Бородулиха ауданында қайсар кеншілерге монумент қойды
Наурыз мейрамының қарсаңында Бородулиха ауданының Жезкент кентінде кеншілердің құрметіне "Қайтпас қайсар кеншілер" монументінің ресми ашылуы өтті
Бұл ескерткіш кенттің шырайын кіргізіп қана қоймай, еңбек ерлеріне деген құрмет, тарих қойнауына мәңгіге енетін естелік. Өскелең ұрпақ осы ескерткішке қарап, қайсырлыққа, табандылыққа, еңбек сүйгіштікке үйренеді.
Шектеу шараларына байланысты ашылу салтанаты шағын форматта өткен.
Следующая →
Шектеу шараларына байланысты ашылу салтанаты шағын форматта өткен.
- Монументтің ашылу салтанатында Орловка өндірістік кешенінің ардагері, Жезкент тау-кен байыту комбинатының негізін қалаушылардың бірі Ю.Г. Бондаренко құттықтау сөз сөйледі, сондай-ақ Орловка шахтасының үңгілеушілер бригадирі, "Кенші Даңқы" орденінің толық кавалері Владимир Чжан Шу Чан жылы сөздерін арнады. Одан өзге, қызмет барысында қаза болған кеншілердің жарлары да жүрек жарды тілектерін жеткізіп, гүл шоқтарын қойды, - деп мәлімдеді Бородулиха ауданы әкімдігіндегілер.Осы күні Наурыз мерекесі қарсаңында "30 игі іс" акциясы аясында әкімдік аз қамтылған бес отбасына барып, азық-түлік табыс етті.