Усть-Каменогорск
ясно
+2°
  • Усть-Каменогорск
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +6°
  • Кокшетау
    +8°
  • Костанай
    +6°
  • Кызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Келіні жақсы үйдің - керегесі алтын

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Жарма, Үржар аудандарында ардақты аналар мен келіндер арасында байқау өтті

Қос ауданда өткен байқаудың мақсаты көпбалалы аналарды қолдау және ене мен келіннің арасындағы сыйластықты арттыру. Отбасын сақтап, дәстүрді насихаттау.

Үржар аудандық мәдениет үйінде көпбалалы аналар арасында өткен "Аналар ардақты, баласымен бақытты" атты байқауға Үржар ауданының әкімдігі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тірекеу бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мұрындық болған. Байқауда Үржар, Таскескен, Мақаншы, Алтыншоқы, Айтбай, Қаратал ауылдарынан келген көпбалалы аналар бақ сынасты. 

Байқаудың соңында аудан әкімінің орынбасары Әлия Сарбаева жылы лебізін білдіріп, аналарды құттықтады. Байқау жеңімпаздарына аудан әкімінің дипломы мен бағалы сыйлықтары табыс етілді. Нәтижесінде бас жүлде Салима Қалдыбаеваға бұйырса, 1-орынды Гүлжан Мақсат пен Ақбота Үсенова, 2-орынды Венера Шаршембиева мен Дәметкен Досымханова, 3-орынды - Айнұр Кибижанова мен Рашила Сырлыбаева өзара бөлісті. 

Ал Жарма аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен өткен "Келіні жақсы үйдің - керегесі алтын" атты онлайн ене мен келін сайысы өтті. Тәлім-тәрбиеге толы сайыс нәтижесінде бас жүлдені Шар қаласынан келген енесі Миргуль Балықпаева мен келіні Мансия Балықпаева иеленсе, 1-орын Қаратөбе ауылынан келген Раушан Рүстемова мен Алинура Айдарбекова, Шар қаласынан Алтынбүбі Дүйсенбаева мен келіні Мейрамгуль Касеноваға бұйырды, ал жүлделі 2-орынды Жарық ауылынан келген Мақпал Жұматайқызы мен Жанар Байченова иеленді.

Следующая →