Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

"Күленовтің" жағдайы көңіл көншітпей тұр

Куленов кентінің тұрғындары мұнда қатынайтын қоғамдық көліктердің тым сирек жүретіндігін айтып көшеге жиналды. Биліктегілерге базынасын жеткізер басқа жол таппаған жұрт тілшілерді шақырды

Кентке кіреберістен бастап көшені қардан тазарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жол жиегіндегі қар толықтай тазартылуда. Бірақ тұрғындар бұны қалалық әкімдіктің жәй "қонақ кеткенше" көрсетілген "қойылымы" деп бағалап отыр. 

Автобусты сағаттап күтеді



Күндегідей сағаттап күттірген №33 автобустың жүрісі де бұл күні жиілеген. Ізін суытпай қатынауда. Тіпті қаладағы ең жиі жүреді деген №60 пен №12 бағыттағы автобус та дәл бүгінгі №33 қоғамдық көлігінің тебініне ілесер емес. Бұл да алдыңғы "қойылымның" жалғасы екен. 
- Қоғамдық көліктердің жүру уақытын көрсететін мобильді қосымшаны ұялы телефонымызға жүктегенімізбен, ондаға ақпарат көбінесе автобустың уақытымен сай келмейді.Жүргізушіден автобустың қатынау кестесін сұрасаң, оны да бермейді. Шарасыздықтан сағаттап күтеміз. Демалыста бір-екеуі ғана жүреді. Жұмыс күндері, ары кетсе, 4 автобус қана шығады. Аязды күндері жағдайымыз тіптен қиындайды. Жылынып тұратын жылы аялдама да жоқ. Көріп тұрғаныңыздай, аялдамалардың айналасы ашық, ықтауға мүлдем жарамайды, - деді кент тұрғыны Рая Жұмажанова.
Тұрғындардың зейнетақысы мен жалақысын такси жүргізушілері қағуда. 
- Жұмыстан кешікпеу үшін такси қызметіне жүгінеміз. Жалақымыздың жартысы жолымызға кетеді. Қала мен кент аралығына, кем дегенде, 1000 теңге алады. Көбінесе 1500 теңге. Әйтпегенде жұмыстан кешігемыз. Автобус уақытымен жүрмейді. Кейде 30-40 минут күтіп, сыймай қалатын кездеріміз де бар. Кенттің ішінен бергі басына жеткенде автобус лық толып, орын болмай қалады. Бізге автобустар күнде дәл бүгінгідей қатынап тұрса ғой, - дейді Рая Жұмажанова.

Жүргізуші жетіспейді


Ал автопарк директоры Хабар 24 арнасына берген сұхбатында қоғамдық көліктердің дұрыс жүрмеуіне ауа райы қолайсыздығы мен автобус жүргізушілерінің жетіспеушілігі себеп деп отыр. 
- Негізгі жолды айтағанда, автобустар тоқтайтын ең соңғы аялдамалар мүлде тазаланбайды. Осының кесірінен жүру кестесі бұзылады. Ал ең негізгі проблема - автобус жүргізушілерінің жетіспейтіндігінде. Қазір бізде автобус тізгіндеп жүргендердің ең жасы 50-ден асып кеткен, - дейді автопарк директоры Евгений Клейн.
Қала ішіне қатынайтын қоғамдық көліктердің басым бөлігі ескі автобустар. Аталған мәселе талайдан бері күрделеніп, шешім таппай келеді. Тұрғындардың бірі карантин кезінде де автобустарда жолаушылар лық толып, сақтық шаралардың еш сақталмағандығын айтуда. 
- Пандемия кезінде әкімдік бізге ара қашықтықты сақтау керектігін ескертті. Бірақ қашықтық сақтайтындай жағдай жасаған жоқ. Автобустарда адам лық толы. Керсінше сол кездерде көлік санын көбейтпей ме? - деді кент тұрғыны Николай Дудник.
Айта кетейік, жалпы қала бойынша күніне 280 қоғамдық көлік қатынайды.
- Қалада күніне 280-ге жуық қоғамдық көлік жолаушы тасымалдайды. Оның 60-ы микроавтобустар, 200-і автобустар және 16-сы трамвай. Әр тасымалдаушымен ТҮКШ арасында келсімшарт жасалған. Шарт бойынша әр тасымалдаушы автобус қатынасы бойынша 85 пайыздық жиілікті бұзбауы керек. Егер шарт бұзылса, біз олармен келсімшартты бұзамыз. Өткен аптада қала ішінде қатынайтын №60, №13, №46 бағыттағы автобустарға жолаушылар шағым түсірді. Тасымалдаушысы қоғамдық көліктердің жөндеуде тұрғанын және 20 наурызға дейін жағдайдың толық түзелетіндігіне уәде берді, - дейді Өскемен қалалық ЖТБО директоры Аби Альменбетов.


