Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ауылдардағы пошта бөлімшелері неге жабылып жатыр?

Ауыл тұрғындары үшін пошта бөлімшесі маңызды әрі қажетті нысандардың бірі. Алайда 2020 жылы облысымыз бойынша 21 пошта бөлімшесі, 2021 жылы 7 бөлімше жабылды

Шемонаиха ауылында пошта бөлімшесі жабылып, халық әлеуметтік желілерде өздерінің кредит, комуналды қызмет төлемдерін төлей алмай отырғандарын жазып, басшылардан мәселенің шешімін табуға көмек сұрауда. 
- Бізде халық көп тұрады, соған қарамастан теміржолшылар кентіндегі пошта бөлімін жауып тастады. Біз пошта бөлімшесіне барып несие, коммуналды қызметтер үшін ақымызды төлейтінбіз, тұрғындар зейнетақыларын, жәрдемақыларын алатын, хаттар, сәлемдемелер алып отыратынбыз. Пандемия кезінде пошта қызметтері үшін шағын ауданға барып жүру бізге қиындық тудырады, - дейді Шемонаиха қаласының тұрғындары.
Мұндай проблема Глубокое ауданында да бар. 2020 жылдан бері бұл ауданда 4 пошта бөлімшесі жабылған. 
- Мен 72 жастамын. Тек 80 жастан асқан зейнеткерлерге ғана зейнетақыны үйлеріне әкеліп береді. Сондықтан зейнетақымды алу үшін Белоусовкаға баруға мәжбүрмін. Ол үшін Планидовкадан трассаға дейін 3,5 км жаяу жүріп, сол жерден көлік тоқтатамын. Себебі карантиндік шектеулерге байланысты бізде автобустар тұрақты түрде жүрмейді. Ал қыста қайтеміз? Жолда қанша тоңып тұратынымыз белгісіз. Такси жалдап баруға қалтам көтермейді, - деді Планидовканың тұрғыны Наталья Еремина.
Жалпы 2020 жылы 21 пошта бөлімшесі жабылды: Бесқарағай мен Бородулиха, Катонқарағай, Тарбағатай, Ұлан және Шемонаиха аудандарында - бір, Алтай, Көкпекті аудандары мен Өскемен қаласында - екі, Глубокое ауданында, Семей қаласында - үш. 2021 жылы 6 пошта байланыс бөлімшесі: Глубокое, Алтай, Тарбағатай аудандарында - бір, Өскемен қаласында - төрт пошта бөлімшесі жабылды.

 

Пошта бөлімдерінің жұмысы тиімсіз



Бөлімшелердің жабылуының негізгі себебі - тиімсіздік, яғни нысандардың пайдасыздығы немесе табыстың төмендігі. Нарықтық экономика жағдайында "Қазпошта" АҚ-ның тиімсіз пошта байланыс бөлімшелерін ұстауға мүмкіндігі жоқ, мұндай нысандар оңтайландыруға жатады екен.
- Бөлімшелер үшін ғимараттарды жалға алу, коммуналдық шығындарды төлеу және жалақы қорының шығындарын қысқарту мақсатында, сондай-ақ ауылдық пошта бөлімшелерінің пайдасыздығына байланысты "Қазпошта" АҚ жаңа қызмет форматына көшу бағдарламасын іске асыруда, атап айтсақ, мекеменің post.kz сайты арқылы онлайн қызмет көрсету форматына көшуде, - деді "Қазпошта" АҚ ШҚО филиалының директоры Гүлжан Рахимбаева.
Пошта байланыс бөлімшелерін жабу туралы шешім қабылдауға ең алдымен, мекеменің кіріс көрсеткіші әсер етеді, бұл жағдайда жабылуы жоспарланып отырған бөлімше орналасқан ауыл халқының саны ескеріледі.
- "Жалпыға қолжетімді пошта байланыс қызметтерінің сапа параметрлеріне" сәйкес ауылдық елді мекендердегі пошта бөлімшелерінің нормативтік саны 2500 адамға тең бір бөлімше қызмет көрсететін халықтың орташа санына байланысты анықталады. "Қазпошта" АҚ тұрғындарының саны жоғарыда аталған стандартқа сәйкес келмейтін (2500 тұрғыннан аз) ауылдық елді мекендерге қызмет көрсетуден шығынға ұшырайды. Кейбір ауылдарда статистикалық мәліметтерде көрсетілген санға қарағанда нақты халық аз тұрады, өйткені кейбір тұрғындар ауылда ресми тіркелген, бірақ іс жүзінде қалада немесе аудан орталығында тұрады, - деп қосты Гүлжан Оралбекқызы.
Пошта бөлімдерінің жабылуының тағы бір себебі - көптеген ауыл тұрғындары өздерінің зейнетақылары мен жалақыларын басқа банктердің төлем карточкаларынан алады, коммуналдық төлемдерді басқа банктердің сайттарында төлейді, яғни пошта қызметін толық көлемде пайдаланбайды. 
- Пошта бөлімшесі жабылған ауылда зейнетақы, жәрдемақы төлеу, төлемдер қабылдау, газет-журналдарды, хаттарды, хабарлама-шоттарды жеткізу және сәлемдемелерді беру қызметтерін көрсету үшін сол ауылда тұратын пошташы штаты қалдырылған. Пошта бөлімшесі жабылған ауыл тұрғындарына зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бұрынғыдай ауылдың өзінде жүзеге асырылады, яғни зейнеткерлерге көрші ауылға барудың қажеті жоқ. Сол қызметкер коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдай алады. Сонымен қатар, бөлімше жабылған ауылдың тұрғындарына көрші ауылда орналасқан пошта бөлімшесі немесе нормативтерге сәйкес ауылға аптасына 2-3 рет келетін жылжымалы пошта бөлімшесі қызмет көрсетеді, - деп түсіндірді облыстық "Қазпошта" АҚ басшысы.
Қазіргі кезде "Қазпошта" мекемесінде пошта қызметтерін ауылда өз бизнестері бар (дүкен немесе басқа) жеке кәсіпкерлер ұсына алатын франчайзинг қызметі бар. 

