Усть-Каменогорск
пасмурно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Нур-Султан (Астана)
    -8°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +5°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -12°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -11°
  • Тараз
    -2°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
492.17
-2.78
522.39
-3.10
¥
68.27
-0.13
5
-0.05
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Аягөз ауданы: Қарағаштықтар харекетсіз жатпайды

Кейінгі жылдары Қарағаш ауылдық округінде атқарылып жатқан істер көңіл қуантады

Ауыл шаруашылығында мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдетілген несие, қайтарымсыз субсидияларды мұндағы шаруа құрылымдары дер кезінде алып келеді. Жергілікті жердегі ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдауға мемлекет тарапынан субсидия түрінде үлкен қолдау көрсетіліп отыр.

- Соның арқасында 2020 жылы ауыл шаруашылығы бойынша тартылған инвестиция көлемі 163,5 млн теңге, оның ішінде "Аграрлық несие корпарациясы" арқылы 19 млн теңге, "Жайылымдарды суландыру" бағдарламасы аясында 9,3 млн теңгеге 19 күн сәулесі панельдері орнатылды, - дейді ауыл әкімі Талғат Сыздықаев. -"КазАгроФинанс" арқылы өз қаражаттарына 4 трактор (тіркемесімен) алынды. Өз қаражаттарына 37,9 млн теңгеге асыл тұқымды ірі қара малы алынды. Қайтарымсыз қаржы 70,6 млн теңгені құрады. 10,0 млн теңгеге қашар мен малшының үйі салынды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар 11 жанұядан 3 жанұяға қысқарды. 48,2 млн теңгеге Қаражал елді мекеніне су құбыры тартылып жатыр. Жуықта іске қосылады деп үміттеніп отырмыз. Сондай-ақ, көшелердегі 45 шам жарықдиодтік үнемдеуіш шамдарға ауыс-тырылды. "Ардагерлер" көшесінің 23 бағанасына электр үнемдегіш шамдар орнатылды. Бұдан өзге Қаражал елді мекенінде "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы арқылы 1,116 мың теңгеге балалар ойын алаңы салынды. "Казақтелеком" АҚ арқылы Актив, Теле-2 операторларының базалық станциясы орнатылып, бүгінде ұялы байланыстың сапасы артып келеді. Елді мекен орталығы аббаттандырылып, ауыл тұрғындары 24 сағат үзіліссіз таза ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Мәдениет үйінің қасында кіші саябақ орнатылып, ішіне архитектуралық мүсіндер қойылып, шырша, гүлзарлармен көмкерілген. Саябақ бүгінде ауыл тұрғындарының демалатын орындарының біріне айналып отыр. Жалпы, мұнда бір мектеп, екі кітапхана, бір мәдениет үйі, 4 дүкен, 2 монша, бір тойхана, ФАП ғимараттары заман талабына сай жөндеуден өтіп, ауыл халқына қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, мектеп ішінен "Айару" атты шағын орталығы ашылып, 26 бүлдіршінге қызмет көрсетіп отыр. Ауылдың орталығында балалар ойын алаңы бар.


беттегі фотоларды автор ұсынды (2).jpg
Биыл мұнда "Стрит-Воркаут" орнатылып, жасанды жасыл шөп төселген шағын футбол алаңының құрылысы таяуда ғана басталды. 

Жаңа қожалық - жаңа жұмыс орындары


- Аудан орталығынан 40 шақырымда орналасқан округімізде 34 шаруа қожалығы, "Қарағаш-Асыл", "Қарағаш-Береке" деген 2 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативтері бар, - дейді Қарағаш ауылдық округінің бас маманы Мақпал Қайыңбаева. - Округімізде ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, мал басы өсуде. Мәселен, биыл жаңадан 2 шаруа қожалығы ашылып, тұрақты 2 адам жұмысқа тартылды. Жылдың аяғына дейін тағы 2 шаруа қожалығы ашылады деп күтілуде. Әрине, шаруа қожалығы ашылса, ауылда тұрақты жұмыс орындары болады.
Жалпы, мұнда көңіл қуантарлық, атап айтарлық игі істер баршылық. Мәселен, шаруа қожалықтары жылдан-жылға техникаларын жаңартуда. Биыл 2 шаруа қожалығы мен "Береке-Асыл" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі  3 жаңа МТЗ тракторын, пресс-подборшиктер алуға тапсырыс беріп отыр. Айта кетерлігі, осы ауылшаруашылық кооперативтерінің арқасында ауылдың екі табын ірі қара малы тегін бағылып, асылдандырылады. Қой-ешкіні 3 кезекке бөліп бағады, жылқы малы жаз бойы жайлауда. Мал кезегі ұйымдастырылып отыр.

