Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бесқарағай ауданында 13 еріктілер тобы бар

Бесқарағай ауданында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен 422 адамнан тұратын 13 еріктілер тобы құрылған

2020 жылы ауданда 120-дан астам қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 395 отбасы көмек алды. Биыл "Игі істер марафоны" ұлттық жобасының аясында Бесқарағай ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Ардагер time" жобасы қолға алынған. Жобаның негізгі мақсаты - жалғызбасты зейнеткерлерге махаббат пен жылу сыйлау. "Ардагер time" жобасы іске қосылған сәттен бастап еріктілер тұрақты негізде жалғыз тұратын зейнеткерге көмек көрсетуде. Жыл басынан 17 акция өткізіліп, 210 жалғызбасты зейнеткерлерге және тыл еңбеккерлеріне аула аумақтарын жинау мен отын-көмір дайындауға көмек көрсетілген.

Еріктілер тобы 7 отбасыға 15 тонна көмір жеткізіп, 50 отбасыға азық-түлік себеті түрінде көмек көрсетті.
- Бесқарағай ауданының басты байлығы - адамдар. Мені ауданымызда белсенді азаматтық ұстанымы бар, жүрегі кең жерлестер өте көп екені қуантады. Біз пандемия кезінде волонтерлік қызметті бастадық. Біздің ауданда волонтерлік қызмет дамуда, үлкен ауқымдарға ие болуда. Қайырымды істер әлі де жалғасын табады, өйткені жақсылық бір рет қана жасалмайды, - дейді еріктілер қозғалысының мүшесі Назар Садуов.
Следующая →