Усть-Каменогорск
ясно
+17°
  • Усть-Каменогорск
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +20°
  • Кокшетау
    +21°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Жол-көлік оқиғасына жол жоқ

Өскемен гарнизонының Әскери полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің базасында әскери қызметшілер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша конференция өтті

Конференция Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде жол қозғалысы ережелерін сақтауға және әскери қызметшілердің жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында өткізілді. Былтыр әскери полиция органдарының қызметкерлері «Жол-көлік оқиғасыз демалыс», «Мас жүргізуші – қылмыскер», «Жылдамдықты есіңде сақта», «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші», «Автокөліктің қысқа дайындығы – апатсыз пайдаланудың кепілі» сынды 1,5 мыннан астам профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізді.  
- Мұндай іс-шаралар ең алдымен әскери қызметшілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғасын азайтуға бағытталған. Әскери адам жоғары жауапкершілікті және күйзеліске төзімді болуы тиіс, - дейді Өскемен гарнизоны Әскери полиция әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің офицері әділет аға лейтенанты Ғани Нұрғаламбаев.
Айта кету керек, осындай профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Өскемен гарнизонында өткен жылдармен салыстырғанда әскери қызметшілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 45%-ға төмендеген. 
Следующая →