Ваше сообщение отправлено.
Спасибо за внимание!
Спасибо за внимание!
Жарма ауданында өткен аптада ұйымдастырылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 28 кәсіпорын ауыл-аймақ тұғындарына жұмыс орындарын ұсынды
- Аудан аумағындағы ірі кәсіпорындар мен әлеуметтік, білім беру ұйымдары қатысқан жәрмеңкеде жалпы саны 28 кәсіпорын өздерінде бар бос орындарды жұмыс іздеп келген 17 жармалыққа ұсынды, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі. - Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша тоғыз адамға кеңес беріліп, нәтижесінде төрт адам грант алуға ниет білдірсе, бір адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, екі адам қысқа мерзімді курстар бойынша оқуға бағытталса, бір маман жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастырылды.Айта кетейік, ауданда кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 6 тамызға жоспарланған.