Ұландықтар самбодан сайысқа түсті
Өскеменде 5518 әскери бөлімі базасында "Самбо" күресі бойынша Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы біріншілігіне арналған жеке жарыстар өтті
Сайыста Өскемен, Семей, Курчатов, Павлодар қалаларынан келген 50ге жуық спорташылар өзара білек сынасты. Спартакиаданың салтанатты ашылуында ШҚО фехтования федерациясы спортшыларының арнайы сайыс көрінісі өтті.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының командалық біріншілігінің қорытындысы бойынша бас жүлдені Павлодар қаласынан келген 6679 әскери бөлімінің құрама командасы қанжығасына байласа, жүлделі екінші орынды Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің құрама командасы еншілеп, үшінші орынды Семейлік 5511 әскери бөлімінің құрама командасы місе тұтты. Командалық біріншілікте жүлделі орын алған командалар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
Сайыс қорытындысы бойынша жасақталған "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының құрама командасы 3-6 маусым аралығында Жаңаөзен қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының чемпионатында бақ сынайтын болады.
Следующая →
- Самбо әскерилердің бойында қатты мінез, табандылық пен төзімділікті қалыптастырып, жинақылыққа бейімдеп, өз мақсатына жетуге қажетті қасиеттерді дамытуға септігін тигізеді, - деді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының қолбасшысы полковник Рүстем Ақбалин.
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының командалық біріншілігінің қорытындысы бойынша бас жүлдені Павлодар қаласынан келген 6679 әскери бөлімінің құрама командасы қанжығасына байласа, жүлделі екінші орынды Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінің құрама командасы еншілеп, үшінші орынды Семейлік 5511 әскери бөлімінің құрама командасы місе тұтты. Командалық біріншілікте жүлделі орын алған командалар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.
- Түрлі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған чемпиондарды "Динамо" ДШСҚ ШҚО филиалының ардагері, "Самбо" және жауынгерлік "Самбо" күресінің спорт шебері Сәлімжан Темірханов, "Динамо" ДШСҚ ШҚО бөлім бастығы Сергей Иманқұлов, ШҚО регби федерациясының президенті Талғат Омаров және ШҚО фехтования бөлімінің жаттықтырушысы Алексей Пеньков марапаттады, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелді.