Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Семейде жаңа мешіт ашылды

Семейде Абай атындағы жаңа мешіттің салтанатты ашылуы өтті. Бұл мешіт құрылысы сонау 2008 жылы басталған еді

Ғимараттың құрылысын түрік инвесторлары бастап, олар қаржылық қиындықтарға байланысты жоба бойынша жұмысты жалғастырудан бас тартқан. Содан кейін оның құны төрт миллион долларды құрады. 2010 жылы "Қазақмыс" корпорациясы 100 миллион теңге бөліп, жобаны аяқтамақ болды. Бірақ бұл корпорация да құрылысты аяқтаған жоқ. Ал 2018 жылы құрылысты аяқтауды Тарбағатай ауданының тумасы, кәсіпкер Дулат Тастекеев өз мойнына алды. Оның жеке қаражатына жұмыстар қайта жалғасып, көптен күткен Семейдегі ең үлкен діни ғимарат бой көтерді. Ал 22 наурыз - Ұлыстың ұлы күні мешіттің салтанатты ашылуы өтті.
Төрт мұнаралы жаңа мешіт ұлы Абай Құнанбаевтың есімімен аталады. Ғимарат 2500 адамға арналған. Алтын жалатылған мұнаралардың биіктігі 37 метр. Түркістан облысы Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар аясында мешіт аумағын абаттандыруды қолға алды. Олар бұл жобаға 600 миллион теңге бөлді. Мешіт ғимаратына жақын орналасқан 47 мың шаршы метр аумақ абаттандырылып, екі биік жер үсті көпірі салынуда. Бұл адамдар көп болатын айналма жолдан еркін өтуге мүмкіндік береді. 500 көлікке арналған тұрақ қарастырылып, 200 шам орнатылды.
Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Бас мүфтиі Наурызбай қажы Таңғанұлы және дін өкілдері мен қала басшылары қатысты. Қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде құрылысқа қатысқандардың барлығына алғысын білдіріп, семейліктерді көптен күткен мешіттің ашылуымен құттықтады. Мешіттің ашылу салтанатына қала тұрғындарын құттықтауға көрнекті қазақ ақыны Мұхтар Шаханов, театр және кино актері Асанәлі Әшімов келді.
- Бұл мешіт - үлкен мешіттердің бірі. Дулат Тастекеев өте жақсы жұмыс жасады. Туған халқына көмектесу нағыз патриотизм. Сондықтан мен осындай адамдардың көп болғанын қалаймын. Барлықтарыңызды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын, - деді Мұхтар Шаханов.
Дулат Тастекеевтің айтуынша, құрылысты өткен жылдың тамыз айында Абайдың 175 жылдығына дейін аяқтау жоспарланған болатын. Бірақ пандемияға байланысты құрылыс тағы алты айға созылды.
- Бәріміз көптен күткен қуанышты, ақ түйенің қарны нақ жарылған күн. Алтын күрек жел ескен, Күн мен Түн теңескен Ұлыстың ұлы күні қасиетті әз Наурыз, Жаратқанның нұры төгілген күн. Әрине, әуелі Алланың шексіз құдіретіменен, жамағаттың ықыласымен, халықтың қалауыменен 15 жылдан бері құрылысы аяқталмай тоқтап тұрған, халықтың да ұнжырғасын түсірген, "қаламыз қараусыз қалды" деген түсінікті тудырған ғимараттың толықтай аяқталып, қолдануға берілуі баршамызға ортақ қуаныш. Ұлылардың ізі қалған Семей қаламыз имандылық пен береке-бірліктің ордасына айнала берсін! Даламыз да, қаламыз да көркейе берсін! - деді Дулат Тастекеев.
Салтанатты рәсімде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен "Зекет" қайырымдылық қорының қаражаты есебінен сатып алынған жаңа тұрғын үйлердің кілті бес көпбалалы отбасыға табыс етілді. Семейдің жеті тұрғыны Бас мүфтидің оқу грантын алды.
Бұл күні Семейде Дальная аймағында 400 орындық тағы бір "Хаким Хазірет" мешіті ашылды. Оның құрылысы былтыр басталған болатын. Мешіт биіктігі 25 метр бір мұнара және екі күмбезді. Сондай-ақ, мешітте 80 көлікке арналған автотұрақ және кітапхана бар.
Осы орайда айта кеткен жөн, Наурыз мейрамымен тұспа-тұс Абай ауданында да "Құнанбай қажы" атындағы жаңа мешіт ашылды. 
- Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында ауданымызда елдің келешегіне қызмет ететін, өскелең ұрпаққа тағлым мен өнеге беретін айшықты шаралар орын алды. Имандылық пен ізгіліктің үндеушісі жаңа ғибадат ордалары ел игілігіне пайдалануға берілді. Ел тарихында тұтас орны бар көрнекті тұлғаға арнап, өз қаржысымен жаңадан еңселі де, зәулім мешіт салып берген ауданымыздан шыққан жаны жомарт Зекеновтер әулетіне өз атымнан және Абай елі атынан алғысымды білдіремін, - деді Абай ауданының әкімі Жарқынбек Борашұлы.
Сондай-ақ, бірлігі мен берекесі көпке үлгі болған, Ақтамбердідей бабаның, Шәкірдей дананың елі Құндызды жерінде "Байтөлек" қажы атындағы жаңа мешіт ел игілігіне берілді.
Следующая →