Біз халық әні деп жүрген "Сәулем-ай" француз әні ме?
"Сәулем, сәулем, сәулемсің, басымдағы дәуренсің..." Ойнақы, жеңіл айтылатын осы бір тамаша әннің авторы кім? Жұрт санасына сіңіп, ұзақ жылдардан бері қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан өнер туындысын өмірге әкелген қандай жан?
Кезінде бұл әнді қоңыраудай сыңғырлаған үнімен әулеткен Роза Бағланованың дауысы бүгінде жадымызда жатталып қалғандықтан ба, туындының халық әні екендігіне шүбәсіз едік. Әнсүйер жанның қайсысынан сұрасаңыз да мұның халық әні екендігіне сенімді. Алайда жұртшылықтың сүйіп айтатын осынау әнінің авторы бар екен. Дұрысы, болған екен. Ал белгілі жазушы Сафуан Шаймерденовтің естелік-әңгімесінде жазылғандай бұл әнге француздардың да таласы бар. Жазушының "Сәулем, сәулем, сәулемсің" деп аталатын естелік-әңгімесінде автор Франциядан келген екі қонақ келіншекті 1969 жылы өзінің автокөлігімен қыдырта жүріп, Алматының көрікті деген жерлерімен сайрандатады. Бір әредікте олардан француздың бір ескі әнін айтуларын өтінеді. Кітап бетін парақтасақ: "...Анн да, Лили де бәлсінген жоқ. Өзара французша сөйлесіп сәл отырды да, лепті де ойнақы әнді айта жөнелді.
- Ау, азаматшалар, бұл француз әні емес, қазақ әні ғой?
- Жоқ, бұл Беранженің әні.
- Жоқ, бұл қазақ әні. Нанбасаңыздар, қараңыздар:
Аяғыма кигенім былғары етік, сәулем-ай,
Аяғымнан барады ызғары өтіп, сәулем-ай.
Жақсы болсаң келерсің судан өтіп, сәулем-ай,
Жаман болсаң қаларсың суға кетіп, сәулем-ай.
Е-һей, сәулем, сәулем, сәулемсің,
Басымдағы дәуренсің.
Жақсы болсаң, сәулемсің,
Жаман болсаң, әуремсің.
Осыдан кейін олар французша, мен қазақша қосылып айттық. Мүдіріп қаларлық бір өзгеріс жоқ. Кәдімгі "Сәулем, сәулем, сәулемсіңнің" өзі. Бар айырмашылық тексте ғана...".
Әлбетте, Абай баба айтпақшы, "өнерге әркімнің де бар таласы". Таяуда қазақ радиосының журналисі Мөлдір Жанбайқызының алматылық Әмина Есманқызы деген апайымызбен сұхбатында ол кісі бұл әнді өзінің қайын атасы Бақыбай Әуелбаевтікі екендігін алға тартты. Ән авторы Бақыбай Әуелбаев 1896 жылы бұрынғы Балқаш ауданының Балатопар деген ауылында дүниеге келген екен. Айтыскер ақын, өз жанынан ән шығаратын өнерлі жан болса керек. Ол кісі Ұлттық ғылым академиясының штаттан тыс қызметкері де болған адам көрінеді. Кенен Әзірбаевпен жақын араласқан Бақыбай ақсақал кезінде Жамбыл атамыздың ұлы Әлімқұл Жабаевпен Ұзынағаш ауылында айтысқа да түсіпті. Келіні Әмина Есманқызының айтуы бойынша, атамыз әнді 19 жасар Ұмытшақ есімді аруға арнаған. Екеуі қайымдас айтысып жүріп үйленген екен. Адал махаббаттан "Сәулем-ай" әні дүниеге келеді. Алайда Әмина апай ән мәтіні көп өзгергендігін айтады. Әрине, мұның төрелігін музыка зерттеушілері айта жатар. Дегенмен, ән қазақ аспанында қалықтап, жүз жылдан астам уақыт көңілді отырыстар мен той-думанның көркі болып келеді. Қаншама ғашықтарды табыстырды.
Ал белгілі жазушы Сафуан Шаймерденов жазған француз әйелдерінің шырқаған әнінің авторы Беранже Пьер-Жан де 1780 жылы дүниеге келіп, 1857 жылы бақилық болыпты. Бақыбай Әуелбаевтың туған жылы 1879 жыл. Бұл кісі Беранже өлгеннен кейін 22 жылдан кейін жарық дүние есігін ашқан. Демек, бұл ән Беранженікі емес. Әмина апайдың айтуы бойынша "Сәулем-ай" әні шамамен 1903-1905 жылдары туған. Біздің де әннің Беранженікі екендігіне күмәніміз көп. Радио-дан болған сұхбат барысында Әмина Есманқызы әннің Бенджамин деген композиторға телініп жүргенін айтады. Ағылшын композиторы Бенджамин Бриттен 1913 жылы туып, 1976 жылы өмірден өткен. Ән 1903-1905 жылдары туса, бұл жорамалдың да қисынға келмейтіні анық. Әнде біздіңше, қазақтың бүкіл болмысы мен жан дүниесі астасып жатыр деуге болады. Төл туындымыз екені анық. Сондықтан, әнді Беранжеге де, Бенджаминге де таңу еш қисынға сыймайды. Еуропаның көңілді әуенінен гөрі шығыстың ойнақы әндеріне көп келеді. Қисыны да сол.
Ал Бақыбай атамыздың келіні Әмина Есманқызының айтуынша, атасы қарапайым, қақ-соқпен шаруасы шамалы, біртоға адам болған. "Айыбы" Ұмытшақ атты аруға ғашық болып, үйленгені ғана. Кейін Ұмытшақ апамыз алғашқы нәрестесін босанып, қайтыс болып кетеді. Ал Бақыбай ата біреудің дүниесін (алыста жатқан Беранже мен Бенджаминнің) иемденбек емес. Өйткені бұл ән Бақыбай Әуелбаевтың өз жүрегінен шыққан. Әрине, төрелігін музыка зерттеушілері айта жатар. Біздікі өзгеге кеткен жауһарларымыздың онсыз да көп екендігін еске салу ғана. Демек, барымызға ие болсақ екен деген ой.
Следующая →