Зайсан ауданындағы полиция қызметі "циклоп" жүйесімен қамтылды
Сонымен қатар, Зайсан ауданының №25 өрт сөндіру бөлімі өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған жаңа техникамен толықты
Автокөлік 2020 жылы "КАМАЗ" компаниясында шығарылған, су сыйымдылығы 5 тонна.
Осы автокөлікті алуға мұрындық болған Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, Азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Нұрпейісов және аудан әкімі Серік Зинабекұлы.
Бұған қоса Зайсан ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа тәртіп сақшысы пайда болды. Аудан аумағында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Зайсан ауданы полиция бөлімінің қызметтік автокөлігіне "Циклоп" сигналдық жүйесі орнатылды. Бұл патрульдік полиция автокөліктерінің жұмысын автоматтандыруға арналған алғашқы ұтымды шешім.
Ақпараттық бағдарламамен жасақталған "Циклоп" күмбезді камерасы жылдамдықты асыру, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонмен сөйлесу, аялдама сызығынан өту, күндіз көліктің жарығын қоспай жүру секілді кез келген құқықбұзушылықты және іздеуде жүрген көліктер мен жалған мемлекеттік нөмер тіркеп алған автокөліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Следующая →

- Заманауи "Циклоп" камерасы 360 градусқа бұрылып қана қоймай, күндіз 300 метр, түнде 150 метрге дейінгі жерді бақылай алады. Камераға түскен кескіннің сапасы өте жоғары болып шығады. Тіпті, адамның автокөлік салонының ішінде шекілдеуік шағып келе жатқанын 200-300 метр қашықтықтан көруге мүмкіндік береді. Камераға түскен ақпарат 3 жылдан 5 жылға дейін сақталады, - дейді Зайсан ауданының полиция бөлімінің мамандары.