Усть-Каменогорск
ясно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +6°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бородулиха ауданында домбыра күніне орай флешмоб өтті

Домбыра - қазақтың ұлттық аспабы ғана емес, халық мұрасы. Қазақ қашанда домбыраны қадір тұтып, төрге іліп, бағалаған. Шілденің бірінші жексенбісінде атап өтетін Дамбыра күні биыл 4 шілдеге түсіп отыр

Бородулиха ауданында аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ұлттық домбыра күніне арналған "Ұлттың үні - домбыра" атты флешмоб өтті. 

Флешмобқа домбырада ойнай алатын кез келген аудан тұрғыны қатысты. Шара барысында қатысушылар қара домбырамен нақышына келтіріп күй ойнап берді. 

3c4ef558-1536-4d71-8895-bdbe7ed7f3d1.jpg
- "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" дегендей, Ұлттық домбыра күніне орай ұлттық аспабымызды ұлықтау, құрметтеу мақсатында ауданда флешмоб ұйымдастырдық. Алдын ала хабарландыру жасалды. Домбырашылар стадионға дейін салтанатты шеру жасап жүріп өтіп, аудан тұрғындарының рухын көтеріп, ризашылығына бөленді. Флешмобқа 60-қа жуық адам қатысты. Оның ішінде аудандық ішкі істер бөлімі мен мәдениет үйінің қызметкерлері, музыка мектебінің оқушылары және ауылдық округтерден жиналған домбырашылар күй тартты. Күмбірлеген домбыра даусы ауданды жаңғыртты, - дейді Бородулиха аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлмира Ильяшева.

4e9e7900-e953-4a82-a6cc-c81ef6a26c2e.jpg
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 13 маусымында Елбасының шешімімен шілденің бірінші жексенбісі "Ұлттық домбыра күні" болып жарияланды. Жыл сайын атап өтілетін бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі өте зор. 
Следующая →