Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде тұңғыш киностудия ашылды

Шығыста да енді үлкен кино түсірілетін болады

"Кино - қызықсыз жерлері қиылып тасталған өмір" дейді атақты американдық режиссер Альфред Хичкок. Біздің бүгінгі өмірімізге дендеп еніп алған кино жанры - қажет десеңіз, қазір тәрбиелеу, сананы өзгерту және идеология құралына айналып бара жатыр.

Сиыр жылының көктемі өскемендік руханият үшін жағымды жаңалықтармен басталды. Сәуір айында мәдениет пен өнер саласы тағы бір тың жобамен толығып жатыр. Республикалық "Әкелер мектебінің" негізін қалаушы Ертісбек Садуақасов шығыстың бас шаһарында алғашқы киностудияның іргетасын қалап, көгілдір экранның ар жағына қадам басқан жандардың бірі.

 "Әкелер мектебі" басқа қалада жоқ


2018 жылы ресми түрде ашылған "Әкелер мектебі" әлемдік пандемия басталып, Қазақстан қалалары карантинге жабылған 2020 жылға дейін екі жыл бойы қарқынды жұмыс істеді. Қала мектептерінде оқушы ер балалармен жиналыс өткізіп, облыстағы кәсіпкерлерге отбасы тәрбиесі жөнінде дәріс оқып, әр саланың білікті мамандарынан кеңес алу үшін кездесуге шақырып, ауқымды шаралар атқарды. Аймақтық "Жігіт сұлтаны" байқауын ұйымдастырып, білікті де білімді, өнерлі де жігерлі жігіттердің бар екенін көрсетіп, танытып, жас буынның рухын оятуға тырысты.
- Мен әуел баста мемлекеттік қызметте жүрген адам болатынмын. Жүре-жүре қоғамда әкелердің рөлі азая бастағанын байқадым. Мектепте жиналыс-тар болса, әкелер келмейді, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлмейді. Содан барша ер азаматтардың, әкелердің орталығын яки ұйымын құру туралы ой келіп, ақыры "Әкелер мектебін" аштым. Әкелер мектебі - жеке ЖШС. Қазақстанда жалғыз Өскемен қаласында ғана бар және баламасы болмайды да. Жоспар бойынша екі жыл қызу жұмыстар атқарыл-ғанда 400-500 әкелерді шақырып, форум жасап, шеберлік сағат-тарын өткіздік. Дәл сол жерден барлығы риза болып кеткенмен, ешкім де ары қарай жалғастыруға ниет танытпады. Қолдау білдіріп, демеушілік жасайтын кісілер де болмады. Кейін ойлап отырсам жасы да, кәрісі де ұялы телефонның ішіне кіріп кеткен екен. Қазір түгелі осы смартфонға байланып қалған. Ал оларды қайтіп желкелеп алып шыға аламыз? "Әй, уақытыңды пайдасыз нәрсеге жаратпа, шық!" деп айту үшін телефон-ның ішіне біз де кіруіміз керек болды. Сөйтіп, бір жылға жуық үзіліс кезінде кинокомпания ашу туралы байламға келдік, - дейді "Ertis production" киностудиясының продюсері Ертісбек Қайырбайұлы.

Өнер - сурет Ертісбек Сәдуақастың жеке мұрағатынан (3).jpg

Ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған


Осыған дейін теледидардан көріп жүрген отандық фильмдер мен сериалдар еліміздің Алматы, Астана, Шымкент секілді ірі қалаларында түсіріліп келді. Енді дәл сондай мүмкіндік Өскемен қаласында да пайда болды. Заманауи клип және кино түсіруге арналған "Ertis production" киностудиясы - ең соңғы үлгідегі су жаңа техникалармен жабдықталған.
- Жалпы адам баласы өмірге келгеннен кейін артында бір із қалдыруы керек. Біздің мақсатымыз бен міндетіміз - кино саласын Шығыс Қазақстанда дамыту. Үлкен азаматтардың қолдауымен бірінші рет продакшн ашып, бісміллә деп жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда техниканың барлығы жеткілікті. Енді тек ерінбей еңбектеніп, аянбай жұмыс жасау керек, - дейді режиссер Бейбіт Тұманбекұлы.
Бейбіт мырза бұған дейін "Әкелер мектебін" халыққа кеңінен насихаттап бейнеролик түсіріп, жарнамасын жасап жүрген. Артынша, Ертісбек Садуақасовпен ақылдасып, көрерменге ой салатын тәлімді де тағылымды, мәнді де мағыналы бейнероликтер, қысқа метражды фильмдер түсіруді қолға алады.

