Семей қаласының өрт сөндірушілері Қашаған көшесіндегі дүкенде шыққан өртті сөндіруде
Бүгін таңғы сағат 10 шамасында Семей қаласындағы Қашағанов көшесінде дүкен өртеніп жатқаны туралы шақырку келіп түсті
Өртке қарсы қызметтің қызметкерлері келгеннен кейін көп тонналы контейнерлер мен қойма үй-жайлары жанып жатқаны анықталды, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Адамдар өздері көшті. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 41 адам және 11 автоцистерна жұмылдырылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы - 500 ш.м., өрттің себептері анықталуда.
ШҚО ТЖД сауда үйлері мен дүкендердің иелеріне өрт қауіпсіздігінің келесі талаптарын сақтауды еске салады:
Следующая →
ШҚО ТЖД сауда үйлері мен дүкендердің иелеріне өрт қауіпсіздігінің келесі талаптарын сақтауды еске салады:
- сауда кәсіпорындары ғимараттың басқа бөлмелерінен отқа төзімді құрылымдармен бөлінеді;
- эвакуациялық маршруттардың жеке шығу жолдары болуы тиіс;
- сатылар арасында және баспалдақ алаңдарында эвакуациялау бағыттарында табиғи жарық орнатылады;
- ғимараттың сауда емес үй-жайларында сауда алаңдарымен байланысы жоқ есіктер болуы тиіс;
- залдарда тек мәжбүрлі желдету қолданылады, егер онда терезе саңылаулары болмаса, апаттық жарықтандыру қарастырылуы керек;
- барлық үй-жайларда арнайы шығуға бағыттайтын көрсеткіштер болуы тиіс;
- егер, дүкенде тез тұтанатын немесе жанғыш заттар болса, олар басқалардан отқа төтеп бере алатын бөлімдермен бөлінеді;
- қосалқы үй-жайларда табиғи желдетуге арналған ойықтар жабдықталуы тиіс;
- өртті сөндірудің автоматты жүйесінің және хабарлау құралдарының болуы міндетті;
- барлық техникалық құралдар жұмысқа жарамды күйде ұсталады және тұрақты түрде тексеруден өтеді;
- әрлеу іс-шаралары тұтанбайтын және жанбайтын материалдардан ғана орындалады;
- объектіде ӨҚЕ жауапты қызметкер болуы тиіс;
- ӨҚЕ барлық оқиғалары тіркелетін журналдар жүргізіледі.