Усть-Каменогорск
пасмурно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +12°
  • Атырау
    +12°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Үржарда әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңартылады

Шекаралық аудандарды дамыту мәселесі әлі де өзекті. Шалғайдағы елді мекендердегі халықтың тұрақтылығын сақтап, әл-ауқатын жақсарту мақсатында 2020-2024 жылдар аралығына облыстық бюджеттен 218 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде осы жылы шекаралық аудандарда бірқатар жобалар жүзеге асырылмақ

Биыл облыстағы шекаралық Күршім, Зайсан, Тарбағатай, Катонқарағай және Үржар аудандарын дамытуға 59 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов жуықта халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

Туризм гүлденбей - тұрмыс түрленбейді

Алакөлде туризм саласы дами бастады. Осы мақсатқа биыл 4874,0 млн теңге жоспарланған.
- Жыл сайын Алакөлге келіп демалатын саяхатшылар саны едәуір артуда. Оларды көлдің таза суы ғана емес, емдік қасиеттері де қызықтырады. Өңірге туристерді көптеп тарту мақсатында аймақта инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда Алакөл жағалауына су құбыры желілерін тарту және Мақаншыдан Көкталға дейін 110 кв әуе электр желісінің құрылысы қолға алынуда. Саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау үшін Семей, Өскемен, Алматы, Нұр-Сұлтан және Зайсан бағыттарына қатынайтын Үржар ауылындағы әуежайдың ұшу-қону жолағы қайта жаңартылуда. Жоба осы жылдың аяғына дейін халық игілігіне беріледі, - дейді Үржар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Біржан Тұрлыбеков.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы Алакөл жағалауында медициналық және полиция пунктерін салу жоспарланыпты.
Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға арналған әр түрлі қолдау шаралары мен мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
- Биыл "Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы аясында 2 жобаны субсидиялау, "Ақ ниет" бағдарламасы бойынша 2021 жылы сыйымдылығы 3700 адамдық мәдени ойын-сауық кешенінің құрылысы және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Ал ауыл шаруашылығы саласында 180 ауылшаруашылық техникаларын сатып алудsкөздеп отырмыз. Сонымен қоса, кәсіпкерлікті дамытуға 267,8 млн теңге несие беру де жоспарланған, - дейді Біржан Тұрлыбеков.

100 пайыз ауызсумен қамтылатын болады

Жауапты тұлғаның сөзіне сүйенсек, 2024 жылға дейін ауданның барлық елді мекені 100 пайыз ауызсумен қамтылады.
- Биыл Үржар мен Мақаншы ауылының су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмысын жүргізуге 1674 млн теңге бөлінді. Бүгінде Қабанбай, Бахты, Ақжар, Жоғарғы Егінсу, Елтай, Шолпан, Бұғыбай, Қызылбұлақ және Қарабұйрат ауылдарында су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылға дейін ауданның барлық елді мекендері 100 пайыз ауызсумен қамтылатын болады, - дейді аудан әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан бойынша ауыз су тартылмаған 14 ауыл бар.
- Осы жылы Бұғыбай, Қызылбұлақ, Қарабұйрат және Благодатное ауылдарына блокты-модуьлді станцияс орнату жоспарланып отыр. Ал Қаратал, Жанай, Егінсу, Айтбай ауылдарына су құбырын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасалған. Қазіргі уақытта жобаны іске асыру үшін ақша бөлуге бюджеттік өтінім берілген. Бұл жобаларды 2022 жылдан бастап іске асыру көзделіп отыр. Биылға Бекет, Ер Қабанбай, Қазымбет, Қызыл ту, Малақ, Некрасовка ауылдарына ауызсу тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасауға бюджеттік өтінім берілді, - деді аудан әкімінің орынбасары Біржан Тұрлыбеков.
Айта кету керек, өткен жылы ауданда "Өңірлерді дамыту - 2020" бағдарламасы аясында 11 ауылға ауызсу тартылды. Атап айтсақ, Мақаншы және Үржар ауылдарында су құбырын қайта жаңғырту, Бестерек, Бақты, Қабанбай, Көктал, Елтай, Жоғарғы Егінсу, Ақжар, Шолпан және Сағат ауылдарындағы су құбырларының құрылысы жүргізілді. Одан тыс, кіші елді мекендерге Подгорное, Үш бұлақ, Амангелді, Қызыл жұлдыз ауылдарына су тарату блок-модуль пункті орнатылды. Бестерек, Көктал, Сағат ауылдарындағы су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды.
Біржан Қадірұлының айтуынша, жобаға жалпы 2 997,917 млн теңге бөлініп, оның ішінде 2 366,396 млн теңгесі республикалық бюджет болса, 631,521 млн теңгесі облыстық бюджет. Аталған жобалард жүзеге асыру арқылы 2020 жылдың қорытындысы бойынша 31 (58,5 %) елді мекен немесе 38 758 (55,0 % ) адам орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылды.