"Ертіс продакшнның" экшн жанрындағы күрделі эпизодтарды түсіруге арналған рир-проекциялары, дубляж жасауға және музыка жазуға арналған арнайы жабдықталған бөлмесі, жеке фотостудиясы, актерлерге арналған пластикалық гримм жасайтын бөлмелері болғандықтан өте үлкен мүмкіндікке ие болып отыр.
- Барлығымыз көріп жүрген фэнтези жанрындағы "Хоббит", "Жизнь Пи" сияқты мықты-мықты кинолардың бәрін "Брэд" кинокоммерциясында түсірген. Ол компаниямен атақты режиссерлер бірлесіп жұмыс істейді. Дэвид Финчер, Ридли Скотт сынды кәсіби режиссерлер қолданатын камераны енді біз де пайдаланып жүрміз, - деп ағынан жарылды қоюшы-оператор Ерік Тлеуханұлы.


5f8d1a3f-c521-4575-8d49-5cf1836fe879.jpg

Клип, ток-шоу түсіруге дайын



Аталмыш продакшн кино түсірумен ғана шектелмейді. Өнер саласында жүрген талантты, дарынды жастардың да жұлдызын жағуға әзір. Жеке тапсырыспен клип түсіріп, жас актерларды да қабылдаймыз деп отыр. 2020 жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық драма театрдың актерларымен етене жақын жұмыс жасап, бірнеше клип, қысқа метражды кинолар түсіріп те үлгерген. Жоғары сападағы фото, бейнежазба түсіріп, ән жаздырамын деушілерге де есік ашық. Мемлекетте жағдай бұрынғыша тұрақтап, бұқараны жинап, емін-еркін жүретін кез қайта туса, ток-шоу тәрізді түрлі бағдарламалар түсіру де жоспарланған.
- Мен әрлеушімін. Бұл студияға келгелі көптеген мүмкіншіліктерге қол жетті. Бір артықшылығы - әуенді аранжировкамен өңдеп қана қоймай, түсірілім алаңына барып дыбыс жазуға, оған қоса дубляж жасауға да болады, - дейді Жалын Тоқтарбай есімді жас саунд-продюсер.
Киностудия халыққа сапалы дүние ұсыну үшін тәжірибелі, өз ісінің шеберлерін тоғыстырған. Ал кино әлеміндегі ең маңызды нәрсе, ол әрине сценарий. Егер оқиға желісі қызықсыз, пайдасыз болса, онда түсірілген киноның, оған жұмсалған ақша мен уақыттың зая кеткені.
- Сценарий - киноның жүрегі ғой. Көркем әдебиет желісі бойынша Қазақстанда қаншама фильмдер мен тарихи сериалдар түсіріліп жатыр. Біздің студия тек көркем шығармаларға сүйеніп қоймай, халықтың идеясына басты назар аударады. "Ел іші - өнер кеніші" дейді ғой. Өзіндік айтар ойы, креативті идеясы бар қазақтың азаматтары көп. Небір-небір орта және жас буындағы қарындаста-рымыз да жазған материалдарын маған әкеліп тапсырып жатады, - дейді сценарист Дәулет Оразғазыұлы.


"Жобаларымды ұрлап, пайдаланып кеткендер болды"



Қазір "Әкелер мектебі" мен "Ertis production" бірлесе жос-пар құрып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қоян-қолтық жұмыс істеп жатыр. Алдарына қойған мақсат пен міндет көп.
- Былтыр аудандарда, шалғай ауылдарда әкелерге, бала тәрбиесіне қатысты кездесу, дөңгелек үстел, шеберлік сағаттырын өткізу үшін бірқатар жоспарлар құрып, жобалар жасап, "бір кісілерге" барғанмын. Мені "нақты жауабымызды күтіңіз, міндетті түрде көмектесеміз" деп сендіріп шығарып салған. Дайындап барған материалымды қағаз түрінде де, электронды құжат түрінде де алып қалған болатын. Бір күні Тарбағатайда, Зайсанда, Күршімде әкелер форумы өткенін естідім. Тілшілерді шақырып, суретке түсіртіп, жалаң-жалпы жиналыс жасай салған екен. Қатты ренжідім, ызаландым. Ол бір күнде, бір-ақ сағатта, қалай болса солай өткізе салатын конференция емес, егжей-тегжейлі ойластырылған, жүйелі түрде ұйымдастырылған үлкен форум болу керек еді. Уролог, психолог мамандардың, кәсіпкерлердің қатысумен өтуі тиіс дүниенің быт-шытын шығарды. Жобаларымды ұрлап, пайдаланып кеткен мұндай жағдай тіпті бірнеше рет қайталанды, - дейді Ертісбек Қайырбайұлы жергілікті басшылыққа деген өкпесін білдіріп.
Қалай дегенмен де, облыс орталығында осындай үлкен киностудияның ашылып жатқаны ұлттық сапаны қолдайтын қазақтілді қауым үшін қуанышты жаңалық. Енді бұйырса, "Ертіс продакшннан" көрікті өлкеміздің табиғатын көрсетіп, сұлулығын паш ететін, отандық кинопрокатқа шығатын туындылар күтеміз.
Следующая →