Усть-Каменогорск
пасмурно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +22°
  • Форт-Шевченко
    +20°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +11°
  • Костанай
    +13°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +14°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +16°
$
441.44
-1.91
473.09
-2.45
¥
60.96
-0.22
4.75
-0.07
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Дала дидары" алыс ауылдағы шын таланттарды танытуда

Өскемендегі облыстық өнер музейінде "Дала дидары" атты өнер фестивалі басталған болатын

Жыл көлемінде облысымыздың 17 ауданы мен қаласының қолөнер шеберлері "Дала дидары" жобасы аясында өз өнепаздарының жұмыстарын Шығыс Қазақстан өнер музейіне қояды және қала тұрғындары бұл туындылармен танысу мүмкіндігіне ие болып отыр. 

Бұл жолы Риддер қаласының өнерпаздары мұражайға 60-қа тарта туындыларын әкелді. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл жұмыстарды 25 шілдеге дейін келіп, тамашалай алады. 
- Облыстық "Дала дидары" өнер фестивалі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер жобасы" аясында Шығыс Қазақстан облыс әкімдігі мен мәдениет басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты ел ішінде танылмай жатқан өнер иелері мен жастарға қолдау көрсету. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бас-тау алған туған елге, жерге, ұлттық құндылықтар мен мұраларымызға арналған жаңа өнер туындыларының жарыққа шығуындағы маңызы зор бұндай жоба бұрын соңды болып көрмеген. Өнер саласының өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқан барлық аудан әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Алдымызда 11 аудан бар, - деді Шығыс Қазақстан өнер музейі директорының міндетін атқарушы Толқын Төлепбергенқызы.
Мұражайдың үлкен және кіші залдарында бейнелеу өнерінің көрмесі ашылды, онда 16 суретші мен қолданбалы қолөнер шеберлерінің 60-қа тарта жұмысы ұсынылған. Көрмеде кескіндеме, графика (оның ішінде акварель), мүсін (ұсақ пластик, тамыр, бұтақ), сәндік-қолданбалы өнер туын-дыларын (ленталармен кестелеу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар) және тоқыма қуыршақтары инсталляциясын көруге болады.

Риддерден кейінгі кезекте Үржар, Аягөз аудандарынан шыққан суретшілер мен қолөнершілер келеді деп жоспарланған.

Следующая →