Усть-Каменогорск
ясно
-11°
  • Усть-Каменогорск
    -11°
  • Алматы
    +8°
  • Нур-Султан (Астана)
    -2°
  • Актобе
    +4°
  • Форт-Шевченко
    +9°
  • Атырау
    +8°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    +3°
  • Костанай
    +2°
  • Кызылорда
    +14°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +10°
  • Уральск
    +8°
  • Шымкент
    +13°
$
505.15
550.31
¥
69.85
5.89
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Тарбағатайлық бүлдіршінге Түркия елінің Президенті арнайы сыйлық жіберді

Тарбағатайлық 6 жасар бүлдіршінге Түркия елінің Президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы сыйлық жіберді

Шамамен 1,5 жыл бұрын Тұғыл ауылының кішкентай тұрғыны Байжігіт Ерболат Абай Құнанбаевтың өлеңін жатқа оқып, әлеуметтік желіде видео жариялаған және эстафетаны Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға жолдаған.
Баланың түрік басшысына жіберген эстафетасы әлеуметтік желі арқылы танылып, иесіне енді жеткен сынды. 
- 6 жасар Байжігіт аға буынның Хәкім Абайдың өлеңдерін оқыған эстафетасын көріп, ерекше шабыттанды, - дейді Байжігіттің әкесі Дулат Байкүбенов.
Өзі де жатқа оқып, өзгелерге жіберуге ниет білдірген. Ойлана келе, эстафетаны Тұран одағының басшыларына жіберіпті. Әу баста эстафетаға Түркия тарапынан жауап болатынына сенім аз еді. Кейін елшіліктегілер әлеуметтік желіге жүктеп, балақайдың видеосы көпшілік назарына ілігеді. Тіпті, түрік телеарналарының тілшілері қызығушылық танытып, сюжет те әзірлеген. Осыдан кейін түрік елінің басшысы тарбағатайлық оқушыға сәлемдеме жіберген. Ал Нұр-Сұлтан қаласындағы Түрік елшілігі Байжігіт пен әкесін астанаға шақыртқан.
- Нұр-Сұлтан қаласындағы Түркия елшілігінде, Чанаккале соғысының 106 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиында Байжігіт Түркия президентінің сәлемін және президенттің бас кеңесшісі Ялчын Топчу мырзаның арнайы хатын, елші  Уфук Экинджи мырзаның қолын алды, - дейді Дулат Байкүбенов. - Сондай-ақ, мектеп бітірген соң Сулейман Демирель ат. университетінде тегін оқуына, жұмыспен қамтылуына кепілдік берілді.
Түрік ағайындар осы кездесу барысында шығыс өңірін дамыту үшін инфестиция құюға дайын екендіктерін де тілге тиек еткен.
Следующая →