Усть-Каменогорск
ясно
-18°
  • Усть-Каменогорск
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Нур-Султан (Астана)
    -9°
  • Актобе
    -7°
  • Форт-Шевченко
    +3°
  • Атырау
    -4°
  • Караганда
    -9°
  • Кокшетау
    -10°
  • Костанай
    -10°
  • Кызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Уральск
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Заманауи құрылғы – роботтарды экологиялық мәселелерді шешу үшін қолдану қажет

Бүгінгі күнде экологияны ластаушы ең көп тараған қалдықтардың бірі – пластик

Пластик заттардан мүлдем бас тарту, әрине, мүмкін емес. Алайда оны қайта өңдеп, пайдаға асыру әбден мүмкін. Дәл осы мәселе Назарбаев Зияткерлік мектептерінде наурыздың 15-19 аралығында өткен Х Наурыз кездесулеріне тақырып болды. "Планета және пластик: адамзат экомәдениеті! атты кездесу ең алдымен пластикті үй жағдайында қалай кәдеге асыруға болатындығы жайлы челлендж жарияланудан басталды. Республика аумағындағы мектеп оқушылары жеңіл әрі мықты пластик тұрмыста көптеген заттарды алмастыруға жарайтындығын тәжірибе ретінде көрсетті. 

NIS және ауыл мектептерінен 380-нен астам оқушыны қамтыған Х Наурыз кездесулеріне NIS ұстаздарынан басқа Назарбаев Университінің профессоры  Дэниель Този, пластикті жинау және қайта өңдеумен айналысатын «PlastNet» кәсіпорындар желісінің өкілі Жанибек Муханов, National Geographic фотографы Мэнди Баркер,"Recycle Birge" жасыл жобасының авторы Алия Сальменова сынды құрметті меймандар қатысты. 

Қатысушылар үшін ең қызықты болғаны – тәжірибе алаңы. Оқушылар тарапынан ұсынылған жобалар көп. Мысалы, Семейлік зияткерлер су көздерін қалдықтардан тазалайтын роботты пластик бөтелкелерден құрастыру жобасымен, ал Талдықорғанық оқушылар қамқорсыз қалған жануарларға тамақ беретін пластик бөтелкелерді қабылдау терминалымен таныстырды.

Ұйымдастырушылар биылғы наурыз кездесулері ерекше форматта және өзекті тақырыпта өткендігін баса айтады. 
- Бұл кездесу барысында біз спикерлерден ақпарат алып қана қоймай, практикада жасап көрдік. Өз ойымыздағы идеяларды іске асыру қолдануға мүмкіндік алдық, - дейді Өскемендегі NIS оқушысы Асем Мадениетова.
Жер шары – адамзат баласының ортақ үйі және оны келер ұрпаққа таза етіп тапсыру баршамыздың міндетіміз. Сондықтан табиғатқа зиян келтірмеуді әрқайсымыз өзімізден бастайық.
Следующая →