Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Шіліктідегі мал неден қырылыпты?

Зайсан ауданының Шілікті ауылдық окургіндегі Шілікті, Жалши және Қарасай ауылдарында қой мен қозы, бұзау ауырып, белгісіз себептен өліп жатқанын жазған едік осыған дейін

Негізінен малдар сәуір айының соңында қар аралас жаңбыр жауып, күннің күрт суытқан шағында жаппай ауырып, өле бастаған. Алдымен малдың ауыз және мұрын қуыстарының шырышты қабаттары жараланып, кейін аяғын баса алмай, тіпті тұяғы да түсіп қалады екен. Бұл жұқпалы ауру деген ауыл тұрғындарының дүрлікпесінен кейін облыстық Ветеринария басқармасынан арнайы комиссия барып, сынама алған болатын. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бір емес, тіпті бірнеше рет келіп ауру малдан сынама алынған. Сол сынаманың нәтижесі бір айға жуық уақыттан кейін белгілі болды.
- Жалпы осы уақытқа дейін 12 бас ірі қара малы (7 бас биылғы төл, 5 бір жастан асқан), 120 бас ұсақ мал (10-20 күндік төл) өлген. Ауырған малдың клиникалық белгілері бойынша және өлген малдан сынама алынып, бактериологиялық, вирусологиялық, биохимиялық тексеру жасалды. ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның жүргізген сараптамалар қорытындысы бойынша анаэробтық ифекция анықталды, - деп мәлімдеді облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов. - Қазіргі уақытта ауылдағы эпизоотиялық ахуал тұрақты.
Басқармадағылар жағдай тұрақты дегенімен, ең көп мал шығыны болған "Нұрдәулет" шаруа қожалығының иесі Айболат Лекеров малдың әлі де ауырып жатқанын айтады. 
- Мал әлі ауырып жатыр. Аудандық ветеринариялық инспекцияның басшысы келіп, шаруа қожалығымда шектеу енгізілетіндігін және малға екпе салынатындығын айтты, - дейді Айболат Лекеров.
Аудандық ветинспекция басшысы бұл сөзді растады. 
- Мен ауыл әкіміне шаруа қожалығында шектеу енгізу (малды аумақтан шығару, сою/сатуға тыйым салынады) туралы ұсыныс жасадым. Әкім шешімі бойынша шектеу қойылады. Қожалықтағы малдарға екпе салынып, сауықтыру шаралары жүргізілетін болады, - деді ветинспекция басшысы Серік Қожекенов. 
Ветинспекция басшысы ауылдағы басқа халықтың малы ауырмады деп кесіп айтып отыр. Осы жердегі түсініксіз жағдай - басқарма 17 үйдің малы ауырып, өліп жатыр деп көрсеткен болатын о баста.

Малы қырылған шаруаларға ешқандай өтемақы төленбейтінін де айта кеткен жөн.
- Ауыл шаруашылық министрінің 2014 жылдың 30 қазанындағы №7-1/559 бұйрығында өтемақы төленуі керек аурулар тізімінде жоқ болғандықтан, өтемақы төленбейді, - деді облыстық Ветеринария басқармасының басшысы.

Следующая →