Усть-Каменогорск
облачно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +16°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +13°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +9°
  • Кызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +13°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +14°
$
446.14
+0.19
484.87
+1.91
¥
61.68
+0.02
4.81
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейдегі жолдарды сәуірде жөндей бастайды

Семей қаласында сапасы сын көтермеген көше жолдарын қайта жөндеу жұмыстары басталды

Шаһар басшысы Нұрымбет Сақтағанов тиісті мекемелердің басшыларымен бірге бірнеше нысанды аралады. 
- Орталық саябақтағы қалпына келтіру жұмыстары 2019 жылы басталған. Бүгін біз аталған нысанда атқарылған жұмыстармен таныстық. Кемшіліктерді жою мақсатында тиісті тапсырмалар берілді. Сәуір айында саябақтағы жөндеу жұмыстары басталып, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін аяқталады. Қаланың орталық бөлігіндегі Дулатов көшесіндегі жолдың сапасы да мәз емес. Аталған көшеде сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасы жүргізілуде. Келісімшарт 2021 жылдың 1 маусымына дейін жасалған, - дейді Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Әкімнің айтуынша, қардың еруі салдарынан жолдың астына төгілген топырақтары шөгіп кетіпті. 
- Аталған мәселені шешу мақсатында кепілдік міндеттемелерге сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ағымдағы жылдың мамыр айына дейін жолдың үстіңгі қабаты толық қалпына келетін болады. Сонымен қатар, 2020 жылы Әуезов даңғылы бойындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталған болатын. Айта кететіні, сол көшенің жолдары тозып, көлік қатынасына айтарлықтай кедергі келтірген болатын. Қазір жолды жөндеу жұмыстары басталды. Туындаған қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді. Сіздерден келіп түскен барлық сын-пікірлер ескеріледі, - дейді Нұрымбет Аманұлы.

Следующая →