Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Үржар ауданындағы 42 мектепте "электронды кітапхана" бар

Үржар ауданындағы мектеп кітапханаларына кітапхананың жаңа заманауи үлгісі құрылған

Аудан әкімдігі мәлімдегендей, қазіргі таңда ауданда цифрландыру бағытында "Электронды кітапхана" қабырғасы пайдалануға берілді. Аудан бойынша осындай электронды кітапхана 42 мектепте бар екен.
- Мұнда қазақ әдебиеті классик шығармаларының 60-қа жуық QR-коды орналасқан, - дейді аудандық білім бөліміндегілер. - "Мобильді кітапхананың" бір ерекшелігі оқырмандарымыз кез келген кітапты QR код арқылы онлайн оқып, аудионұсқасын тыңдай алады.
Сондай-ақ, "Бір ел - бір кітап" акциясының аясында биыл "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 кітап" шарасы бойынша ұсынылған кітаптардың QR-кодтары да кітапхана мен коворкинг орталықтардан көрініс тауып отыр.

Осы орайда айта кетейік, биыл дәстүрлі "Кітапханаға кітап сыйла" қайырымдылық жобасы жаңа үрдіспен жүргізіліп, аудан бойынша жергілікті мектептен білім алған түлектері, меценаттар, ата-аналар мен мұғалімдер мектептердің кітап қорына барлығы 5924 дана кітап сыйлаған екен. Осылайша аудан облыс көлемінде сыйланған кітап саны бойынша үздік көрсеткішке ие болып отыр.
 - Демеушілік көрсеткен "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесіне, "Атамұра" корпорациясына, Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорына, Әсет Найманбайұлы мұражайының жетекшісі Ләззат Қожекеқызына, ақын Жабайыл Бейсеновтың ұлы Елдос Жабайылұлына алғыс білдіреміз, - дейді аудандық білім бөліміндегілер.

Следующая →