Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ҰБТ тапсыруға ұтымды жағдай жасалды

Тарбағатайда "UStudy" тест орталығы ашылды

Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылындағы К. Нұрбаев атындағы орта мектепте аймақтық "UStudy" тест орталығы ашылды. 

Орталық оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауға және педагогтардың біліктіліктігін арттыру бағытында да жұмыс істейді.

Ашылу салтанатына облыстық Білім басқармасының "Шығыс" өңірлік орталығының директоры Мұңлық Асанова, ШҚО аймақтық тестілеу орталығының директоры Әсел Раушанова, мектеп директорлары, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 
- Бұл бастама мемлекет басшысының ҰБТ-ны электронды форматқа жедел түрде ауыстыру жөніндегі тапсырмасы негізінде іске асырылуда. К. Нұрбаев атындағы орта мектебіндегі тест орталығы 60 компьютерлік қондырғы орындармен жабдықталған. Тестілеу "бір тестіленуші, бір компьютер, бір камера" қағидаты бойынша өткізіледі. Тестілеуге кіргізу "Face ID" жеке тұлғалық сандық идентификациялау арқылы жүзеге асырылады. Бұл ашықтық пен әділдікке негізделген. "UStudy" аймақтық тест орталығының орналасуы әр тест тапсырушының тұрғылықты жерінен 200 шақырымнан аспайтындай қашықтыққа жоспарланған. Осыған орай, ауданымыздағы осы орталыққа көршілес Көкпекті, Зайсан ауданының оқушылары мен ұстаздары да келіп, тест тапдігсыра алады, - дейді аудан әкіміндегілер.
"UStudy"-дың ерекшелігі - оқушылар тестуілеуден өткеннен кейін қатемен жұмыс жасайды. Тестілеудің соңында қолдарына аналитикалық есеп алады. 
- "UStudy" компаниясы Ұлттық тестілеу орталығының ресми серіктесі. Компанияның жүйелі жұмысының нәтижесінде республикалық маңызы бар қалаларында, облыс орталықтарында, моноқалалар мен шалғай аудан орталықтарында ҰБТ-ны электронды форматта тапсыруға жол ашылып отыр. Енді тарбағатайлық оқушылар да осындай мүмкіндікке ие болды, - дейді мамандар.
Аталған орталықтың ашылғандығын әлеуметтік желі қолданушылары да қолдап отыр. 
- Бұрын ҰБТ тапсырған күні осы мектептің маңайындағы үйлер мұғалімдерге лық толушы еді. Бір пысықтар оқушының тапсырмалар кітапшасын суретке түсіріп, сыртқа алып шығатын. Кейбірі тіпті тест кітапшасын алып шығатын. Мектептің ішіне кіріп тест кітапшасын сыртқа алып шыққан адам немістердің майдан даласынан "тіл" алып келген партизандай құрметке ие болатын. Алдын ала бір үйге жиналып, дайындалып отырған. Сол уақыттағы "заманауи" құрылғылармен қамтылған мұғалімдер тест сұрақтарын шешіп беріп "калым" жасаушы еді. Барлығы да өз пәндері бойынша сұрақтарды жылдам шешіп беріп, "әлгі партизан" қайтадан ішке алып кіріп кететін. Мектептің сыртындағы терезенің алдында бір-бір вай-фай роутер ұстап, "сигнал ұстап" жүрген адамдарға толып кететін. Бір жақсысы соңғы жылы өткен ҰБТ-да ондай заңсыздықтар мен көзбояушылықтар болмаған сияқты. Ал мына құрылғылар толық жұмыс істеп тұрса, тіптен керемет. Әркім өзінің лайықты балын алатын болады, - дейді Ермек Құрманғалитегі есімді әлеуметтік желі қолданушысы.
Осы орайда айта кеткен жөн, Аягөз ауданы №3 қалалық мектебінде де Ustudy аймақтық тестілеу орталығы ашылды.
Следующая →