Ғаламтор желісі тартылады

Биыл Үржарға қарасты Таскескен, Жоғарғы Егінсу, Келдімұрат және Қабанбай ауылдарының көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Былтыр Үржар ауданында 15 елді мекеннің әкімдіктеріне, мектептерге, учаскелік полиция пунктеріне және медициналық пунктерге талшықты оптикалық интернет желісі тартылды.
- Ауданда халық саны 250-ден асатын елді мекендерге ұялы байланыс мұнаралары қойылуда. 2020 жылы Ақшоқы, Жаңа тілек, Тасарық, Қарабұйрат, Некрасовка, Сегізбай, Көктал, Көктерек, Қайыңды, Қызылбұлақ ауылдарына ұялы байланыс жүйесі мен интернет желісі тартылды. Биыл жобадан тыс Лайбұлақ және Бұғыбай ауылдарын ұялы байланыс интернетімен қамту жоспарлануда, - дейді Біржан Қадірұлы.
Биыл Үржар ауылында 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыс 2022 жылы аяқталып, аз қамтылған және көпбалалы аналарға берілетін болды.
 - Облыс әкімінің бастамасымен алдағы 3 жыл ішінде кезекте тұрған аз қамтылған және көпбалалы аналарды толықтай тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Ақжар ауылында екі пәтерлі 24 тұрғын үй қолданысқа берілді. Келер жылы осы бағдарлама бойынша екі пәтерлі 20 тұрғын үй Үржар, Мақаншы, Таскескен ауылдарында салынады. Іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде 70-тен астам уақытша жұмыс орындары құрылмақ. 2021-2024 жылдары Мақаншы ауылында екі 36 пәтерлі, Үржар ауылында 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй құрылысын салу жоспарланған. Нәтижесінде 2024 жылға қарай 280 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, кезекте тұрушылар саны 30%-ға азаяды, - дейді аудан әкімнің орынбасары.

Спорт модулін салу жоспарлануда

Әлеуметтік нысандар да назардан тыс қалған жоқ. Осы жылы бірнеше нысан жөндеуден өтетін болды.
- Соның ішінде 4 мектеп, 1 мәдениет үйі, 4 ауылдың 11,8 шақырым ішкі көшелері орташа жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, Қабанбай ауылында құны 330,0 млн теңгені құрайтын спорт модулін салу жоспарлануда, - дейді Біржан Қадірұлы.
Оның айтуынша, 2021-2022 жылдары Жоғарғы Егінсу ауылында 100 орындық клубтың құрылысы, Қабанбай ауылында спорт модулі, Қаратұма ауылына дәрігерлік амбулатория мен әкімшілік ғимаратын салу жоспарланып отыр. Іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде 73 уақытша жұмыс орындары құрылмақ.
- Былтыр 8 нысанның монтаждау жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Бестерек, Көктал, Сағат ауылдарындағы су желілері, Үржар ауылындағы 30 және 60 пәтерлі көпқабатты үйлерге және су бассейніне екі инфрақұрылым нысандары, Үржар ауылындағы бассейн, Мақаншы ауылында спорт модулі, Мақаншы ауылындағы мектепті 128 орындық балабақшаға қайта жабдықтау. Сонымен бірге, Ақжар ауылында екі пәтерлі 24 тұрғын үй қолданысқа берілді, - деді ол.
Следующая →