ШҚО полицейлері мал ұрлығымен айналысқан ұрыларды ұстады
Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалықтарының бірінің 56 жастағы басшысы жүгінген
Ол түнде белгісіз тұлғалар оның шаруақожалығының аумағына заңсыз кіріп, сол жерден 2 бас ірі қара малды ұрлап кеткенін хабарлаған, деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 26 наурызында Жарма ауданында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 11 бас жылқы табылды. Бұл жануарлардың Аршалы ауылдық округінде 2020 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ағымдағы жылғы 02 наурызға дейінгі (ҚР ҚК 188-1-б.2-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру) уақыт кезеңінде еркін жаюдан жоғалып кеткені анықталды.
Следующая →
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасағаны үшін Самар ауылының 26 және 29 жастағы тұрғындарын әшкереледі. Күдіктілер ұсталды. Оларға қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» бұлтартпау шарасы таңдалды. Заттай дәлелдемелер алынды (ІҚМ бір басы, терісі). Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Мал ұрлағаны үшін күдіктілер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарладв ШҚО ПД баспасөз қызметі.