Жыл өткен сайын еліміздің экономикасы дамып, халықтың әлеуметтік жағдайлары жақсарып келеді. Ол үшін де мемлекет қыруар қаржы бөліп, әр түрлі бағдарламалар іске асырылып жатқаны мәлім. 

Жаңа мешіт бой көтерді


Таяуда ғана жаңа мешіт үйі бой көтерді. Жалпы, 2017 жылы басталған бұл игі іске мұрындық болып, іргетасын құйған ауылдың 1980 жылғы тумалары, яғни, ауылдағы мектептің 1997 жылғы түлектері еді. Айта кетерлігі, ауыл халқы жаппай жұмылған мешіт құрылысына көмек қолын созған ағайын аз болмады. Мәселен, 1981 жылы туған өрендер пластик есік-терезесін көтеріп алды. Бірі күмбезін, бірі қоршауын, бірі құжаттарын жасады. Басы басталған игілікті іске бүкіл ауыл тұрғындары мен шеттегі азаматтар да жұмылып кетті.


беттегі фотоларды автор ұсынды (3).jpg

- Әркім өзінің қолынан келген көмегін аянып қалмады. Тіпті, Аягөз ауданынан бөлек басқа қалалардан да көмек қолын созғандар болды. Бірін айтсақ, бірі өкпелеуі мүмкін. Бастысы риясыз жасаған сауапты істерін Алла Тағала қабыл етсін! Дегенмен, бір азаматтың есімін айтпай кетуге болмас. Ол Аягөз қаласының тумасы, ауылымыздағы Маматовтар әулетінің күйеу баласы, Сайфуллин Сәлім атты алматылық кәсіпкер. Алтыннан қымбат уақытын, қажыр-қайратын, қаражаты мен құрылысшыларын ала келіп жылуына сұлулығы сай шағын ғана мешіттің кілтін халыққа табыстады. Құрылысын былтыр толықтай бітіргенімен, індетке байланысты және көптеген себептермен ашылу салтанаты кейінге шегерілген болатын. Індет өз алдына, қағазбастылық кедергілер де кезіккенін айтпай қалайша тіл тістеуге болады, - дейді ауыл азаматы, ақын Қазбек Байжұманов.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңында ауылда тағы бір жаңа мешіт ашылуы керек болатын. Оның құрылысы 18 млн теңгені құрайды. Бірақ ашылуы әлемді шарпыған індетке байланысты тоқтап тұр. Одан өзге, заманауи үлгідегі ФАП ғимараты (16 млн теңге) және дәрі-дәрмекті ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада сататын дәріхана (8 млн теңге) ашылмақ. 

Атқарылар шаруа көп, қаржы қажет



Қарағаш ауылында алда атқарылар ауқымды шаралары да жеткілікті екен. Мәселен, 2021 жылға жоспар бойынша округке 78 млн теңгенің инвес-тициясын тарту көзделіп отыр. 

"Ауылым - ел бесігім" бағдарламасы арқылы 49 млн теңгеге Т. Сармаев көшесінің жолына асфальт төселіп, орташа жөндеу жұмыстары үшін сметалық-жобалық құжаттар әзірленіп жатыр. Тәуелсіздік жылдарында қолға алынған ірі жұмыстардың бірі - жарықтандыру бағытындағы іс-шаралар болған, бүгінде осы жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылып, жалғасын тауып, көше шамдарының тозған кабельдерін, лампаларын айырбастап, қосымша энергия үнемдеуіш шамдар қосу жұмыстары басталды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында жол мәселесіне ерекше тоқталған, демек, жол мәселесі қашанда алдынғы орында. Жолдау негізінде ауыл көшелерінің жолдарын жөндеуді барынша басты назарда ұстай отырып, "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы арқылы 1116 млн теңгеге "Жастар" көшесінің жолын жөндеуден өткізу жоспарланып, қазір қолға алынды. 

Сол сияқты, Қаражал елді мекенінің ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша, ескі мектеп ғимаратын ағымды жөндеуден өткізіп, жылу жүйесін, қоршауын жасау жоспарланып, бюджетке сұраныс жасалды.

Ауылдығы 2 қабатты 16 пәтерлік үйдің коммуналдық меншіктегі 4 пәтерін жергілікті бюджеттен 14,5 млн теңгеге ағымды жөндеуден өткізу үшін сметалық құжаттар жасалынып, сұраныс беріліп отыр.
Следующая →