ЖМК ауданындағы жаңа үйлердің тұрғындарын сапасыз құрылыс мәселесі мазалайды
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар ЖМК, 19, 20-шы ықшам аудандарында, Сол жақ жағалау, Күленов атындағы кент, Жыланды, Үлбі кенттерінің тұрғындарымен кездесті
Кездесу кезінде тұрғындардың сұрағына қала әкімінен бөлек, әр құзырлы органдардың, мекемелердің басшылары мен мамандары тікелей жауап берді.
Мысалы, көпбалалы ана, күміс, алтын алқа иесі, зейнеткер Мәрия Абыкасымоваға жуықта баспана берілген екен. Алайда ол баспана әлі Мәрия ананың атына ауыстырылмапты. Бұл мәселені қала әкімі Жақсылық Омар жуық арада шешіп беруге уәде берді.
Жаңадан бой көтерген үйлердің тұрғындарын жауын жауса төбеден пәтерге тамшы ағатыны, яғни, сапасыз құрылыс мәселесі мазалайды. Мұнда да әр үйдің жағдайы әр түрлі, бірінің құрылыс кепілдемесі бітіп қойса, енді бірін мердігерлер жөндеп беруге міндетті.
Төбеден ағатын су мәселесі Есенберлин көшесі, 31/1 үйдің тұрғындарының да мазасын қашырғалы қашан. Жақсылық Омар тұрғындардың көзінше, қолма-қол мердігер компанияның басшысына видео қоңырау жасап, жағдайды тез арада қалыпқа келтіруін тапсырды.
Үлбі кентінің тұрғындары атынан келген Надежда Павловна бірқатар мәселені көтерді. Олардың ішінде кентте бірде бір жабдықталған балалар алаңының жоқтығы, жолдардың асфальттанбай жатқаны бар. Бұл мәселелер тұрғысында қала басшысы хабардар және мәселелерді шешудің жолдары қарастырылып жатқанын айты.
7 жыл бойы жер асты суының көтерілуінен зардап шеккен Көкжал Барақ көшесінің тұрғындарының мәселесі шешімін тауыпты. Мәселенің оңынан шешілгенін Роза Рахметова айтып келді. Жауыр болған жағдайдың шешілгеніне алғыс білдірген қала тұрғыны Есенберлин көшесінің соңында жөнді автобус аялдамасының жоқтығына мән берді. Тұрғындарға қыстың қақаған аязы мен ызғарында онсыз да сирек келетін автобустарды суық аялдамаларда күтуге тура келеді.
Следующая →
- Бізге бірқатар тұрғындар жылу есептейтін құралдар туралы толық ақпарат білу үшін келді. Оны қалай орнатуға болады, тиімділігі қандай деген мәселелерді түсіндірдік. Жалпы қазіргі жаңа үйлерде жылу есептегіш құралдары орнатылған. Құрылысы ертерек аяқталған үйлерде ондай құрылғылар жоқ. Біз тұрғындарға жылу есептегіштерді 3 түрлі жолмен орнатуды ұсынамыз. Бұл тұрғындарға жылу ақысын 30%-ға азайтуға көмектеседі, - деді Өскемен жылу жүйелерінің маманы Алия Султанбекова.Абаттандыру, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй кезегі мәселелері бойынша барлығы 50 адам қабылданды.
Мысалы, көпбалалы ана, күміс, алтын алқа иесі, зейнеткер Мәрия Абыкасымоваға жуықта баспана берілген екен. Алайда ол баспана әлі Мәрия ананың атына ауыстырылмапты. Бұл мәселені қала әкімі Жақсылық Омар жуық арада шешіп беруге уәде берді.
Жаңадан бой көтерген үйлердің тұрғындарын жауын жауса төбеден пәтерге тамшы ағатыны, яғни, сапасыз құрылыс мәселесі мазалайды. Мұнда да әр үйдің жағдайы әр түрлі, бірінің құрылыс кепілдемесі бітіп қойса, енді бірін мердігерлер жөндеп беруге міндетті.
Төбеден ағатын су мәселесі Есенберлин көшесі, 31/1 үйдің тұрғындарының да мазасын қашырғалы қашан. Жақсылық Омар тұрғындардың көзінше, қолма-қол мердігер компанияның басшысына видео қоңырау жасап, жағдайды тез арада қалыпқа келтіруін тапсырды.
Үлбі кентінің тұрғындары атынан келген Надежда Павловна бірқатар мәселені көтерді. Олардың ішінде кентте бірде бір жабдықталған балалар алаңының жоқтығы, жолдардың асфальттанбай жатқаны бар. Бұл мәселелер тұрғысында қала басшысы хабардар және мәселелерді шешудің жолдары қарастырылып жатқанын айты.
7 жыл бойы жер асты суының көтерілуінен зардап шеккен Көкжал Барақ көшесінің тұрғындарының мәселесі шешімін тауыпты. Мәселенің оңынан шешілгенін Роза Рахметова айтып келді. Жауыр болған жағдайдың шешілгеніне алғыс білдірген қала тұрғыны Есенберлин көшесінің соңында жөнді автобус аялдамасының жоқтығына мән берді. Тұрғындарға қыстың қақаған аязы мен ызғарында онсыз да сирек келетін автобустарды суық аялдамаларда күтуге тура келеді.
- Есенберлин көшесіне баратын көліктер Көкжал Барақ, 2/1,2/2 үйлерінің алдынан тікелей өтеді. Осының алдында жол мұндай қозғалысқа ыңғайсыз еді. Алайда қосымша жөндеу жұмыстарынан кейін жолдар қосылып, енді Есенберлин көшесінің жұп санды үйлерінің тұрғындары тікелей біздің ауламен өтетін болды. Біз балаларымызды аулаға қараусыз жіберуге қорқамыз. Көліктердің көптеп жүруі балалардың да, ересектердің өміріне қауіп төндіреді, - деп қосты Роза Рахметова.Бұл мәселені қала басшысы сенбілік тексерулерінде қарап шығатынын және жолдардың ашылу және жабылу мәселесі тек жол полициясының шешімімен жасалатын мәселе екеніне назар аударды.