Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Балалар неге безбүйрек болып барады?

Атыс-шабыс ойындар қатігездікке үйретпей ме?

Ақпараттық технология дамыған заманда өмірімізді компьютерлік құралдарсыз, гаджетсіз елестету мүмкін емес. БҰҰ Қазақстанда зерттеу жүргізген кезде елдегі балалардың 79 пайызы сәби күнінен бастап кемсіту мен қорлыққа тап болатынын анықтаған. Соңғы жылдары сандық технологиялардың дамуы себепті балаларға қатысты зорлық түрлеріне "кибербуллинг немесе онлайн қорлау" термині қосылған. 

Соның кесірінен жасөспірімдер ғаламтордағы белгісіз топтардың құрбанына айналып, тіпті араларында өз-өзіне қол жұмсағандар да анықталды. Осы санда интернет ойындардың балалар мен жасөспірімдерге әсері мен кибербуллинг мәселесі туралы сөз қозғамақпыз. 

 Ойын баланың мінез-құлқын өзгертеді 



Бүгінгі таңда кез келген үйде компьютер мен ғаламтор, ұялы телефон бар. Балалардың көпшілігі бос уақытын ойын ойнаумен өткізеді. Одан қалса, теледидардан шетелдің шуы көп мульфильмдерін тамашалайды. Баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндік бола бермейді. Кейде үй тірлігіне алаңдаған ата-ана баласының тыныш отырғанын тәуір көріп, компьютер мен теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Керісінше ойынның түр-түрін әкеліп баланы қызықтыратындар бар. Бірақ уақыт өте келе олар кішкентайларының компьютерге қалай тәуелді болып қалғанын аңғармайды. Ал компьютерлік ойын кімге болса да қызық. Тіпті ересектердің өзі ойынның шырмауынан шыға алмай қалады. Психолог мамандардың айтуынша, балалар бұл ойындарға қызықса, оларды жуық арада тоқтату мүмкін емес екен. 
- Онлайн ойындар баланы енжарлыққа душар етеді. Интернетті өзінің бірінші серігі, ал компьютерді "досы" етіп таңдаған бала айналасындағы адамдармен еркін араласу қабілетін лезде әлсіретіп алады. Өзгенің адами мұң-мұқтажын түсінбейтін, айналасындағылардың жан қиналысын сезіне бермейтін, яғни жүрегі селт етпейтін қатыгез болып шығады. Адамдармен, тіпті өзінің жақындарымен, әке-шеше, бауырларымен араласудан қашқақтайтын ондай бала шынайы өмірді виртуал, жансыз "өмірге" айырбас-тап жіберетіндей дәрежеге жетеді. Өз-өздеріне сенімсіз, жалтақ және ата-ана қарауынан тыс қалған балалар онлайн ойындарға әуес болады. Қазір ұл балалардың басым көпшілігі атыс-шабыс ойындар ойнайды. Зұлымдық, қантөгіс пен қатыгездік суреттелген ойын бала психикасына теріс әсер етеді, - дейді психолог Еркежан Асанқызы.
Мамандардың айтуынша, интернет ойындарға әуесқойлық балалардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауынан болады. Яғни, түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына қатысып, бойындағы талантын таныған балада бос дүниелерге уақыты болмайды.

 Кибербуллинг деген не? 



Кибербуллинг - адамды ғаламторда, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені қорғансыз балалар қорыққаннан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды. 

Әлемде 13-15 жас аралығындағы 150 млн-ға жуық бала мессенджерлердегі зорлыққа тап болатыны анықталған. Әрбір оныншы бала мұндай қорлықты күнделікті немесе апта сайын бастан кешеді екен. Ал елімізде 11-15 жастағы жасөспірімдердің 12 пайызы кибербуллингтің құрбанына айналған.

