Оқушылар Үржардағы суық мектепте оқуға мәжбүр
Үржар ауданы Айтбай ауылының тұрғындары ауылдағы мектептің қыс бойы қатты суық болғандығына наразы. Тіпті аязды күндері сыныпта мектеп формасымен отыруың өзі мұң дейді
Қыс қаһарына мінгенде жылу жүйесі тозған кейбір мекемелер салынқ тарта бастады. Солардың бірі - Айтбай ауылындағы Тұрсабеков мектебі. Қыс басталса мектептен жылу қашып, оқушылардан күйіс кетеді. Тіпті ата-аналар да балаларының денсаулығына алаңдаулы. Аталған мектептің жылу жүйелері әбден ескірген сыңайлы. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жылу батареяларының ауыспағанына жеті жылдай уақыт болыпты.
Мәселені аудан әкімдігі де, аудандық білім бөлімі де біледі. Бірақ еш өзгеріс болмапты. Ашынған тұрғындар облыс әкімінен көмек сұрауда.
Следующая →
Мәселені аудан әкімдігі де, аудандық білім бөлімі де біледі. Бірақ еш өзгеріс болмапты. Ашынған тұрғындар облыс әкімінен көмек сұрауда.
- Ауылымыздағы Тұрсабеков мектебі биыл өте суық болды. Негізінде бұл жайында аудан әкімі Нұржан Тілеужанұлы біледі. Мектептегі жылу жүйелері оңтүстік жақтың нұсқасымен салынған. Біздің шығысқа мүлдем келмейді. Оның үстіне батареялар 7 жылдан бері ауысқан емес. Оны біз ауыл болып аудан әкіміне айтқанбыз. Балаларымыз биыл тоңып шықты. Ауру болып қалмасына кім кепіл? Аудан әкімдігі көмектесуге қауқарсыз, енді сізден көмек сұрап жазып отырмын. Сол мектепте 4 балам оқиды. Мектебіміз жақсы, тек суық. Аудан әкімі тоқты үзбей қосуды айтты. Бірақ сонда да суық. Мектебімізге жаңадан жылу батареяларын орнатып берсеңіз. Ана болған соң және сол мектебімізде жұмыс істеп жүрген соң балаларымыздың денсаулығына алаңдаймыз, - дейді ауыл тұрғыны.Аудандық білім бөлімі де бұл мәселеден хабардар. Бюджеттен қаржы қарастырылса, жылу батареяларын ауыстырамыз дейді.
- Жылу батареяларын сабақ кезінде ғана қосып отырмыз. Сабақ жоқ кездерде өшіріп, қалыпты температураға қоямыз. Үнемі қосып қойсақ, ток сымдары шыдамай жанып кетеді. Тұрғындар сол кезді айтып отыр. Десе де, батареялар ескіргендіктен жылу дұрыс шашпайды. Қосымша жылу қойылды. Жылу баареяларының жылу шашу күші бес жылдан кейін азаяды екен. Қазір облыстық әкімдікке жылу жүйесін жаңарту туралы ұсыныс жібердік. Егер қаржы бөлінсе, мәселені шешетін боламыз, - дейді Үржар аудандық білім бөлімі секторының меңгерушісі Ержан Тұрсынғазыұлы.Мектептегі жылу жүйелері жоба бойынша салынған екен. Бірақ жобаның жолда қалдырарын кім ойлаған.
- Мәселені аудан әкімі өзі келіп көрген болатын. Мектеп салынғанда ғимаратқа жоспар бойынша теплофон орнатқан. Жылу батареялары ескірген соң жылыта алмай тұр. Бірақ оқушылар оқитын кабинеттер жылы. Тек дәліз бен спорт залы ғана суық. Қазір балалар мектепке келіп оқып жатыр. Барлық мәселе қаржыға келіп тіреліп тұр, - дейді Алтын шоқы ауылдық округінің әкімі Еркін Сайлаубекұлы.Тұрғындар мәселе биыл да шешім таппай қала ма деп алаңдаулы. Көктем келгенімен, күн жылына қоймасы анық. Аудан шенділерінің облысқа жайған қолдары да әзірге құр алақан. Шарасыз тұрғындары өтініштерін облыс әкімінің парақшасына жазды. "Міне" деп бере қоймаса да, арызын аймақ басшысына жеткізген ата-аналар көңіліне үміт ұялағандай болды.