Усть-Каменогорск
ясно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -4°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -8°
  • Костанай
    -8°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Уральск
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Зайсанның ауруханасында жатқан науқас Өскеменге ұшақпен жеткізілді

Бұған дейін Зайсан ауданында жол апатына түсіп, ауыр жағдайда аудандық ауруханада жатқан жігіт туралы жазған болатынбыз

Туыстары Өскеменнен санавиациялық ұшақ келмей жатқанын айтып, құзырлы мекеме басшыларына бейнеүндеу жасаған еді. 

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпанда "Омбы-Майқапшағай-Тасбастау-Ақжар" тасжолының 33-шақырымында LADA автокөлігінің жүргізушісі ауа райының қолайсыздығын ескермей жолға шығып, КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан ауыр жарақат алған екі баланы санавиациялық ұшақ қалаға алып кеткен. Ал 28 жастағы жүргізушінің жағдайы ауыр болғандықтан дәрігерлер науқасты ұшақпен ұшуға болмайтынын айтып, рұқсат бермеген. Оның үстіне бірнеше күн қатарынан облыста ауа райы құбылып, ұшақ ұшуға жағдай болмады. Дегенмен облыс орталығының дәрігерлері Зайсан аудандық ауруханасындағы мамандармен үнемі байланыста болып, науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстаған.

- Үш-төрт күн бұрын Өскеменнен санавиация келіп алып кетті. Есін жиып, жағдайы жақсарып келеді. Ал апатта болған екі бала ауруханадан үйлеріне шығарылды, - деп қысқа қайырды Тілеубектің ағасы Қалелхан Ыбырайханұлы.
Следующая →