Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +19°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +18°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +18°
  • Кокшетау
    +20°
  • Костанай
    +15°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +11°
  • Шымкент
    +20°
$
439.4
473.54
¥
60.82
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Балалар жазғы демалыста лагерьге бару үшін міндетті түрде ПТР-тестін тапсыруы қажет

Үржар ауданындағы облысқа, тіпті бүкіл елге танымал балалар демалыс орны - "Үржарайым" лагері өз жұмысын бастады

Балалар демалыс-сауықтыру орны облыстың бас санитары бекіткен санитарлық нормаларды сақтап, жаңа маусымды толық дайындықпен бастаған.

Биыл маусым-тамыз аралығындағы 8 кезеңде 640 бала демалуға келеді деп жоспарланған.
- Өңіріміздің бас санитарының қаулысы негізінде лагерьге келетін балалар ПТР тестін тапсыруы міндетті. Негізінде лагерь бір кезеңде 165 балаға есептелген. Бірақ биыл санитарлық нормаларға сай, 50 пайыз сыйымдылық қағидаты бойынша 80 балаға орын дайындалған. Жатар орындардың ара қашықтығы 2 метрден. Әр қабатта кварц, антисептиктер, кіре берістерде арнайы кілемшелер қойылған. Дезинфекциялық заттар артығымен алынған. Сонымен қатар, лагерь қызметкерлері түгелдей вакцина қабылдаған, - дейді Үржар аудандық білім бөлімінің маманы Гүлнұр Меделханқызы.
Жалпы биыл облыстағы 183 мыңнан астам бала жазғы демалыс-сауықтыру орындарына жіберіледі деп жоспарлануда. Бұл мақсатта 220 млн теңге қарастырылған, оның 194 млн теңгесі лагерьлерге жолдама сатып алуға жұмсалса, қалған 26 млн теңге демалыс-сауықтыру орындарын қажетті дезинфекциялық заттармен қамтамасыз етуге бағытталады. 
Следующая →