Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Үлкен Нарында бассейн салынады

Катонқарағай ауданында алдағы 5 жылда 192 ірі жоба жүзеге асатын болады

Шекаралық аудандарды дамыту мәселесі әлі де өзекті. Шалғайдағы елді мекендердегі халықтың тұрақтылығын сақтап, әл-ауқатын жақсарту мақсатында 2020-2024 жылдар аралығына облыстық бюджеттен 218 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде осы жылы шекаралық аудандарда бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ.

Биыл облыстағы шекаралық Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай және Үржар аудандарын дамытуға 59 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов жуықта халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

 Ауылға ауызсу тартылады


Катонқарағай ауданында алдағы 5 жылда 192 ірі жоба жүзеге асатын болады. 
- Катонқарағай ауданында алдағы 5 жылда кенжелеп қалған агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп және кәсіпкерлік, туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге және халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған 192 жобаны іске асыру жоспарланған. Осы мақсатта бюджеттен және инвестициялардан 24 млрд теңге тарту көзделіп отыр. 2020 жылы 6,7 млн теңгеге, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 4831,5 млн теңгенің жобасын іске асыру жоспарланған. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4819,9 млн теңге немесе 99,6 пайызы игерілді. Сонымен бірге, 2021 жылы 3 049,5 млн теңгеге 75 шараны іске асыру жоспарланды, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жанар Сыдыкова.
Ауданға қарасты тоғыз елді мекенге орталықтандырылған ауызсу жүйесі тартылмаған. Аудан әкімінің орынбасары Жанар Сыдыкова биыл бірнеше ауылға таза ауызсу тартылатындығын мәлімдеді. 
- Бүгінде аудан бойынша Көкбастау, Свинчатка, Құндызды, Солоновка, Аршаты, Шыңғыстай, Ақсу, Шұбарағаш және Рахман қайнары ауылдарында ауызсу тартылмаған. Биыл Шыңғыстай, Аршаты, Солоновка, Топқайың ауылдарында ауызсу құбыр желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталады. Аршаты ауылына 200 млн теңге, Топқайың ауылына 200 млн теңге және Солоновка ауылына 200 млн теңге бөлінді. Сонымен қоса, Шыңғыстай ауылына 196,09 млн тенге қарастырылды. Свинчатка, Құндызды және Катонқарағай ауданы "Р. Батырханов" атындағы шекара бөліміне блокты-модульді станция орнату жоспарлануда. "Р. Батырханов" атындағы шекара бөлімінің блокты-модульді станциясын орнатуға 7500 млн теңге, Свинчатка ауылына 9500 млн теңге және Құндызды ауылына блокты-модульді станция орнатуға 9500 млн теңге бөлінді, - дейді Жанар Сыдыкова.
Жанар Сыдыкованың айтуынша, 2020 жылы Ново-Поляковка ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріліпті. Аталмыш жобаның жалпы құны - 331,0 млн теңге.
- 2019 жылы "Өңірлерді дамытудың - 2020" бағдарламасы аясында Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны - 610,899 млн теңге. Мердігер "НКТ" ЖШС. Жобаны іске асыруға 2019 жылы республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен 80,809 млн теңге, 2020 жылы 334,809 млн теңге бөлініп, 100% игерілді. Жобаны толық аяқтау үшін 2021 жылға 196,09 млн теңге бөлінді. Жұмыстың аяқталу мерзімі - 2021 жылдың 31-ші желтоқсаны, - дейді Жанар Данелханқызы.


Көше жолдарын жөндеуге көңіл бөледі



Биыл ауданға қарасты бірнеше ауылдың көше жолдары да жөнделетін болды. Айта кету керек, өткен жылы аталған ауданға қарасты ауыл тұрғындары редакциямызға хабарласып, көше жолдарының тозып тұрғанын айтқан болатын. Енді ол мәселе де өз шешімін табатын болды. 
- 2021 жылы аудан бойынша Согорное-Барлық-Ақсу, Өрел ауылының Бекпау көшесі, Солоновка ауылының Қапышева көшесі, Топқайың ауылының Есімхан, Ауғанбай, Шанақ көшелеріне, Кіші Нарын ауылының Советский көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жанар Данелханқызы.

