Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Алтай ауданын су басса, халық қайда барады?

Алтай ауданының әкімі көктем кезінде су басып қалуы мүмкін объектілердегі алдын алу жұмыстарын тексеріп қайтты

Көктемгі су тасқыны әсіресе шет жақта және жеке секторда тұратын тұрғындар үшін қауіпті.
- Вторушка өзеніндегі суарқалықтар, Алтай қаласының сорғы станциясына бардым. Тексеру барысында жауапты тұлғаларға Вторушка өзенінің жағалауын үймелеу, ұлғайту және бекіту бойынша қосымша шаралар қабылдау жөнінде, көпірдің үстіне арнаны бұру құрылғысын жасауға, су деңгейі көтерілген және су арнадан асқан жағдайда сорғы станциясына қосымша сорғыш орнатуға тапсырма бердім, - дейді аудан әкімі.
Аудан әкімі ауа райы жағдайына қарамастан аудан су тасқыны іс-шараларына дайын екенін жеткізді. 

"Жаман айтпай, жақсы жоқ" дегендей, көктемгі тасқын болған жағдайда адамдарды орналастыру үшін эвакуациялау бекеттері де дайын тұр.
- 150 адамға арналған Алтай ауданының №11 жалпы білім беру орта мектебі базасындағы эвакуациялау бекетінде және 20 адамға арналған Алтай ауданының мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында болып қайттым. Мекеме басшылары уақытша орналастыру бекеттерінің дайындығын көрсетті. Бөлмелер барлық қажетті заттармен жабдықталған. Мекемелер басшыларына эвакуациялау бекеттерінің кірме жолдарын қардан тазалауды тапсырдым, - деді Қалиқан Байғонысов.
156504531_499423834794650_6832685848035078385_o.jpg
Следующая →