Усть-Каменогорск
пасмурно
-6°
  • Усть-Каменогорск
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Нур-Султан (Астана)
    -11°
  • Актобе
    -11°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -3°
  • Караганда
    -10°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -10°
  • Кызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Уральск
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Аягөздегі көпбалалы анаға баспана сыйлады

Аягөз гарнизоны танк және артиллерия әскери бөлімдерінің жеке құрамынан құралған шағын футбол командалары "Харекет" республикалық қайырымдылық қоғамы ұйымдастырған турнирге қатысып, көпбалалы анаға баспана сыйлады

Алаңда ала доп теуіп жүріп те қайырымдылық жасауға болады. Бұлай дейтініміз, әскери қызметшілер қызметтен тыс уақытта қайырымдылық іске белсенді қатысуда.
- Екі жыл бойы қатарынан өткізілген футбол жарысын "Харекет" республикалық қайырымдылық қоғамы ұйымдастырып отыр. Қайырымдылық қоры 2017 жылдың қазан айынан бастап, республика аумағында ресми түрде қызмет атқаруда. Басты мақсаты - мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға үй немесе жер телімін сатып алуға көмек көрсету. Бүгінде бұл қоғам 425 отбасыға баспана кілтін табыс етіп, халық атынан қуаныш сыйлады. Осындай игі істің өткізілуіне ұйымдастырылған турнирге әскери бөлімнің, қаладағы мекемелер мен қала маңындағы ауылдардан келген 24 команда қатысты, - дейді Аягөз ауданының әкімдігіндегілер.
Айта кетейік, ойын санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Турнир соңында жарысқа қатысу үшін командалар төлеген жарна толығымен Аягөз қаласы маңындағы Жаңа Майлин ауылындағы тоғыз балалы жалғызбасты анаға "Харекет" қоры арқылы баспана алуға жолданды.
- Біздің әскери қызметшілер әрқашанда қол ұшын беріп, көмектесуге дайын. Алайда бүгінгі шағын футбол жарысы арқылы бір отбасының баспаналы болуына кішкентай да болсын атсалыстық. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, әрқашан бір-бірімізге қол ұшымызды созуға дайынбыз. Алдағы уақытта ізгі істер жалғасын тапса дейміз, - деді Танк әскери бөлімінің спорт және дене даярлығы қызметінің бастығы, аға лейтенант Дархан Кесікбаев.

Следующая →