Усть-Каменогорск
малооблачно
+15°
  • Усть-Каменогорск
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Нур-Султан (Астана)
    +15°
  • Актобе
    +20°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +17°
  • Караганда
    +15°
  • Кокшетау
    +15°
  • Костанай
    +14°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО этномәдени бірлестіктері мүшелері мерекемен құттықтады

1 мамыр - Бірлік күні біздің елімізде маңызды мерекелердің бірі. Атаулы мереке Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ-берекені насихаттайтын ерекше күн

Бүгінде Қазақстан басқаларға ұлтаралық татулықтың, бір-бірінің құқығын бұзбай, өзара сенімділікпен өмір сүрудің нағыз үлгісін көрсетіп отырған бақытты ел. Түрі басқа - тілегі бір, жүзі басқа - жүрегі бір, діні басқа - ділі бір ұлт өкілдері қазақ елін өз туған жұртындай көреді. 

Адам.jpg

Адам Эльмырзаев, шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің өкілі




- Ағайынды Абдуллиндер ат. өнер училищесінің 2-курс студентімін. 2011 жылдан бері осы бірлестікте өнер көрсетемін. Өскемен - менің туған жерім. 

Елімізде пандемия болмай тұрып, "Достық" атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсететін. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыс-тар ұйымдастырылатын. Жылда орталық алаңда шеруге шығатынбыз. Биыл да пандемияға байланысты мерекені ауқымды көлемде атап өте алмаймыз. Тек Достық үйі онлайн ұйымдастыратын мерекелік концертте өнер көрсететін боламыз.

Жерлестерімді Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ең бастысы, ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмаса, Қазақстанда тұратын ұлттар арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деп тілеймін!


Александр 2.jpg

Александр Яковлев, славян этномәдени бірлестігінің төрағасы




- Славян этномәдени бірлестігі - Қазақстандағы алғаш құрылған этномәдени бірлестіктердің бірі. 1990 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Былтыр бірлестіктің 30 жылдығы болды.

 "Бірлік болмай тірлік болмас" деген сөз бар ғой. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. "Береке бас-
тауы бірлік, ел іші тату тірлік" қағидасын ұстанған ел үшін, біз үшін бұл мейрамның орны ерек. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! 


Галина.jpg

Галина Борисович, белорус этномәдени бірлестігінің төрайымы



- Мен Белоруссияның Витебск облысында дүниеге келдім. 1960 жылы отбасымызбен Қазақстанға қоныс аудардық. Белорус азаматтарының басым көпшілігі кеңес заманында Өскеменге титан-магний комбинатының құрылысы кезінде қоныс аударып, осында тұрақтап қалды. 

Елімізде белорус этномәдени бірлестігінің құрылғанына 21 жыл толды. Бірлестік өкілдері әртүрлі танымдық іс-шаралар өткіземіз. Арнайы сабақтарда Беларуссияның ақын-жазушыларын, архитектурасын, фильмдерін, ұлтық тағамдарын, тарихы мен мәдениетін талқылаймыз. Қалада белорустар саны аз, сондықтан да ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетімізді жүрген жерде айтып, барған жерде көрсетіп жүреміз. 

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірілігі мерекесі біз үшін өте ерекше. Бала кезден бері орталық алаңға мәз-мейрам болып шеруге шығатынбыз. Міне, екінші жыл пандемияға байланысты бұл мерекені кең ауқымда атап өте алмайтындығымыз өте өкінішті. Айта кетейін, биыл Қазақстанда Белоруссияның мәдени күндері өтеді. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымақ, бірлігіміз мәңгі жасай берсін! 
Следующая →