атап өтті. 
- 2021 жылы 346 адам сотталды, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға көп (301 адам). Оның ішінде бас бостандығынан айыруға - 41%, қалған адамдарға (58,9%) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар тағайындалды. Айта кету керек, бас бостандығынан айыру жазаның ең қатаң түрі, сондықтан көп жағдайда ауыр қылмыс жасағаны үшін тағайындалады, - деп қосты ол.
Қысқартылған тәртіпте және келісімдік іс жүргізуде қаралған қылмыстық істердің саны артты, бұл келіп түскен сәттен бастап 10 тәулік ішінде істі қарауды көздейді. Сондай-ақ сот төрелігін іске асырудың жеделдігін арттырады, мемлекеттің де, процеске қатысушылардың да сот ісін жүргізуге байланысты шығыстарын азайтады, судьялар мен процеске қатысушылардың уақытын үнемдейді.

2021 жылдың 1-ші жартыжылдығында істердің 55%-дан астамы қысқартылған тәртіппен (288 іс) және 5% келісу өндірісінде (26 іс) қаралды.
Следующая →