Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шығыс ұлттық спорттан қалыс қалып жүр

Өңірдегі ат спортының дамуына кім кедергі?

Басқасы басқа, дәл осы көкпар туралы тақырыпты былтырғы жылдан бері әлденеше рет дүркін-дүркін көтердік. Жауап қатқан басшы, әрекет еткен басшылық болмады. Шығыс өңірінде бар-жоғы үш ат спорты мектебі бар болса, оның біреуі облыс орталығында орналасқан болатын. Өскемен шаһарындағы ат спорты мектебінің тағдыры әлі күнге дейін жұмбақ күйде қалды. 

Көкпекті мен Тарбағатай ауданындағы ұлттық спорт мектептерінің де жетісіп тұрғаны шамалы. Жергілікті ауылдардағы ат спорты клубтары соңғы екі жылда облыстық яки республикалық жарыстарға қатыспаған. Оған себеп - бюджеттен бөлінуі тиіс қаражаттың бөлінбеуі.

Қазір еліміздегі мәдени, әдеби, рухани, әлеуметтік, спорттық және тағы басқа іс-шаралардың барлығы да "әлемдік пандемия"  деп жарияланған, шектеулері көп карантин ережелеріне байланысты тоқтатылды, кейінге шегерілді, қысқартылды. Сөйтіп былтырдан бері делебеміз қозып көкпар мен аударыспақты, бәйге мен теңге ілуді тамашалай алмадық. Бұқара халықтың бір жерге шоғырлануына тыйым салынған соң, аз-аздап көрермен қатыстырған бір нәрселер өткізгендей болады. Бірақ олар құрғақ талқан тәрізді. Шалағайлығы мен жасандылығы тайға таңба басқандай айдан анық көрініп тұрады.

Мысалы, қазіргі уақытта елорда төрінде республикалық көкпар федерациясының кубогы үшін турнир өтіп жатыр. Ұлттық спорт түрлерінен 26 маусымда басталған жарыс 5 шілдеге дейін жалғасады. Жүлде қорына 12 миллион теңге тағайындалған турнирде он үш команда бірінші бабын, одан кейін бағын сынап көріп жатыр. Турнирдің ақырғы күнінде бәйге ұйымдастырылмақшы. Одан бөлек өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін доданы да тамашалай алады. Барлық қатысушылар мен көрермендердің "Ashyq"  қосымшасы арқылы кіргізілетінін еске сала кету керек.


Кім кінәлі?



Алайда өзге өңірлерге тиіспей-ақ, шығыс аймақты мекендейтін жұртшылықтың көңіліне қаяу түсіретін бір жағдай бар: ел астанасындағы дүбірлі додадан Семей мен Өскемен түгелімен шет қалып отыр. Шеттетіп, өзектен теуіп отырған Нұр-Сұлтан емес, өзіміздің облыстық спорт басқармасы. Әйтпесе, ешкімге ешқандай шектеу, талап қойылмаған. Оған дәлел - бір ғана Қарағанды облысынан үш бірдей көкпар клубының қатар шабуы.

Мұнда ойға алып, елеп-ескеретін тағы бір мәселе бар. Шығыста жекелеген ат спорты клубтары жоқ. Тек ресми түрде тіркелген, балаларға және жасөспірімдерге арналған ат спорты мектептері бар. Әттеген-айы, құрама командалар жекелеген клубтар қатысатын жарыстарға қатыса алмайды. Бұл әлемдік футбол ойынының ережелері сияқты дүние.
- Қай облысқа болса да қатыссын/қатыспасын деген шектеу, талап жоқ. Бұл республикалық ашық турнир болғандықтан, қай жақтан қанша команда келемін десе де, өз еріктері. Бір немесе он команда алып келемін десе де, ол облыстық спорт басқармасының шешімі. Сосын қатысамын деуші палуандардың өздерінің ниетіне байланысты. Шығыс Қазақстан облысында ақша жоқ жеп көкпарға команда жібермей қойған басшылықтың өзі. Әйтпесе, біз турнир туралы мәліметті барлық мүмкіншілігімізді салып, бүкіл ақпарат көздері, әлеуметтік желілер арқылы тараттық. Мәдениет және спорт министрлігі арқылы бүкіл облысқа шақырту жіберілді. Жергілікті, аймақтық спорт басқармаларының бұдан бейхабар болуы мүмкін емес. Қазір өтіп жатқан жарыста облыстың дайындап, қамдап жіберген командалары да, қалталы азаматтардың демеушілігімен, қолдауымен келген көкпар клубтары да өнер көрсетіп жатыр, - дейді Ұлттық ат спорты қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.

Көкпектіге қашан атшабар салынады?



