Усть-Каменогорск
ясно
+16°
  • Усть-Каменогорск
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +23°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +25°
  • Караганда
    +17°
  • Кокшетау
    +15°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскемендегі Онкология және хирургия орталығындағы жөндеу жұмыстарында кемшіліктер бар

Аймақ басшысы Өскемендегі Онкология және хирургия орталығының жұмыстарын тексерді. Тексеріс барысында жөндеу жұмыстарына байланысты олқылықтардың әлі де бар екенін айтты

Даниал Ахметовтің айтуынша, аталған орталық жабдықталу бойынша да, дәрігерлер мен пациенттер үшін қолайлы жағдай жасау бойынша да әлемдік деңгейдегі ауруханалардан кем түспеуі керек. Орталық үшін сатып алынған жабдық JCI әлемдік стандарттарына сәйкес келеді, демек ғимараттағы жөндеу жұмыстары да соған сай болуы тиіс.
- Тексеру барысында мен жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар кемшіліктерді анықтадым. Мәселен, линолеумнің дұрыс түйіспеуі және медициналық қабырға панельдеріндегі бос орындардың болуы. Құрылысшыларға ескертулерді қысқа мерзімде жоюды тапсырамын. Осыдан кейін КТ-ны 128 бөлікке және ең заманауи МРТ-ның бірі "Signa Architect 3.0 T" орнату жұмыстары басталады. Бұл онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді. Сызықтық үдеткішті орнатуға дайындық жүргізілуде, оның көмегімен қашықтықтан сәулелік терапия мен радиохирургиялық араласулардың барлық түрлерін жүргізуге болады, - дейді Даниал Ахметов.
Биыл онкологиялық орталықтың алты қызметкері жарты жылға үздік әлемдік клиникаларда білім алуға және өз біліктілігін арттыруға барады. 
- Айта кету керек, денсаулық сақтауды дамытудың кешенді өңірлік бағдарламасы аясында 300-ден астам медицина қызметкерлері оқыту мен тағылымдамадан өтті, - дейді аймақ басшысы.
Следующая →