Әкімге апарар жол



Тұрғындардың айтуынша, кентте қала әкімі тұратын көшеге ғана көше шамдары орнатылыпты. Ал одан әрі қарай қараңғы.
- Осы кентте бір емес, екі бірдей әкім тұрады. Жағдайы мызбен санасар ешкім жоқ. Қала әкімі тұратын көшенің шамдары самаладай жарқырап тұр. Ал Мұхаметжанов көшесінде тұратындардың көбі зейнет жасындағы кісілер. Ол көше қараңғы. Неге? Әлгі миллиардтап қаржы бөлініп жатыр дегені қайда? Сонда сол ақшалар халықтың емес, әкімнің жүретін жолына кетіп жатыр ма? Негізгі үлкен көшеде ғана жарық, ары қарай қараңғы. Бізге жарық керек. Мұхаметжанов көшесімен балалар мектепке, қарттар поликлиникаға барады. Жер тайғақ. Жазда шодырайып- шодырайып тасы шығып жатады, - дейді кент тұрғыны Зейнеп Естенова.
Тұрғындар кенттегі жолдардың жиегі де қардан дұрыс тазаланбайтындығын ашып айтты. 
- Журналистер келеді деп естігеннен кейін ғана қар тазалап жатыр. Бұған дейін жол жиегінде қар тазаланбаған. Тротуарды қар басып жатқандықтан үлкен жолдың шетімен жүруге тура келеді. Оқыстан тайып жығылсақ, жүйткітіп келе жатқан көліктің астына түсіп кетуіміз әбден мүмкін. Біздің қауіпсіздігімізді кім ойлайды дейсіз?! Көшенің қары облыс әкімі мен қала әкімі тұратын жерге дейін ғана күреледі. Ал мұнда біз жығылып-сүрініп, автобуста бастырылып жатамыз. Тіпті, қоқыс төгейік десек, қоқыс жәшігіне де жете алмаймыз. Сонда бізге кім қарайды? - дейді Зейнеп Естенова.

Аялдамаға аялдау қиын



Көзіміз көргендей, мұнда жылы аялдамалар жоқ екен. Тек төбесі ғана жабылып, қабырғалары тор көзделген суық аялдамалар ғана тұр. 
- Бізге жылы аялдама керек. Сағаттап автобус күткенде аязға шыдамаймыз. Осындайда кейбір көліктер жол жөнекей ала кетеді. Балаларымызға обал. Боранды күндері ықтайтын жер таба алмайыз. Ал жазда шаң-топырақтан көз ашпаймыз. Жағдайымызды сұрап келген қала әкімі жоқ. Аялдамалардың арасы өте алыс. Оның үстіне "ЖКО" аялдамасы тура жолдың бұрылысында орналасқандықтан арғы жағынан келе жатқан көлік көрмей қалуы мүмкін. Әкімдік осы мәселені де ескерсе дейміз, - дейді Зейнеп Естенова.
Кенттің мәселесі бұнымен шектелер емес. Тұрғындар кентте иесіз иттердің де көп екендігін айтуда. Тіпті сабақтан қайтып келе жатқан бірнеше баланы қауып ала жаздаған. 
- Өткен аптада қаңғыбас иттер баламды қауып ала жаздады. Құдай сақтағанда бір ер адам көріп, үйге дейін жеткізіп тастапты. Төртаяқтылар көбінесе қас қарая көше кезеді. Аш иттер бір күні адамға шаппасына кім кепіл?! Иттердің көзін жоғалтпаса болмайды. Кейбір мойнында қарғыбауы бар иттер де жүр. Иелерін таппай қойдық, - дейді Ләззат Мұратқызы.
Осы орайда ШҚО Ветеринария басқармасының "Өскемен вет" ШЖҚ КМК директоры Самат Мұхтарханұлына хабарластық. 
- Қаңғыбас иттердің көбеюіне тұрғындардың да кінәсі бар. Себебі жаз айларында саяжайларда күшік асырап, күзде өздері қалаға кетіп қалады. Қыс түсе ашыққан ит-күшік елді мекендерге ене бастайды. Сол сәттен бастап бізге адамдардан арыз-шағым түсе бастайды. Десе де, тұрғындардың өтініштерін қараусыз қалдырып көрген жоқпыз. Сол күні (16 наурыз) Куленов кентінде 12 қаңғыбас ит атылды, - дейді Самат Мұхтарханұлы.

Следующая →