Катонқарағай ауданында интернет желісі тартылмаған ауылдар әлі бар. Олар: Алыбай, Қаражал, Сенное, Согорное, Ақмарал, Шұбарағаш, Бекалқа, Ақшарбақ, Қабырға, Қайыңды және Рахман қайнары ауылдары. Елдегі төтенше жағдай кезінде оқушылар мен студенттер онлайн оқу барысында айтарлықтай қиындық көрген болатын.

- 2021-2022 жылдары Ақшарбақ, Сенное, Қабырға, Рахман қайнары, Қайыңды  ауылдарына мобильді интернет орнату жоспарлануда, - дейді Жанар Данелханқызы.
 Айта кетейік, былтыр Катонқарағай ауданындағы 14 елді мекенде ұялы байланыс пайда болды. 
- Былтыр Көкбастау, Майемер, Новополяковка, Еңбек, Аршаты, Топқайың, Жаңа Үлгі, Шыңғыстай, Аққайнар, Қызыл Жұлдыз, Берел, Ақсу, Коробиха ауыларына интернет желісі тартылды. 2021-2022 жылдары ауданның 5 елді мекенінің тұрғындарын сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету үшін мұнараларды орнату жоспарланған. Олар: Ақшарбақ, Сенное, Қабырға, Рахман қайнары, Қайыңды ауылдары, - дейді аудан әкімдігіндегілер.

Үлкен Нарында бассейн салынады



Шекаралық аудандарды дамыту бойынша, биыл ауданда мынадай жұмыстар атқарылады деп жоспарлануда: 
  • Үлкен Нарын ауылындағы Катонқарағай ауданының орталық аудандық аурухана-сындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау.
  • "Ауыл - ел бесігі" бағдарла-масы аясында Топқайың ауылындағы көшелерді абаттандыру, клуб салу.
  • "Ауыл ел бесігі" бағдар-ламасы аясында Өрел ауылындағы көшелерді абаттандыру.
  • Қайыңды, Қабырға, Жаңа Үлгі ауылдарындағы медициналық пунктерді ағымдағы жөндеуден өткізу.
  • Катонқарағай ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын аяқтау.
  • "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Үлкен Нарын ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешенінің (бассейн) құрылысын бастау.
  • Үлкен Нарын ауылында 30 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау.

Атқарылған жұмыстар аз емес



Аудан әкімінің орынбасары Жанар Данелханқызы бұған дейін ауданда атқарылған жұмыстарды жіпке тізгендей қылып айтып 
берді. 
"Жұмыспен қамту жол картасы - 2020-2021" бағдарламасы аясында 27 нысан жөнделді. Олар:
  • Өрел ауылының М. Бекпау көшесін 1,8 км орташа жөндеу - 44,0 млн теңге, "ШЫҒЫС-ЖОЛ" ЖШС.
  • Өрел ауылының ауылдық кітапханасын ағымдағы жөндеу - 11,7 млн теңге, "ШЫҒЫС-ЖОЛ" ЖШС.
  • Шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеу - 11,121 млн теңге, "ПЛАСТ-МКМ" ЖШС.
  • Приморское ауылындағы балалар спорт алаңын абаттандыру - 8,0 млн теңге, "Строй-Е" ЖШС.
  • Солоновка көше жарығын монтаждау - 4,5 млн теңге, ЖК "Әділжанов АС".
  • Үлкен Нарын ауылының көшелерін орташа жөндеу - 165,456 млн теңге, "Катонқарағай ПДУ" ЖШС.
  •  Үлкен Нарын ауылындағы Бәйтерек саябағын абаттандыру - 50,0 млн теңге, "СТРОЙ-Е" ЖШС.
  • "Әбдікәрім атындағы Шыңғыстай орта мектебі" КММ ғимаратын ағымдағы жөндеу - 45,0 млн теңге, "ABK Tehnology" ЖШС.
  • Катонқарағай ауылы Кильтер көшесінің орташа жөндеуі (1,4 км) 24,416 млн теңге жұмсалған, "Катонқарағай ПДУ" ЖШС.
  • "Ново-Березовка орта мектебі" КММ ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыста-рына 33,906 млн теңге бөлінді, "Кырлай" ЖШС.
Следующая →