Ресми деректерге сүйенсек, кибербуллинг жасаушылардың дені педофилдер екені анықталған. Мамандардың айтуынша, желіге өзге атпен тіркелетін педофилдер балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш фотоларын жүктеуге итермелейтін көрінеді.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы адам тағдырын тәлкіге салатын ойындар кең тарады. Бұдан бірнеше жыл бұрын кибербуллинг көрінісі болған "Көк кит", "Қызыл жапалақ", "Мені сағат 4:20-да оят", "NaN", "F57", "Тыныш үй", "Үй жағдайында Винкс мультфильміндегі періге қалай айналуға болады" сияқты онлайн ойындардың құрбандары да - жасөспірімдер екені белгілі. 

"Үй жағдайында Винкс мультфильміндегі періге қалай айналуға болады" онлайн ойын ережесі бойынша үйде барлық адам ұйықтап жатқанда, ешкімге білдірместен асүйдегі газды қосып қою керек. Содан кейін барып бала төсегіне барып жатуы тиіс. Баланы осылай етсең, періге айналасың деп сендіреді. Ғаламтор желісінде бір қарағанда ешқандай зияны жоқ болып көрінгенімен, өмірге аса қауіпті осындай ойындар жетерлік. 
- Балаларды әлеуметтік желі қысымынан қорғайтын заң әлемнің 21 елінде қарастырылған. Мысалы, Германияда кибермоббинг ұйымдастырған ересек адам 10 жыл, жасөспірімдер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оңтүстік Кореяда 2007 жылдан бері ғаламтордағы қорлыққа қарсы арнайы заң жұмыс істейді. Қазақстанда әлі күнге дейін кибербуллингке қарсы арнайы заңдар қарастырылмаған. Шынымен де, бізге кибербуллингке қатысты әкімшілік емес, қылмыстық істер қозғау туралы арнайы заң қабылдайтын кез келді, - дейді заңгерлер.
Жасөспірімдердің кибербуллингке ұшырауына сматрфон себеп. Мысалы, елімізде ата-аналар балаларына ұялы телефонды 3 жасынан бастап қолына ұстатып қояды, не көрсе де өз еркі. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 4-6 жастағы балалардың 54%-ның жеке планшеті немесе смартфоны бар. Ал бұл көрсеткіш бала 14 жасқа келгенде 94%-ға артады. Смартфонды балаға ұсынғасын ата-аналар тарапынан қадағалау болуы керек. Күйбең тіршілік салдарынан ата-аналар әлеуметтік желілерде бала кіммен сөйлесіп, қандай видеолар көріп, қандай ойындар ойнап жүргеніне салғырт қарайды. Шектеу қойылған видеолар мен ойындардың өзінде "18 жасқа толдыңыз ба?" деген сұрақ қана шығады. Оған бала "иә" деп жауап бере салуы да мүмкін. Оны ешкім жіті тексермейді. 
- Менің үш балам бар. Екеуі мектеп оқушылары. Қазір балалардың әрқайсында телефон бар. Әкелері де, мен де телефондарын қарап, қадағалап отырамыз. Ютуб каналына шектеу қойдық. Балаға планшет немесе смартфонды ұстатқан сәттен бастап бәрін қадағалау қажет деп есептеймін. Желідегі уақытын шектеп, интернеттегі бұзақылық туралы түсіндіру қажет. Ал 3 жасында қолына жай ғана смартфон ұстатып қойып еш қадағаламасаңыз, 5-6-10 жасқа келгенде үлкен мәселелер туындауы мүмкін. Сол себепті әрбір баламен кішкентай кезден бастап осы туралы әрдайым әңгімелесу керек, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Назым Тасболатова.


Сабақ қарап отыр ма, ойын ойнап отыр ма? 