  Ауылға газет-журнал кеш келсе...



Хаттар мен газет-журналдардың уақтылы жеткізілуін бақылауды пошта бөлімшелерінің бастықтары мен аудандық, қалалық байланыс тораптарының басшылары жүзеге асырады. 
- Егер газеттерді уақтылы алмаған жағдайда бөлімше бастығына хабарласу қажет, егер жеткізу шаралары қабылданбаған болса, аудандық, қалалық байланыс торабының басшылығымен немесе "Қазпошта" АҚ облыстық филиалымен байланысу керек. Егер 1-2 апта ішінде немесе 1 айға дейін газет жеткізілмегендігі туралы шағымдар болса, тексеру жүргізу үшін және кінәлі қызметкерлерге шара қолдану үшін нақты фактілерді көрсетуіңізді өтінеміз, - деді "Қазпошта" АҚ ШҚО филиалының директоры Гүлжан Рахимбаева.
Жалпы пошта жөнелтілімдері мен мерзімді баспасөз басылымдарын (газет/журналдар) ауылдық елді мекендерге жеткізу аптасына кемінде 2 рет жүзеге асырылады.

 

Жағымды жаңалықтары қандай?




Қазіргі уақытта облыс тұрғындары пошта бөлімшелерінде өздерінің зейнетақыларын, жәрдемақыларын, жала-қыларын ала алады, коммуналдық, салық және басқа төлемдерді төлей алады, сонымен қатар 3 банктің (Хоум Кредит Банкі, Еуразиялық Банк, Альфа Банк) кез келгенінен несие алуға өтініш бере алады немесе облыс орталығына, қалаға бармай-ақ депозит аша алады. Сондай-ақ пошталық және жедел аударымдарды, "Вестерн Юнион", "Юнистрим" халықаралық аударымдарын жіберіп, шеше алады, теміржол билеттерін, лотерея билеттерін, таксофондық интеллектуалды IP Tarlan карталарын (сотталушылар үшін) сатып ала алады, газет-журналдарға жазыла алады, банктік төлем картасын рәсімдей алады. 
- Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап біздің филиал Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірге Шығыс Қазақстан облысының 167 пошта бөлімшелерінде "Мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің әмбебап агенті" жобасын іске қосты. Енді ауыл тұрғындары облыс немесе аудан орталығына бармай-ақ, бұл әсіресе шалғай аудандарда тұратын ауыл тұрғындары үшін өте маңызды, уақыт пен ақшаны үнемдей отырып, 628 мемлекеттік және 3 әлеуметтік қызметтерді пошта бөлім-шелерінде алуға мүмкіндігі бар, - деп қосты Гүлжан Оралбекқызы.
Пандемияға байланысты бүкіл әлемде электронды сауданың үлесі өсті. Ұлттық пошта операторы қазақстандық электрондық сауда нарығына 3 мыңнан астам интернет дүкендерді біріктіретін танымал халықаралық кэшбэк қызметін тартты.

 

Жалақылары өсті 




Бүгінгі күні бөлімше қызметкерінің орташа жалақысы жылдық жалақыны есептеу негізінде, бонус-тар мен ынталандыру сыйақыларын қоспағанда 98 мың теңгені құрайды екен.
- Барлық қызметкерлер үшін ынталандыру бағдарламалары бар. Қызметтерді жақсы сататын кейбір қызметкерлер жалақыны есептемегенде, айына 200 мың теңгеге дейін тек бонус түрінде алады, яғни алатын жалақы мөлшері тек қызметкердің өзіне байланысты, - деп қосты Гүлжан Рахимбаева.
"Қазпошта" АҚ үнемі еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік персоналдың жалақысын біртіндеп арттыру бойынша шаралар қабылдауда. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап өндірістік персоналдың ресми жалақысы 15%-ға және 2020 жылдың 1 мамырынан бастап 30%-ға көтерілді.

Сондай-ақ, өндірістік персонал қызметкерлері үшін қосымша ынталандыру төлемдері қарастырылған: кірістер жоспарының орындалуына байланысты ай сайынғы сыйақы, 45 қызмет түрін көрсеткені үшін қосымша комиссиялық сыйақы, пошташыларға аяқ киім сатып алу үшін ақшалай өтемақы және жол ақысы төленеді.
Следующая →