Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде тропикалық көбелектер көрмесі өтіп жатыр

Тропикалық көбелектердің 15 түрі бар

Алты айғы қыс кетіп, жер беті бусанған көктемде ерекше бір жылылық іздеп, әдемілікке құмартып, жақсылық күтесің. Сәуірдің басы тәуір бола қоймады. Дегенмен шаһарға тропиктік елдерден жеткен әсем көбелектер көктемнің лебін ала келгендей...

Облыстық өлкетану мұражайында қанатты жәндіктердің экспозициясы ұсынылған. Мұнда келушілер көбелектерге қарап тамсанып қана қоймай, қолдарына қондырып, естелік суреттерге де түсе алады. Сонымен қатар, мамандар олардың әр түрімен таныстырып, әрқайсысы жайлы қызықты мәліметтермен бөліседі. Тіпті, жолыңыз болса, көбелектердің қуыршақты жарып шыққан сәтіне де куә болуыңыз ғажап емес. 


 Тропикте жүргендей...



Музей ғимаратының екінші қабатында шағын ғана арнайы бөлме жасалған. Бөлме ішіндегі ауа температурасы +30 градус шамасында, ауа ылғалдандырғыш құрылғылар да қосылып тұр. Бұның барлығы ыстық елдерден жеткізілген әр түрлі көбелектер үшін жасалған жағдай. 

Көрме - фото В. Ивановтікі (5).jpg

- Бұл көбелектер ылғалдық ыстық елдерде өмір сүретіндіктен, сәйкес температураны сақтауымыз қажет. Олар тропиктік елдерде, әрине, түрлі жеміс-жидек түрлерімен қоректенеді. Ал біз мұнда апельсинмен, қант шәрбатымен қоректендіреміз, - дейді Карина есімді көрме қызметкері.
Бөлме ішінде кәдімгі ұшып жүрген түрлі түсті көбелектермен қатар, әлі дүниеге келмеген көбелектер де бар. Олар арнайы жәндікжай (инсектариум) ішіне орналастарылған. 
- Инсектариум ішіндегі таяқшаларға қуыршақтар (куколки) тізілген, - дейді Карина. - Оның ішінен көбелектер жарып шығады. Көбелек шығар уақытта қуыршақтар қозғала бастайды да шырын ағады, бес секунд ішінде көбелек қабыршақты жарып шығуы керек. Егер бес секунд ішінде шыға алмаса, піллә ішінде қалып қояды, яғни жарыққа шықпайды. Жақын күндері үлкен пілләдан әлемдегі ең үлкен көбелек - "Атакус атлас" туылуын күтудеміз. Келушілердің көбі дәл осы көбелекті көруге асығады.

Көрме - фото В. Ивановтікі (17).jpg

Нәзік қанаты қабыршақты жарып шықты



Менің өзім де көбелектің дүниеге келу сәтіне куә болдым. Қаз қатар тізілген қуыршақтардың (көлемі кішкентай ғана әр түрлі бақалшықтарға ұқсайтын қабыршақтар) бірі қозғала бастады. Шынымен де, қас қағым сәтте қабыршақ ішінен, бүр жарған гүлдей, бір тіршілік қыбырлап шыға бас-тады. Қанаттарын жайды да жарқанат сияқты аяқтарымен таяқшаға жабысып, басымен төмен салбырап тұра қалды. Осылай енді бірнеше сағат қозғалмай тұрады екен. 
- Көбелектер қуыршақтан шыға салып біраз уақыт инсектаруим ішінде қалуы маңызды. Олар қанаттарын жайып, кептіріп, ұшып кетуі үшін дайындалуы керек, - деп ескертті Карина.
Ғылыми тілде айтсақ, көбелектердің қысқа ғұмыры жұмыртқадан басталып, шынжыртабан, қуыршақ және имаго (көбелек) атты төрт кезеңнен тұрады. 
 

Көрме - фото В. Ивановтікі (8).jpg


 "Жақсы адамдар көбелекке айналады"



Көптеген аңыздар мен мифтерге арқау болған осынау әсем әрі құпия жәндік махабаттың, бақыттың, адалдықтың символы саналады.