Қазіргі таңда онлайн ойындардың ең танымалы - PUBG. Ол "ұрыс алаңы" деген мағынаны береді. Құрастырушылар компьютерге арналған PUBG ойынына сұраныстың артқаны соншалық араға бір жыл салып телефонға арналған PUBG Mobile нұсқасын жасап шығарған. Міне, дәл қәзір PUBG мен оның Mobile нұсқасы нарықтағы ең сұранысқа ие ойын. Ойын үстінде ойыншылар бір-бірі мен еш қиындықсыз сөйлесуге мүмкіндік бар. Ойынның шарты өзіңе қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тауып, өмір үшін өзгелермен күресесің. Дәл осындай Free fire, Clash of Clans ойындары да атыс-шабыстан тұрады. Бұл ойындарды ұлың да, қызың да қатар ойнап жүр. Үйіңіздегі балаңыздың смартфонын тексеріп көріңізші. 
- "Жығылған үстіне жұдырық" демекші қазіргі пандемия жағдайы онсыз да ойсырап тұрған білім саласын тіпті құлдыратып жіберді. Онлай мектеп деген аты болғанымен, заты оқу емес. Мысалы, кейбір оқушылар ұйқысы қанған кезде тұрады. Zoom платформасында немесе What’sApp желісінде өтіп жатқан сабаққа кіргісі келсе кіріп, қатысқысы келмесе тағы өзі біледі. Баланы қадағалап отырған ешкім жоқ. Өйткені ата-анасы жұмыста. Сынып жетекшісі хабарлаған күнде де құлақ аспайды. Білім сапасы мүлде құлдырап кеткен. Онлайн оқуда бала сабақ оқудан қол үзіп кетеді. Бос уақыттарын ғаламтормен, одан қалса, әлеуметтік желілерге кірумен, түрлі ойын ойнаумен өткізеді, - дейді қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Сәуле Қайрамбаева.
Шынымен де, әке-шешесі жұмысқа кеткенде үйде қалған баланың не істеп отырғанын кім білсін... 

 Қатігездікке бойы үйреніп кетпей ме?



Атам қазақ баласын үш-ақ сөзбен тәрбиелеген: "ұят болады, жаман болады, обал болады". Аталы сөзді ұғатын ұрпақ болса, астарын өзі-ақ түсініп алады. Ал бүгінгідей кітап бетін айшпайтын, ғаламторға шырмалып, телефонға байланған балаға бұл сөздердің әсер ете қоюы екіталай. 

Атыс-шабыс ойындар, теледидар мен ғаламтор кеңістігінде күнде көрсетіп жатқан жан түршігерлік жаңалықтардың көбі соншалық бүгінде адамның санасы да селк етпейтін, бүйрегі де бүлк етпейтін күйге жеттік.

Мәселен, 11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепте қаншама жазықсыз бала оққа ұшты. Оқ атқан 19 жастағы бозбала, сол мектепте білім алған екен. Қаза тапқандардың жетеуі - сегізінші сыныпта оқыған, екеуі -
ұстаз. 21 адам жараланған, олардың 18-і оқушы. 

Мұғалімдері бұл бозбаланың бұрын салмақты, үздік оқушы болғанын айтады. Мектепте оқып жүрген кезде мұғалімдердің тарапынан Ильназ Галявиевке қатысты ешқандай шағым түспеген. 

Мектепке шабуыл жасамас бұрын Ильназ Галявиев "Құдай" деп аталатын Telegram каналын ашып, өзін "бәріңнен құтылу үшін адам кейпінде келген Құдай" деп атаған. 11 мамырда таңертең ол маска мен жилет киген фотосурет астьна "Бүгін мен био қоқыстарды өлтіріп, өзімді атып тастаймын" деген жазба жариялаған екен. 

Қарап тұрсаңыз, бұл 19 жастағы ғана бала. Бір кезде үлгілі оқушы болған ол неге аяқ астынан бүкіл әлемді жек көріп кетті? 

Балалардың ешкімге жаны ашымайтын, безбүйрек болып өсуіне кім немесе не кінәлі? Айналып келгенде бәрі тәрбиеге байланысты емес пе? Ата-ана өзі күні бойы жұмыста, үйге келе сала телефон экранына шұқшиып отырса, үйдегі бала тәрбиесімен кім айналысады? Әкенің қамқорлығы, ананың мейіріміне қанбаған, ата-әженің ақылы мен нақылына құлақ аспаған ұрпақ азып кететінін ұғынып, уақытында әрекет ету керек.
Следующая →