Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемендік Айжан Оңтүстік Кореяда ем қабылдау үшін көптің көмегіне мұқтаж

Қала тұрғыны Айжан Ислямова екі жыл бұрын сол жақ өкпенің миофибробластикалық саркомасы ауырына шалдыққан. Сүйікті жар, екі баланың анасы  Айжанның  Оңтүстік Кореяда ем қабылдауына қомақты қаражат қажет

Айжан Қабиолдақызы 2018 жылғы желтоқсан айында №4 қалалық аурухананың пульмонология бөлімшесінде сол жақ өкпе пневмониясы диагнозы бойынша ем алған.

2019 жылы наурызда рентген аппаратына түскенде дәрігерлер қара дақтың бар екенін анықтайды. Ал кеңейтілген КТ жүрек пен өкпенің арасындағы бос кеңістікте 3 см ісіктің тұрғанын анықтап берген. Мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласына барып қаралғанда да кеудеде істің бар екені нақтыланған. Маусымда Өскемен қаласындағы ШҚО Онкологиялық диспансерінде ота жасалып, ісікті сол жақ өкпесімен қоса алып тастаған. Нақты диагноз отадан кейін 2 ай дегенде әрең қойылған "сол жақ өкпенің миофибробластикалық саркомасы".

Айжанның айтуынша, 2019 жылы қыркүйек пен қараша айлары аралығында 3 химиотерапия курсын алып, дәрігерлердің "Енді осымен бәрі жақсы болады" деген сөзіне сеніп, ел қатарлы өмір сүріп жүрген. 
- 2020 жылғы 1 маусымдағы ПЭТ КТ нәтижесі отадан кейін енді ғана бір қалыпқа түсе бастаған өмірімдегі тыныштықты қайта бұзды... Ота жасап алып тастаған өкпемнің орнында бірнеше ісік-жара пайда болып, өсіп барады екен. Денсаулық жағдайыма байланысты жұмыстан шығып, 18 маусым мен 23 қазан аралығында 6 химиотерапия курсын алдым... Көмектеспеді... 18 қарашада түскен КТ нәтижесі бойынша дәрігерлердің ісікке қарсы дәрі қабылдау керек деген шешімі шығарылып, 2020 жылдың 10 желтоқсаны мен 26 наурызы аралығында қатты ауырған кездерде арасында демалып, "Вотриент" деген дәріні қабылдадым. 20 наурыздан бастап бауырым, асқазаным, ұйқы безім қатты ауырғандықтан, 26 наурыздан бастап "Вотриентті" қабылдауды тоқтаттым. 2021 жылғы 29 наурыздағы КТ нәтижесі жүрегімде көп мөлшерде су жиналып қалғанын анықтап берді. Сәуір-мамыр айлары кардиологқа қаралып, жүректегі көлемі 800 мл-ге жеткен суды шығару үшін жанталасумен өтті. Жүрекпен алысып жүргенде саркома да өсуін тоқтатпауда... - дейді аурудан әбден қажыған Айжан Ислямова.
Бүгінгі таңда Айжанның сол жақ өкпеснің орнына шыққан ісік жараларға жүрекке, кеудедегі қабырғаның сүйегіне, беліне шыққан. Қарапайым ауырсынуды басатын дәрілер қазір әсер етпейді. 
- Қазір Оңтүстік Кореядағы дәрігерлермен сөйлесіп отырмыз. Мен басынан бастап отандық медицинаға сендім, дәрігерлердің айтқанын бұлжытпай орындадым. Болмады… Мен тек өмір сүргім келеді,12 және 5 жасар ұлымдарымды анасыз қалтырғым келмейді. Осы екі құлыншағым өз қолдары өз ауыздарына жететін жағдайға келгенше жандарында жүре тұрғым келеді. Алла разылығы үшін көмектесіңіздерші! - деп тұрғындардан көмек сұрайды Айжан Ислямова.
Оңтүстік Кореяның "Инха" клиникасында қаралып, ем алуға шамамен 10 млн қаражат қажет. Бүгінде   жанашыр жандардың көмегімен Айжанның шотына 4 191 120 теңге жиналған. 

Біздің редакция ұжымын бей жай қалдырмаған Айжан Ислямованың еміне сіз де жанашырлық танытып, көмек қолын созуыңызға болады. Есепшот нөмірлері төменде көрсетілген. 

Реквизиттері: 

Kaspi Gold: 4400 4301 0155 4365/ 8705 528 02 25 (Айжан Исляомва) 
Халық банк: 4003 0327 4963 9243 (Тергембаева Кульдария Камельбековна – анасы)

Толық ақпарат  инстаграм әлеуметтік желісіндегі @help_aijanga_komek парақшасында. 
Следующая →