Өскемендіктердің Амазонка ормандарын, Оңтүстік Азия елдерін, Филиппин аралдарын, Қытай тропиктерін, Жерорта теңізін және Үндістан мен АҚШ елдерін мекендейтін 15 түрлі көбелекті көретін мүмкіндіктері бар. Табиғи жаратылыстарына, мекендейтін орталарына, өзіндік ерекшеліктеріне қарай түрлі атаулар берілген: Көгілдір Марфо, Калиго, Барыс Сильвия, Графиум, Идэя Левконоя, Цетозия Библис, Лови желкен кемесі.... тағысын тағы түрлері көп.

Осылардың ішіндегі ең көлемдісі - Атакус атлас. 

- Атакус атлас - дүние жүзіндегі ең үлкен көбелек. Оның қанаттарының ұзындығы - 25-30 см, ал өмір сүру ұзақтығы 5-7 күн. Тропикалық жәндікті халық арасында “жыланбас” деп те атайтын көрінеді. Себебі оның алдыңғы қанатындағы бояуы жыланның басына ұқсайды. Осылайша, ол көптеген жәндіктерге сес көрсетеді екен, - дейді маман.

Атакус Атлас.jpg
                Атакус Атлас


Ал "Калигоның" екінші есімі - жапалақ. Өйткені оның түсі жапалақ сияқты қоңыр-қошқыл және күніне 20 минут қана белсенді қозғалатын көрінеді. Көгілдір Морфа өзінің сұлулығымен ерекшеленеді, қанатының үстінгі жағы аспан түстес, ал асты жерге ұқсас. Ол биікте самғап ұшады, жерге ең жақын ұшқаны - 6 метр. Үнді ха-лықтары Морфаны қасиетті көбелек санайды. Жергілікті аңыз бойынша: "адамдар қайтыс болған соң морфида болып өмір сүреді".

“Палинур желкен кемесі” көбелегі жайлы да осындай аңыз бар көрінеді. Ол Малайзияда жойылуға жақын көбелектердің бір түрі. Жергілікті тұрғындардың аңыздарына сүйенсек, өмірде өте көп жақсылық жасаған ақылды адамдардың жандары осы көбелекке айналады. “Алтын қанатты құс” деген көбелектердің тағы бір түрі қанаттарын көбелек сияқты жеңіл емес, құстар сияқты екпінді қағатындықтан осындай атау алған. Қарны сап-сары болып жарқырап тұрады, ол көбелектің улы екенін ескертеді. Бірақ көрмедегі көбелектер улы емес, себебі мұнда олар апельсин және қант шәрбатымен ғана қоректенеді. Айта кетейік, бұл Алтын қанатты құс байлық әкеледі деген сенім бар. Егер осы көбелекке тілегіңді айтып ұшырып жіберсең, тілек міндетті түрде орындалады. Ең шыдамды көбелек - "Монарх". Ол мыңдаған шақырымдарды тоқтаусыз ұшып өтеді.

Көрме - фото В. Ивановтікі (9).jpg


Көбелектерді қолмен ұстамаңыз



Айтпақшы, көбелектердің дәм сезу мүшелері аяқтарында орналасады екен. Сондықтан көрмеге келгенде жәндіктерді қанатынан ұстамаңыз. Суретке түсу үшін қолыңызға апельсин-діалып, соған қондырғаныңыз жөн немесе көрме қызмет-керлерінің көмегіне жүгініңіз.
- Көбелек-тердің қанат-тарында тозаңы болады. Ол үшін адам қолы улы, егер қолмен ұстасақ, көбелек ұша алмай, артынша өліп қалуы да мүмкін, - дейді Карина.
Күнделікті күйбең тірліктен шаршаған шақта осындай бір тамаша көрініске қарап эстетикалық ләззат алуға да болады, ғұмыры қысқа сұлулардың тіршілігін бақылай отырып өмір жайлы терең ойға батуға болады...

Көгілдір Морфо (2).jpg

                                                                                       Көгілдір Морфа


Не дегенмен, әр түрлі әдемі көбелектердің арасында шынымен де тропикте жүргендей әсерде қаласыз. Оның үстіне ішкі ауа температурасы да жазды аңсатады...

Көрме күнделікті сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін 16 мамырға дейін Қ. Қайсенов көшесі, 40 мекенжайындағы Өлкетану мұражайында өтеді. Байланыс телефондары: 8-708-554-79-53.

Следующая →