Усть-Каменогорск
облачно
+21°
  • Усть-Каменогорск
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Нур-Султан (Астана)
    +23°
  • Актобе
    +31°
  • Форт-Шевченко
    +31°
  • Атырау
    +31°
  • Караганда
    +20°
  • Кокшетау
    +23°
  • Костанай
    +25°
  • Кызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +24°
  • Уральск
    +23°
  • Шымкент
    +27°
$
476.27
515.47
¥
65.55
5.41
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

200-ден астам сарбаз Отан алдындағы борыштарын адал өтеді

Аягөз гарнизонының танк бригадасының саптық алаңында Отан алдындағы борышын адал өтеген 200-ден астам сарбазды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, аталмыш шара барысында белгіленген мерзімді өткеріп, запасқа шыққан сарбаздар әскери абырой, ар-намыс пен даңқтың символы Жауынгерлік тумен қоштасты. Сонымен қатар, салтанатты сапта бөлім командирінің орынбасары жауынгерлер қуанышына ортақтасып, алғыс-тілегін білдірді.

- Сапта тұрған әрқайсыларың өздеріңнің қажырлы еңбектеріңмен аға буынның дәстүрін лайықты түрде жалғастыра отырып, Отанға деген адалдықтарыңды дәлелдедіңдер. Өмірдегі өз жолдарыңды табуларына тілектеспін. Бұған танк бригадасында жинақтаған тәжірибелерің септігін тигізеріне сенімдімін. Бір жыл уақыт бойы абыроймен атқарған қызметтеріңе үлкен алғыс білдіремін, - деді гарнизон бастығының орынбасары подполковник Дәулет Сүттібаев.

Әскери қызмет әр сарбаздың бойына жауынгерлік рух қалыптастыратыны сөзсіз. Бүгінгі бөлім қабырғасынан үйлеріне аттанғалы отырған өрендер бір жыл бойы әскери өмірдің қыр-сырын бойларына сіңіріп, әр түрлі ауқымдағы тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты. Сондай-ақ, қару-жарақ пен әскери техниканы сауатты меңгеруді үйренді.


8fc83e2f-f85d-4955-a867-b475c23fea5b.jpg

- Әскери қызмет маған көп нәрсені үйретті, нағыз танкші етіп шыңдады. Бізге басшылық еткен командирлеріміз әскери өмірдің қыр-сырын үйрете білді. Далалық оқу-жаттығуға қатысу, күндізгі және түнгі уақытта қарудан ату жаттығуларын орындау мен үшін естен кетпес ерекше сәттер. Ел қорғау – нағыз ердің міндеті деп санаймын, - деді Орал қаласының тумасы қатардағы жауынгер Данат Амангелдиев.

Қызметтік міндеттерін адал орындап, жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген сарбаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Шара соңы әскери бөлімнің мәдени-демалу орталығында  көркемөнерпаздар мен өнерлі сарбаздардың мерекелік концертіне ұласты.
Следующая →