Усть-Каменогорск
ясно
+6°
  • Усть-Каменогорск
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +11°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +24°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бесқарағайлық ардагерлер Абайдың елін көріп қайтты

Әр ауылдық округтерден жиналған ардагерлер тобы  Абай ауданына бір  күндік  саяхатқа  барып  қайтты

Өңірімізде аудан әкімдері арасында ауыс-түйіс жиі болатынын көріп жүрміз. Бүгін бір ауданның тіршілігімен біте қайнасып жүрген әкімді ертең басқа ауданға ауысытырып жіберу жиі орын алады. Оның оң және теріс жағы өңір басшылығы мен сол аудандардың жергілікті халқына ғана аян. 

Ал бесқарағайлықтар маусымда ғана келген жаңа әкімге риза. Жарқынбек Байсабыров Абай ауданындағы  халықтың  тұрмыс-тіршілігінің  келелі  жақтарын өздеріне  алу,  өзара тәжірибе  алмасу  мақсатында қоластындағыларды өзі  бұрын қызмет  атқарған  Абай  ауданына  туристік  және  іскерлік  сапармен  жіберіп тұруды жөн көреді. Ал жақында әр ауылдық округтерден жиналған ардагерлер тобы  Абай ауданына бір  күндік  саяхатқа  барып  қайтты.
- Кейінгі жылдары біздің ауданымызға  әкім  тұрақтамай  кеткені  де  шындық. Әкімнің  айналасы  - халық  қой.  Халқын  құрмет  тұтқан  әкімнің  ғұмыры  да  ұзақ. Биылғы  жаз  бесқарағайлықтарға  шуағын   төгіп-ақ  тұр.  Ауданымызға  әкім  боп  Жарқынбек  Борашұлы  келгелі  бірталай  игілікті  істердің  куәсі  болып  жатқан  жайымыз  бар, - дейді Беген ауылының  білім саласының  ардагері Самал Абдрахманқызы.
Бесқарағай жерінен сапарға шыққан қарттар саяхаты Бөрілі жеріндегі Мұхтар Әуезов мұражайынан бастап, ақынның туған жері Сырт-Қасқабұлақ, Абай, Шәкірім жатқан Жидебай мекеніне дейін жеткен.
- Шөліркеген  жанға  шипасы   бар Күшікбай  батырдың басындағы емдік  қасиеті  бар  таза   судан   ішіп,  бір  масайраған қарттарды Абай  аудандың ішкі  саясат  бөлімінің  басшысы жазушы  М. Әуэзовтің туған  жері  Бөріліден  бізді  қарсы  алып, ондағы жазушы мұражайын  араладық. Кейін  зар  замандағы сұрқия  зомбылықтың таза  куәсі  болған  қос  ғашық  "Еңлік- Кебек"  басына  барып, құран-қатым  бағышталды, - дейді Самал Абдрахманқызы.  - Абай, Шәкәрім  ұрпақтарымен  жатқан  жері  бейне бір   қалашық  дерсіз. Аудан  орталығы   Қарауылдағы  қарасаң  көз тоятын  бірнеше жанды  жұмыстардың  куәсі   болдық.  Ішінде  барлық  жағдай  жасалған бассейнге балалар тегін түседі екен. Аудан  шетіндегі  15  гектар  жерді  алып  жатқан   Абай  алаңына  тамсанбаған  жан  қалмады. Басынан  аяғына  дейін көп  майса,  жайқалған  гүлдер... Жанында  жаңадан  бой түзеген  ақшаңқай  үйлер  бейне  бір  қалашық  іспетті.  Әрине,  дәулетіне  сәулеті  сай  ауданға  жастар  көптен  келуде.
Айта кетейік, бұл танымдық саяхат Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр. 
Следующая →