Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жармалық оқушылар тарихи орындарға саяхаттады

Жарма ауданындағы мектеп оқушылары жазғы демалысқа шыға салып, туған өлкенің тарихи орындарымен таныса бастады

Жалпы Жарма ауданы - тарихи мұраларға бай өлкенің бірі. Оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында аудан әкімінің пәрменімен білім бөлімі туған өлкеге саяхат ұйымдастырды. 

Мәселен, бірінші Қапанбұлақ өңірінде орналасқан "Би Боранбай" кесенесіне, Аршалы ауылындағы "Тоғыз құдыққа" экскурсия жасалды. Оған барлығы 45 оқушы барған болатын. Осыдан кейін өңір мектептерінің оқушылары өздерінің туған өлке тарихын жан-жақты тани түсуі мақсатында бұл саяхат "Ер Жәнібек" кесенесі, Шалабай ауылындағы таңбалы тастарды тамашалаумен, Қарамола мекеніне сапармен жалғасын тапты.

Мұра - фото Жарма аудандық білім бөлімінен (6).jpg

Аудандық білім бөлімі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2017 жылы "Шалабай" асыл тұқымды мал зауытының директоры Қуаныш Серікқазыұлы Сүлейменовтің бастамасымен елімізге танымал археолог ғалым Әбдеш Төлеубаев Қостөбе қорғанына зерттеу жүргізіп, 2000-нан астам гектар жер аумағынан ескі қорымдардың орнын анықтаған. Археолог ғалымдар ашқан қорғаннан б.з.б. 7-8 ғасырға жататын таңбалы тас-тар, адам сүйегі табылған. Вильнюс зертханасында зерттегенде адамның жасы б.д.д. 708-680 ж.ж. деген болжам жасалған екен.


Мұра - фото Жарма аудандық білім бөлімінен (9).jpg
- Аудан аумағында ғасырлар бойы көптеген тарихи мұралар сақталып, қазіргі заманға жеткен. Соның қатарына Шалабай ауылдық округіне қарасты Қостөбе қорғаны, Күйелі, Қызылсу өзендерінің бойында орналасқан көне қорымдар мен таңбалы тастар жатады, - дейді білім бөлімінің маманы Гаухар Увалиева. - Жас ұрпақты туған жердің асыл құндылықтарын қастерлеп, тарихын терең түсініп, өлкесін, елін сүйе білуге тәрбиелеу мақсатында аудан әкімінің бастамасы негізінде жазғы демалыс кезінде осындай баға жетпес мұраларымыз сақталған жерлерге аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес маусым айында саяхаттар ұйымдастырылды. Оның ішінде Ортабұлақ ауылының іргесінде орналасқан "Ер Жәнібек", Қапанбұлақ өңірінде орналасқан "Би Боранбай" кесенелері, "Аршалы ауылындағы "Тоғызқұдық", ұлы ақын Абай заманында Шар өзенінің бойында алты алаштың басы қосылып, Қарамола съезі өткен тарихи орындар бар. Аудан бойынша барлығы 300 оқушы тарихы батырлармен басталып, ел ішінде шешендігімен, тапқырлығымен, даналығымен дараланған билер, ақын-жазушы, әнші, ғалымдармен танылған Жарма өңіріне, туған, өскен өлкелерінің таңғажайып, асыл қазыналарына терең үңіліп, ата мұраларына сусындап, туған елге деген құрмет сезімдері артты.
Айта кетейік, арнайы кесте құрылып, аудандық білім ордаларының барлығы-дерлік қамтылды және саяхат тегін ұйымдастырылды.

Следующая →