Усть-Каменогорск
пасмурно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемен қаласында ақындар айтысы өтті

19 наурызда Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Тәуелсіздік мерейтойы мен «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасының негізінде құрылған Шығыс ауылының 10 жылдығына орай Өскемен қаласында ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында Өскемен қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Тәуелсіздік - жыр басы" жас ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасын халық, карантиндік шектеулерге байланысты, әлеуметтік желідегі ресми парақшалар арқылы онлайн тамашалау мүмкіндігіне ие болды.

Дүбірлі додаға есімдері елге кеңінен танылған ақындармен қатар, жалындаған жастар да қатысты. Бас-аяғы Өскемен мен Семей қалаларынан және Зайсан, Аягөз, Ұлан, Тарбағатай,  Көкпекті аудандарынан келген 12 айтыскер ақын мен 10 жазба ақын бақ сынады.
- Бүгінгі додаға қатысушылар жас айтыскер ақындар мен жазба ақындар. Біз оларға қолдау білдіру үшін өңірге танымалы қадірлі азаматтарды шақырдық. Кешке ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Тыныштықбек Әбдікәкімов, үш дүркін "Алтын домбыра" жеңімпазы, айтулы айтыскер ақын Мұхтар Ниязво пен жерлес айтыскер ақын, "Алтын домбыра" иегері Рүстем Қайыртайұлы қонақ болып келді. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Шағангүл Алдамжарқызы бар, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Шаһар басшысы айтыс пен мүшәйра қазақ мәдениетінде ерекше орынға ие екенін атап өтті. 

Тартысты өткен ақындар айтысында семейлік Серік Қуанғанның  бағы мен бабы қатар шапса, жазба ақындар арасынан Данагүл Исағұл тооп жарып шықты.

Ал Шығыс ауылының тұрғындары "Нұрлы көшті" жырларына арқау еткен жазба және айтыскер екі ақынға арнайы жүлде тағайындапты. Ауылдастардың "50 мың теңге" арнаулы сыйлығы да Серік Қуанғанға және жазба ақындар арасынан Қызырбек Дүргінбайға бұйырды.
Следующая →