Өскемендегі Жылы аялдамалар неге жылы емес?
Бірер жыл бұрын ондаған миллион бөлінген Өскемендегі "Жылы аялдамалар" мен "Smart" аялдамалардың кейбірінің бүгінде әбден тозығы жеткен
Тұрғындар көбінің іші салқын, лас, телефон қуаттағыштары жұмыс істемейді деп шағымданады. Біз техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған бірнеше нысанды аралап, жай-күйін өз көзімізбен көрдік. Мәселен, "Спорт сарайы" аялдамасындағы "Smart" аялдамаға бас сұқтық.
Халық бір кезде қомақты қаржыға жасалған аялдамалардың игілігін көріп отыр ма? Қысы алты айға созылатын облыс шаһарындағы суық әлі қайтпады. Ал жылы аялдама ішіне қойылған жылытқыштардың кейбіреуі істен шықса, кейбіреуін тіпті алып тастаған. Павильондардың кейбіреуінің есігі бекітулі, ал ашық тұрғандарында жылу жоқ. Автобус күтіп тұрған қала тұрғыны аялдама ішіндегі температураның сырттағыдан еш айырмашылығы жоқ деп ашынды.
ауыстыру көзделгенін жеткізді мекемедегілер.
Следующая →
Халық бір кезде қомақты қаржыға жасалған аялдамалардың игілігін көріп отыр ма? Қысы алты айға созылатын облыс шаһарындағы суық әлі қайтпады. Ал жылы аялдама ішіне қойылған жылытқыштардың кейбіреуі істен шықса, кейбіреуін тіпті алып тастаған. Павильондардың кейбіреуінің есігі бекітулі, ал ашық тұрғандарында жылу жоқ. Автобус күтіп тұрған қала тұрғыны аялдама ішіндегі температураның сырттағыдан еш айырмашылығы жоқ деп ашынды.
- Аялдаманың іші салқын. Даладағы температурамен бірдей. Осындай "остоновкаларды" жиі орнатса, ішін жылылау қылса. Әсіресе аязды күндері өте қиын болады, - дейді қала тұрғыны Серік Алмасов.Біз тағы да бірнеше жылы аялдамаларды аралап көрдік. Оларда да жылыту құрылғылары жұмыс істеп тұрған жоқ. Ал "Халифа Алтай мешіті" аялдамасындағы жылытқыш істен шыққан ба немесе токтан ажыратылған ба, белгісіз. Ішіне кірсең, суық әрі қараңғы. Бастапқыда бұнда үлкен экран орнатылған, сыртқа орнатылған бейнебақылау камерасы бұл экраннан келіп тоқтаған автобусты көрсетіп тұратын. Қазір орнында жоқ. "Wifi" деген жазу тек жазу күйінде тұр. Тұрғындар мұнымен мәселе бетпейді деп отыр.
- Көріп тұрғаныңыздай, мына аялдаманың іші өте лас. Қоқыстар шашылып жатыр. Қазір кішкене күн жылырақ қой. Ал қыста амалсыздан кіреміз, далада қатып қалмас үшін. Оның үстіне, Сол жағалау, Меновное, Ахмерге қатынайтын автобустар да дұрыс жүрмейтіні бәріне белгілі,- дейді қала тұрғыны Айымгүл Таңатарова.Қаладағы аялдамаларды күтіп ұстауға жауапты Өскемен қаласы әкімдігінің "ТАЗА ӨСКЕМЕН" ШЖК КМК мәлімдегендей, шаһарда 13 жылы аялдама павильоны бар. Барлық аялдамалар теплофондармен қамтамсыз етілген. Ал кейбір аялдамалардағы теплофондардың жұмыс істемей тұруына қуат кабельдерінің жүктемеге төтеп бере алмай істен шыққаны себеп болса керек. Ол қуат кабельдерін
ауыстыру көзделгенін жеткізді мекемедегілер.
Сонымен қатар, Тимур Шайзадаұлы биыл қаладағы екі жылы аялдама павильоны (Қазақстан көшесі мен Назарбаев даңғылындағы) 19-шы ықшам аудандағы Есенберлин көшесі мен Көкжал Барақ көшелеріне ауыстырылғанын айтты.- Кейбір павильондарда теледидарлар ұрланып, телефондарға арналған қуаттағыш, wifi жабдықтарын, есік-терезелерді белгісіз адамдар бұзған, - дейді "ТАЗА ӨСКЕМЕН" ШЖК КМК директоры Тимур Екібасов. - Ұрланған тұтқаларды қалпына келтіру, жарықтандыру құрылғыларын ауыстыру, электр қуатының үзілуі бойынша үнемі жедел жөндеу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Жылу және электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысына қатысты түскен барлық шағымдар мен ескертулер шұғыл түрде орындалады. Мәселен, Молдағұлов көшесі павильонындағы шытынап кеткен есік, Согра кентіндегі құлаған едендік жабын қалпына келтіріліп, 5 аялдамадағы ысырмалар ауыстырылды.
- Павильондар орнатылған кезде Интернетке қолжетім-ділікті қамтамасыз ететін компоненттер, телефондарды қуаттауға арналған сымдар болды. Бірақ кейбір азаматтар аялдама ішінде тұрған заттарды бұзып, қиратып кетіп жатыр. Павильон аялдамада тұрған адамдарды суықтан және жаңбырдан қорғау функциясын атқаруы маңыздырақ, - дейді Тимур Шайзадаұлы.Еске салайық, мұндай аялдамалар қалада осыдан бірнеше жыл бұрын пайда бола бастады. Сол кезде қомақты қаржы бөлінген еді. Кейін олардың қатары көбейді. Бірақ қомақты қаржыға келген аялдаманың игілігін ел көре алмай отыр. Автобус күтіп қыста тоңып қалған адамның кіріп жылынуы, жазда кіріп салқындауы екіталай. Аязды күні адамдарға ық болатын жылы аялдамаларымыз әзірге осындай қалыпта.