Өңірдегі небары үш ат спорты мектебінің біреуі Көкпекті ауданының Көкжота ауылында орналасқан. Қанат Биқатов - ауылдың қара домалақтарының басын біріктіріп, жылқыға үйір қылып, көкпарға деген махабаттарын оята білген ұлтжанды, атқұмар, көкпаршы азамат. Ауданның бұрынғы әкімі Асхат Смаиловтың кезінде, дәлірек айтсақ 2018 жылы ресми түрде ат спорты клубын ашты. Содан бастап Көкжотада тай мініп, құнан жетектемеген бала қалмады. Екінің бірі шабандоз болуға асықты. 2020 жылдан бастап, карантиннің кесірінен облыс түгілі ауданаралық додалардың өзі доғарылып, жеткіншек-жасөспірімдердің тақымынан серке кетіп, тосырқап қалған жайы бар.

Карантин өз алдына. Шешімін таппай жүрген күрмеуі қиын тағы бір мәселе бар. Асхат Сайдахметұлынан кейін әкім болып келген Серікқазы Сәдуақасов Көкжотаға атшабар (ипподром) салынады деп уәде берген болатын. Сөз берген күннен көп уақыт өтпей жатып, басшылық өзгерді. Жаңа әкім келді. Оған дейін айтылған уәденің барлығы тек қағазда түртілген жоспар күйінде қала берді. Ақыры, атшабар биыл да салынбайтын болды.
    - Мен осы мемлекеттің заңын түсінбеймін. Ережелерді сақтау керек, шектеуден аспау керек деп алады да, сол тәртіпке өздері бағынбайды. Астанадан басқа жерде коронавирус жоқ секілді. Бізде спартакиада ойындарын өткізу үшін әуелі рұқсат сұрау керек, ары-беріден соң рұқсат та бермейді. Бірақ үлкен қалаларда жарыстар өтіп жатыр, оларда ауру жоқ па сонда? Былтыр ғана ауылға ипподром салып береміз деген сөз шыққан болатын. Менің білуімше, оның сметалық құжаттары да дайын болған. Алайда жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Ұлттық спортқа көңіл бөлінсе екен дейміз. Атқа әуес болып, көкпарды дамытуға үлес қосамын деп жүрген қаншама болашақ палуандар бар. Сол жас балалардың қызығушылығы мен махаббаттарын өлтіріп алмауымыз керек, - деген наразылығын білдірді Көкпекті аудандық ат спорты мектебінің жетекшісі Қанат Биқатов.

Футболға арналған манеж көкпарға да салынуы керек



Ұлттық спорттың біздің облыста кенжелеп қалғанын, биліктен дұрыс қолдау таппай жатқанын Тарбағатай ауданының көкпаршылары да растайды.
- 2015 жылға дейін Шығыс Қазақстан ат спорты түрлерінен алдына жан салмайтын. Қандай жарысқа қатысса да қарқыны өте күшті болатын. Қазір ол деңгей жоғалды. Неге? Өйткені қолдау жоқ. Иә, Ақжардағы ат спорты мектебі мемлекеттік мекеме, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына бағынады. Басқарма аттарды жем-шөппен қамтамасыз етеді. Бірақ көбінесе жеке кәсіпкерлер өз қаражаттарына керек-жарақтар әперіп жатады. Бізге манеж керек. Қыстыгүні суықта балалармен қайда, қайтіп дайындалатынымызды білмей қаламыз. Жабық кешен болуы керек қой. Сонда ғана мемлекет назар аударып жатыр деп білетін боламыз, - дейді ардагер шабандоз, жаттықтырушы Сержан Ғұмарбеков.
Өскемендегі атшабардың тартып алынғанын айта-айта ауыздан да қадір кетті, тыңдай-тыңдай құлақ та жауыр болды. Десе де, қалалық ат спорты мектебінен қаржыландыру туралы сұрап білдік.
- Құрама жоқ емес, бар. Жас-тар да, үлкендер де әркез дайын жүреді. Мәселенің барлығы ақшаға келіп тіреледі. Егер бюджеттен қаражат бөлінсе, жарысқа барады, бөлмесе қалады. Мысалы, жыл басынан бері төрт жарыс өтті. Алматы мен Көкшетауда өткен жамбы ату мен теңге ілу сайысына біздің құрама барды. Ал 25 наурыз күні Таразда, одан кейін Қарағандыда өткен додаға бару үшін қазынадан ақша бөлінген жоқ. Күніміз үкімет беретін көк қағазға қарап қалған соң, амал жоқ, қалдық, - деп мұңын шақты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кабдрахман Тұрашев.
Жоғарыдағы қаптаған сұрақтарға жауап тауып, нүктесін қою үшін облыстық спорт басқармасының өкілдерімен байланыстық.
- Былтыр карантин болды. Қазынадан 100 миллион теңге шешіп алынған болатын. Бір жарысқа барып, бір жарыс-тан қалып жатса - қаржының жетіспеушілігі. Басқа астары жоқ. Әрине, келеңсіздіктерді болдырмауға барынша тырысамыз. Бюджет қазір аз. Ал манеж бен ипподром мәселесіне мен жауап бермеймін. Негізі, ондай ақпаратты естігенім жоқ. Таяу арада салынады деп ойламаймын, - деді жоғарғы спорт жетістігі және спорт резерві бөлімінің басшысы Аида Ардаққызы.

Следующая →