Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +23°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +25°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +15°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұлан ауданындағы жер үйдің ауласын су басты

Ұлан ауданы төтенше жағдай қызметкерлері ауласын су басқан аудан тұрғынына дер кезінде көмек көрсетті

Аталған мәселе орын алғаннан кейін аудан әкімі тұрғындардан өз аулаларын қардан тазартуларын талап етті.
- Аудан тұрғыны хабарласып үйін су басу қаупі төнгенін жеткізді. Дереу көмекке төтенше жағдай қызметкерлері барып, ауладағы жиналған қар суын тазалады. Белгілі болғандай көшеден су келмеген. Ауладағы қар дер кезінде күрелмегендіктен ауа райының жылынуына байланысты су жиналған. Осыған байланысты ауданымыздың барлық тұрғындарының, әсіресе жеке үйлердің иелеріне тағы да ескерту жасаймын. Аулаларыңызды уақтылы тазалап, қарды шығарып, арықтар мен каналдарды тазалап, су өткізетін құбырларды ашу қажет. Ауа райы кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Сондықтан қардың еруіне және көктемгі су тасқынына дайын болу керек, - дейді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

Сақтық - фото аудан әкімдігінен (2).jpg
Тұрғындардың өз аулаларындағы қарды уақтылы тазартпағанын естіген әлеуметтік желі қолданушылары бұл істі жауапсыздық деп бағалады. 
- Әркім өз ауласын қардан тазартуға міндетті. Әйтпегенде ауланы су басып, үйге қауіп төндірмесіне кім кепіл?! Қардың шығарылмағаны өкінішті. Десе де, бұл жалқаулық немесе жауапсыздық, - дейді әлеуметтік желі қолданушысы Майкен Масенова.

Следующая →