Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тарбағатай ауданы: жаңаша жайнаған Жалаңаш

Табағатай ауданындағы Жалаңаш ауылына жаңаша дем берілген сыңайлы. Ауыл жылдан-жылға көркейіп, дамып келе жатыр

2017 жылға дейін бұл шекаралық ауылда тек 4 сыныптық мектеп болған. Ал бұл ауылдағы болашақтары бұлыңғыр деген ауыл тұрғындары басқа елді мекендерге қоныс аударып үлгерген. Алайда бүгінгі күні бұл ауылдың өмірі өзгерді. Бүгінде ауылдағы мектеп 11 жыл білім береді және "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша жас мұғалімдер келіп жатыр. 
- Ауылдан көшіп кеткеніме 10 жыл болды. Жылына бір рет келіп тұрамын. Биыл ауылымыздан көңіл толатындай көп өзгерістерді көрдім. Расымен ауылға көшіп кетушілер емес, көшіп келушілер көбейгенін байқадым, - дейді ауылдың тумасы Назым Мамырбекова.
Құйған ауылдық округіне қарасты Жалаңаш елді мекенінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен қос пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қолға алынды. 

Сондай-ақ, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының қолдауымен "Нұрлы жол" паритетті 50/50" бағдарламасымен Ақжар-Құйған арасындағы 13 шақырым, Жалаңаш-Құйған арасындағы 26 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе, көктем шықса, саз балшыққа айналып, қыста қар басып қолайсыздыққа тап болып, көлік қатынасында қиналатын жалаңаштықтар енді мұндай проблемадан біржола құтылмақ. 
- Ауылымыз соңғы бір-екі жылда көркейіп келе жатыр. Ауылымызға кеңестік заманда болмаған тас жол салынбақшы. Бүкіл ауыл қуанып жатыр. Негізі қалада бардың бәрі осы ауылда да бар ғой. Тек осындай инфрақұрылымдары жоқ болса, оны да салып, қолға алып жатыр, - дейді жергілікті тұрғындардың бірі Сайлау Топаев.
Құйған ауылдық округінің әкімі Жанат Жоламановтың айтуынша, Жалаңашта өркенді істер аз емес. 2019 жылы Құйған-Жалаңаш арасындағы Ұласты өзеніне көпір салынды. Ауызсу мәселесі де шешілген, меценат Қайрат Қожахметовтің демеушілігімен үш жерден колонкалар қойылған. 
- Жол мәселесі осы ауыл тұрғындары үшін қыста да, жазда да өте қолайсыз болған. Облыс басшылығының қолдауымен жол салынып, орташа жөндеуден өтіп жатыр, - деді Құйған ауылдық округінің әкімі Жанат Жоламанов.
Мал өсіруге қолайлы өңір болғандықтан, ауылға жаңа тыныс берілді. Шаруа қожалық жүргіземін деп көшіп келіп жатқан отбасылар да жоқ емес.

Следующая →