Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемендегі ең үлкен сауда үйінде күй күмбірледі

Қазақтың домбырасының шанағынан төгілген күміс теңгелердің сылдырындай сыңғыр да күмбір ноталар шілде айы басталғалы бері Өскемен аспанында қалықтап тұр

Ерке Ертістің жағасында бой көтерген сәнді де сәулетті АДК ойын-сауық орталығында "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" атты іс-шара өткізілді.

Аталмыш мерекелік-концерттік бағдарламаны Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойы  және "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында Ұлттық Домбыра күнін ұлықтау мақсатында Өскемен қалалық филиалы жанындағы "Jas Otan" JQ жастары, "QAINAR" қоғамдық қорының еріктілері ұйымдастырды.
- Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты - Домбыра күнімен барлық қала тұрғындарын құттықтау. Ұлттық аспапты дәріптеу, жастардың бойындағы патриоттық сезімді арттыру. Іс-шараны әдейілеп қаланың ең сұлу, ең үлкен, адам көп жиналатын ADK River сауда орталығында жасап жатырмыз. Өскемендіктердің домбыра аспабына деген махаббат пен құрметіне куә болдық, - дейді "Qainar" қоғамдық қорының жетекшісі Айбота Шанжың.

Следующая →